"Kazakhstan open - 2011" кезекті 7-ші халықаралық гольф турнирі қарсаңында біз "Nurtau" Гольф клубының гольф-директоры, турнир директоры, қазақстандық гольф негізін қалаушылардың бірі Константин Лифановпен әнгімелестік.
Рақым Қадыров: “Қазақстанда сақтандыру жаңа белестерден көрінеді деп үміттенемін”
Өткен жылдын нәтижелері бойынша сақтандыру нарығы кейбір сарапшылардың пессимистік болжамдарына қарамастан едәуір дамыды. Сақтандыру секторы мен елдегі бүкіл қаржы жүйесіндегі бұл нәтиженің себептері мен алдыңғы жылдардағы даму болашағы жайлы біз "Amanat Insurance" СК АҚ Басқару Кеңесінің Төрағасы Рақым Қадыровпен сұхбаттастық.
Қазіргі заманда адам, оның денсаулығы мен қауіпсіздігіне елеулі әсер ететін, оған үнемі қатер төніп турған жағдайда өмір сүреді. Табиғат сүргіндерінен, өндірістік апаттар мен зілзалалардан, әлеуметтік күйзелістер мен адам кінәраттарынан (ішімдік, есірткі және шылым) басқа, не түсі, не иісі жоқ, адам денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатерлі жау бар, оның атауы - радиация.
Әрбір қатерді адекватты қабылдаудың міндетті шарты - ол туралы жетімді, түсінкті объективті ақпарат алу болып табылады. Егер радиация туралы сөз қозғасақ, онда радиация барлық жерде кездесетіндігін және цивилизация дамуының сонау басынан адаммен қатар жүріп келетіндігін түсіну қажет. Адам "радиация теңізінде" өмір сүреді, ол әрқашан адаммен бірге. Бүгін біз "Қорғау, қауіпсіздік және бақылау Орталығы" ЖШС атқарушы директоры Насыров Наджат Исмаиловичпен тұрғындардың радиациялық қауіпсіздік проблемалары жайлы әңгіме қозғаймыз.
Қуат Домбай: “Корпоративті принциптер ішкі де, сыртқы да аудитория үшін бірдей болуы тиіс”
Кейбір адамдар бар, олармен әңгімелесу өте қызықты. Неге? Өйткені олар күн тақырыбындағы өзекті сұрақтарға өздерінің жауаптарын іздейді. Ол білім мен тәжірибеге негізделген жауаптар. Сөз жоқ, Қуат Домбай, HSBC Bank Kazakhstan корпоративті қарым-қатынастар қызметінің басшысы және "PRшы" Клубының негізін салушы - осындай мамандардың бірі. Толығынан оқу
Бүгінде басылымдардың таралым көлемі, жарнамадан түсетін табысы күрт төмендеуге ұшырады. Ал іскер басылымдар ең көп жапа шегетін БАҚ-на жатады. Оқырмандар мен жарнама берушілер біртіндеп ғаламторға көшуде. Қаржы дағдарысы жағдайды одан сайын күрделете түсті. Қыркүйек айында 1946 жылдан Гонконгта шығатын ең ежелгі азиаттық экономикалық "The Far Eastern Economic" журналы банкротқа ұшырады. Әлемнің 140 елдерінде таралатын, беделді "Business Week" журналы шілде айында табыстың және оқырман аудиториясының қатты қысқаруынан сатылуға қойылды. Осы сияқты бірқатар мысалдарды ары қарай келтіре беруге болады. Іскер журналистика мен іскер журналдардың болашағы қандай болмақ? "The Economist" журналының Континенттік Европа, Таяу Шығыс және Африка аймақтарындағы бренд менеджері Шарлотта Когхиллмен сұхбат барысында біз осы сұраққа әлемге әйгілі және танымал журнал жетістігінің тарихына сүйене отырып жауап іздедік.
Доктор Рафис Абазов: “Қазақстанға жоғары білікті мамандар, соның ішінде шетелдік мамандар қажет”
Біріккен Ұлттар Ұйымының 2010 жылға арналған болжауына сәйкес, Қазақстандағы халықаралық мигранттардың үлесі республика тұрғындарының 19,5 %-н құрайды. Бұл - Қазақстанның әрбір бесінші тұрғыны шетелдік мигрант деген сөз. Бұл көрсеткіш әлемде ең көп мигрант қабылдайтын мемлекет - АҚШ-тан да жоғары. Мәселен, 42,8 миллион мигрант Америка тұрғындарының 13,5 %-н құрайды. Сондай-ақ, АҚШ-пен және басқа да дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, Қазақстанның нақты миграциялық саясаты жоқ. Доктор Рафис Абазов Қазақстан Австралия мен Канаданың тәжірибесін алуы, сонымен қатар қытайлық миграциядан қорықпауы керек деп есептейді. ТМД елдеріндегі миграция мәселелері бойынша сарапшының басқа да ұсыныстары - Динара Түсіпованың арнайы BizMedia вебсайтына арналған сұхбатында. Толығынан оқу
Бақытжан Жұмалиева: “Өзгені білу арқылы - өзіңді танисың”
Душанбе қаласында шілде айының 21-і мен 31-і аралығындағы он күндікте мемлекеттік және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін тәжік журналистеріне арналған тренинг өткізілді. Экономикалық журналистика Мектебінде жиырма қаламдасымыз баспа және электрондық ақпарат құралдарында экономика мәселелерінің жазылуы негіздерін үйренді. Қазақстанның белгілі бизнес журналисі аталған Мектептің бапкері Бақытжан Жұмалиева "Центр Деловой Журналистики "BIZ MEDIA" қоғамдық қоры cайтының қолданушыларымен осы тренинг жөніндегі ойларымен бөліседі.
Ирина Галкина: “Нарықтағы біз алатын орын толығымен бос”
Сәуір айында Қазақстан нарығына қаржы, телекоммуникция, білім беру, медицина және т.б. әртүрлі қызмет түрлері мен өнімді тұтынушыларға арналған "Миллионер" атты Республикалық-ақпараттық жарнама газеті жарыққа шықты. Жаңа басылым шығарушылар пікірінше, бұл басылым оқырмандарға қаржы әлемі төңірегінде ақпарат беріп, түсінік қалыптастырады.
"Миллионердің" бас редакторы бұрын "Ленинская смена", "Караван", "Эксперт Казахстан" газеттері мен "KIT" Іскер журналистер ортасында жоғары қызметте болған Ирина Галкина.
Марат Заиров: “Дағдарыс қалыптасқан стереотипті өзгерте алады”
Ағымдағы жылы бүкіләлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстанның банк жүйесінде өзгерістерорын алды. Бұл туралы сөз 17 наурызда өткен "BizMedia" Іскерлік Журналистика Орталығы" Медиа-клубының отырысында қозғалды.
Оған спикер ретінде "Нұрбанк" басқармасының төрағасы Марат Заиров қатысты. Кездесу кезінде Заиров мырза BizMedia сайтының сұрақтарына жауап берді.
Журналистердің Марат Заировпен кездесуінің аудио-жазба үзінділерін мына жерде тыңдай алуға болады:
Александр Новиков: “…Іскерлік ақпаратқа деген қызығушылық көпшіліктің назарын өзіне аудартады”
Қазақстанның іскер БАҚ-на 2009 жылдың ақпан айынан бастап "Фокус" атты іскерлік басылым шыға бастағаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Газеттің бұл шығарылымына деген үлкен қызығушылық екі себепті ескертеді. Біріншіден, Қазақстанда бизнес-басылым алғашқы рет шығарыла бастады, екіншіден, "Фокус" газеті нарыққа әлемдік дағдарыстың қолайсыз сәттерінде шықты. Осы себептерге байланысты "Фокус" іскерлік басылымының бас редакторы Александр Новиков: ""Фокус" басылымы керекті кезінде, қажетті орнында шығарыла бастады", -дейді.