Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Тормен өрмеленген әлеуметтік медиалар

Батыстың медиа бизнес әлемінде баяу төңкеріс болып жатқан көрінеді - кенеттен ең консерваторлық басылмдар "әлеуметік медиа" атты жаңа каналдың БАҚ арасындағы танымалдылығының өсуін ғана емес, тіпті нық орналасқан орнын талқылауда. Және талқылап қана қоймай, жаңа әлеуметтік технологияларды еңгізуде.

Бұл туралы хабардар адамдар антропологиялық ілгерілеу туралы сөз қозғайды, яғни әлеуметтік медиа танымалдылығының өсуі біздің қоғамның әлеуметтік құрылымының, біздің қарым - қатынас жасауымыздың толық өзгеруіне әкеліп соқты.
Facebook, Youtube, Wikipedia, Twitter, блогтар - бұл мәдени төңкеріс. Әлеуметтік медианы жақтаушылардың пікірі бойынша дарвиндік тізбекті "ақыл иесі бар адамнан" кейін "әлуметтік адамды" батыл қосып жалғастыруға болады. Визуалды ол былай көрінеді - Y немесе Z буынына тән кейіпті жас бала бүкірейіп алып, клавиатураға төніп виртуалды достарымен араласып немесе блог жазып отыр.

Егер де, мысалы, радиоға 50 миллион тұтынушы жинау үшін 38 жыл, телевизияға - 13 жыл, ал Интернетке - 4 жыл кетсе, Facebook сайтына ("сыныптастардың", "контактінің" және "менің әлемімнің" батыс аналогы) 100 миллион тұтынушыны жинау үшін 9 ай ғана жұмсалды. Тағы бір айта кететін статистика - егер де Facebook ел болса, онда ол тұрғындарының саны бойынша әлемдегі төртінші ірі ел болар еді - қазірдің өзінде сайтпен 300 миллионнан астам адам қолданады.

Бүгінгі таңда әлемдегі Google-дан кейінгі қолданатын екінші іздестіру сайты болып Youtube табылады. Youtube-те барлығын - жақында көрсетілген бағдарлама мен бейне клиптердің қайталауынан макияж жасау мен гитара ойнауға үйрететін бейне нұсқауға дейін бар. Адамдар бейнеконтентті хабар тарату кестесіне сәйкес емес, кез келген уақытта көре алады. Көбі теледидар арқылы телебағдарламаларды көруді доғарды, өйткені кез келген бағдарламаны кейінірек онлайн жүйесінде көруге мүмкіндік бар. Сонымен қатар Youtube-те әркім өзі бейне жасай алады, оны ары қарай достарымен алмастырып, басқалардың жасаған бейнесін де көре алады. Жаңалықтар жиі дәл осы Youtube-те бірінші болып шығып жатады, оған мобилді камералар мен интернетке кіру мүмкіндігі септігін тигізуде.

Электронды ақысыз Wikipedia энциклопедиясы 13 миллионнан астам тұтынушылармен дайындалған мақалалардан тұрады. Мұнда қажеттінің барлығын табуға болады. Кейбіреулер Wikipedia нақтылығы жағынан белгілі Британдық Энциклопедиядан асып түседі деп санайды.

Twitter құрамына микроблоггинг және әлеуметтік медианы біріктіреді - дәл сол Facebook, бірақ сығылған мобилді нұсқасы. Сіз пікірлеріңізбен немесе жаңалықтарыңызбен бөлісе аласыз, бірақ сіздің әрбір жазбаңыз 160 таңбадан аспауы тиіс. Жаңартуларды өзіңіздің интернет бетіңізге мобилді телефоныңыздан да жібере аласыз. Twitter-ді көптеген шоу бизнес жұлдыздары пайдаланады (Деми Мур мен Стивен Фрай - бұл саланың ардагерлері). Аса креативті бизнес салалар да (мысалы жарнама агенттіктері) Twitter-дің жарқын қолдаушылары. Оның интерактивтілік деңгейі өте жоғары.

Тағы бір ірі өкіл - бұл блогтар, олардың саны әлемде 200 миллионнан асады. Мен оны технологиясы жағынан дұрыс түсіндіре аламын деуге күмәнданамын. Бірақ менің ұғымым бойынша, бұл жеке электронды алаңшық немесе тақта сияқты, онда барлығын жазуға болады. Былайша айтқанда, әлеммен өз біліміңмен бөлісуге болады. Қазір мен өз басым маркетинг ақылгөйі, қаржы басқару маманы, тайм менеджмент сарапшысы, өзімнің жұмыс берушімнің блогтарына жазылдым, ал кеше ғана мен өзім қауымдастыққа қосылып, өмірімде алғаш рет 2 блог жаздым. Негізінде, қазір сіздер оқып отырғанның өзі - блог.

Жоғарыда айтылғанның барлығы - әлеуметтік медиалардың және олардың түрлерінің кейбіреуі ғана.Олардың барлығын біріктіретін бірнеше сипаттар бар - шапшандық, интерактивтілік, әлеуметтік сипаттама және вирустілік (сарафандық радионың әсері), пайдаланушының каналды бақылауы, өзінің контентін құру қабілеттілігі, мобилділік (әр-түрлі құрылғылардаң кіру мүмкіндігі). Әлеуметтік медиалар әрбір адамға өзінің 5 минуттық мәртебесін татуға мүмкіндік береді. Рационалды адамның тұжырымдамасы теориялық экономикада қайтадан қарауды талап етеді. Әлеуметтік медиада қолданушылардың қозғаушы құралы әрқашан табыс бола бермейді. Әйтпесе Wikipedia-да миллиондаған мақалалар қайдан пайда болар еді. Ықлас, ықпал, қадірлеу - осылар әлеуметтік медиа әлемінің жаңа ақша түрлері.

Егер кімде - кім болып жатқан әлеуметтік ілгерілеуге күмәнданса, әлеуметтік медиалар танымалдылығы жағынан Интернеттегі порносайттарды да озып кеткенін есінде сақтасын. Сіз осы жолдарды оқып жатқан сәтте, ғаламшар тұрғындарының бестен бір бөлігі әлде бір жерде әлде бір әлеуметтік сайтқа кіріп, компьютер немесе мобилді телефон арқылы өздерінің профилдерін тексеріп, блог жазып, чатта достарымен араласып немесе өздерінің әлеуметтік тордағы мәртебесін жаңартып жатыр.

Осының барлығы бұқаралық медианы тұтыну мақсатын өзгертеді. Баспа басылымдардың және телеканалдардың бірқатары толығымен онлайн - үлгіге ауысты, ол баспаны қолмен теру немесе хабар тарату қажетінсіз өз бетінше жұмыс істей береді. Қалғандары онлайнда отыруларын жоғары деңгейлі интерактивтілік арқылы көрсетеді, яғни контентті жарияланған мезгілден немесе хабардар болғаннан кейін көру мүмкіндігі, оған түсіндермелер қалдыру мүмкіндігі, оны достарымен бөлісу, әлде бір авторлар үшін дауыс беру, баспалар өкілдерімен тілдесу мүмкіндіктері арқылы.

Іс жүзінде барлық баспа басылымдарда таралым көлемінің төмендеуі байқалады, өйткені жаңалықтармен танысу түрі өзгерді - егер де бұрын қолданушы жаңалықтарды өзі іздесе, қазір жаңалықтар өздері қолданушыларды табады. RSS, Twitter, Youtube - көз ілеспейтін жаңалықтарды береді, олар электронды каналдар арқылы және жиірек кәсіби мамандардан гөрі қарапайым қолданушылардан келіп жатады. Блоггерлер журналистік білімсіз де ірі баспаларға мақалалар жазады. Мысалы, CNN көрермендерден келетін жаңалықтар мен оқиғалардың iReport-тын еңгізді. Басқа ірі телеканалдар жиірек Youtube-тағы қатарлы қолданушылардың түсірген бейнесін қолданып жатады.

Әлемде шынымен - ақ ауқымды тектоникалық ілгерілеу болып жатқан көрінеді. Ақпаратты тұтыну әдісі, қарым-қатынас әдісі өзгеріп жатыр, нәтижесінде БАҚ өзгереді деуге болады. Бірақ үрдіс БАҚ-рын ғана қозғап қойған жок.

British Telecom телекоммуникациялық алыпы Twitter бойынша қызмет көрсету үлгісін тестілеуде. Проблемаларыңыз бар ма? Қойған сұрағыңызға әп-сәтте жауап аласыз. Мерседес Бенц осы жылдан бастап өзінің ауқымды жарнама бюджетінің жартысын (ал ол өте көп) сандық маркетингке бермек. McDonalds ұранын ауыстырады, себебі бұрынғысы әлеуметтік торлар форматына сәйкес келмейді. Ford блоггерлермен жаңа машина маркасы жайлы кеңеседі. Procter & Gamble жарнамалық бюджетін сандық каналдарға көздеп, қайта бағаламақ. Тіпті консерваторлық қаржы секторы шетте қалып қоймайды - American Express өзінің Facebook-тегі бұрынғы тұрғылықты бетін өзгертуді шындап қолға алды. Компания жаңалықтарын бірінші болып ала алатын жазылушыларды (Facebook-те оларды "фандар" деп атайды) еңгізеді.

Негізінде мұның мағынасы бар. Компаниялар тұтынушылар бар жерге барады. Өнім мен қызмет түрін таңдау кезінде тұтынушылар жарнамадан гөрі көбірек өздері сияқты тұтынушылардың онлайн шолуларына сенім білдіреді. Егер алдыңғы қатарлы әлемнің ақпарат іздестіру сайттарынан атақты 20 әлемдік брендтер аттарын іздесек, табылған нәтижелердің төрттен бір бөлігі тұтынушылардың өздері құрастырған контент болады. Яғни сын - пікірлер, шағымдар, реакция мен пікірлер. Компания болып, сіз мұны ескермеуіңіз мүмкін, алайда белгілі бір уақытқа ғана дейін.

Әлеуметтік медиа әлемінде тұтынушылар зерттеулерінің іс жүзінде қажеті жоқ - сіз тұтынушымен ағымды уақыт барысында қатынайсыз. Ол сізге міндетті түрде және көп ұзамай сіздің өніміңіз немесе қызметіңіздің несі және қай жерде бұрыс екенін хабарлайды. Тұтынушыны телефон немесе жеке кездесу - негізгі коммуникация каналы ретінде енді қанағаттандырмайды, оған ыңғайлылық, яғни көпканалдылық қажет, сонымен қатар әлеуметтік медиа арқылы қатынасу мүмкіндіктерін талап етеді. Тұтынушы теледидар көруден гөрі уақытын онлайнда көбірек өткізеді және электрондық почта мен жаңалықтар сайтына қарағанда артығырақ әлеуметтік медиаларда қарым-қатынас жасағанды, тауарландырғанды, ойнап, ақпарат оқығанды қалайды. Егер сіздің жарнамалық стратегияңыз теледидар мен баспа жарнамасы аясында құрылған болса, сіздің ақшаңыздың зая кетіп жатқаны деген сөз.

Қазақстанда мұндай ауқымды өзгерістер әлі жоқ, бірақ сыныптастарда, менің әлемімде, контактта, Facebook-те, Центр Тяжести-де және басқа да әлеуметтік қорларда біршама тұрғындардың бөлігі отырып, уақыттарын өткізеді. Себептері тұрғысынан көп дауласуға болады. Әлбетте осал Интернет инфраструктурасы телекоммуникациялық монополизм жағдайында көптеген медиамен жабдықталған қорларға кіруге мүмкіндік бере алмайды (мысалы сол Youtube-тің өзін Қазақстаннан көру - үлкен азаб). Мүмкін қазақстандықтар жеке катынасты бағалайды және сондықтан онлайнда отырған уақыттан гөрі тірі кездесуді калайтын шығар. Y және Z буыны саны жағынан беби бумерлерді асқан жоқ. Қалау ағылшын тілді ресурстардан гөрі орыс тілді ресурстарға беріледі. Тағы да сол сияқты.

Дегенмен - төңкеріс болып жатыр. Ол Қазақстанға жетеді ме және кандай формада жетендігі - бізді қызықтыратын сұрақ. Бақылап көрейік. Қазір бұл жай туралы өзімнің блогыма жазамын.

Лола Асқарова, маркетинг және стратегия жөніндегі кеңесші

28 октября 2009 | Просмотров: 2 777 | Шетелдік тәжірибе | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді