Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
"Меніңше қазір іскер журналистиканың жедел даму кезеңі"

Kozybaev SagymbayАкадемик Сағымбай Козыбаев заң жүзінде қазақстандық журналистиканың негізін салушыладың бірі болып саналады. Аль-Фараби Қазақ Ұлттық университетінде 35 жыл қызмет ету барысында көптеген жастарымыз оның қолынан кәсіби журналистикаға жолдама алды. Бүгін Біз Журналистика Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаевпен ақпан айының алғашқы күндерінде болған әңгіме үзіндісін "Интервью" айдарымен ұсынамыз.










- Сағымбай Қабашевич, Сіз бүгінгі журналистиканың жағдайын қалай бағалайсыз?

- Біріншіден, тәуелсіздік дәуірінде отандық журналистика бірнеше кезеңдерден өтті. Бүгінгі күні 6000 мыңға жуық БАҚ-ры тіркелді, оның ішінде 2500-ге тарта газет пен телеарналар жемісті еңбек етуде.
Нарық пен демократизация қазіргі журналистикаға көптеген жаңалықтар алып келді. БАҚ-да қаржы тақырыбы мен саяси-әлеуметтік жағдайды қозғайтын аналитикалық басылымдар кең тарала бастады. Сонымен бірге, оқырман және оның лояльділігі үшін бақталастың күшеюі ерекше сәттердің бірі болып саналады. Бұл редакция журналистерін күнделікті материалдың сапасы бойынша жұмыс істеуге, қол жеткен жетістіктермен шектелмей, қоғамға қызықты жаңа ақпараттар іздеуге жұмылдырады. Бұлай етпесе, мол жетістікке жету мүмкін емес.
Бұл республикалық басылымдарға ғана қатысты емес. Өз көзқарасымен шектелмей, баспасөз беттерінде республиканың маңызды мәселелерін көтеретін аймақтық баспасөз жедел дамуда. Сонымен бірге бүгінгі күні мемлекеттік тілде іскер журналистикаға өту үрдісі жүріп жатқанынын айтпай кетуге болмайды. Бизнестің бұл үрдістен шет қалмағанына мен өте ризамын. Қаржы тақырыбын кең көлемде зерттеп ашу мақсатында 2008 жылы Альянс Банк БАҚ-ры арасында мемлекеттік тілде "Қалам-Қаржы" атты екінші байқау өткізді. Қаржы тақырыбы журналистикада өте күрделі болғанымен, біз көптеген маңызды және өте қызықты ақпартаттарға куә болдық. Мұнда журналистік білім азшылық етеді. Сонымен бірге бұл тақырыпты жақсы талдай алуын керек, экономикалық теорияны білу мен экономикалық білім көптік етпейді.
Бүгінгі таңда қазақстандық іскерлік журналистика құрылды десек, арттық айтпаймыз. Бізде осы тақырыпта қорғаған ғылым докторы бар. Ол - жақында ғана қазақстандық журналистиканың даму мен қалыптасу мәселесі жөнінде докторлық диссертация қорғаған Шарван Нұрғожина. Әлемдік қаржы-экономика дағдарысының салдары іскерлік журналистиканың одан әрі дамуына кедергі тигізбейтініне мен сенімдімін.

-
Дағдарыс жөнінде. Қазіргі қиындықтар бизнес-журналистикада байқала ма?
- Қазір іскер журналистиканың жедел дамыған кезеңі. Біз іскер журналистиканың ауқымы кеңейгенін, тақырыбының тереңдетілгенін және маңызды әлемдік мәселелер жөнінде журналистердің ашық тілдесе алатынын аңғардық.
Сонымен қатар, қаржы дағдарысы іскерлік журналистиканы сапалы өсуге итермелейтініне көзіміз жетті. Сапалық қарым-қатынаста бізде іскерлік журналистика бар, енді ол сапалы қарым-қатынаста өсіп дамиды.

-
Сағымбай Қабашұлы, Сіз 35 жылдан астам жас жураналистерді тәрбиелеу ісімен айналысып келесіз және көптеген жураналистер Сіздің шәкірттеріңіз болып табылады. Бүгінгі студенттер мен 80-жылғы студенттер арасында айырмашылықтар бар ма?
- Оңды және теріс жақтары да бар. Оңды жақтарынан бастайын. Бұрын Қазақстан территориясында журналистерді даярлайтын бір ғана факультет болатын. Шығыс Кеңес одағында төрт факультет: Алматы, Ташкент, Иркутск және Сведловск қалаларында болатын. Бүгінде тек Қазақстанның өзінде журналистерді даярлайтын жиырма үш факультет бар. Олардың арасында журналистік білім беру ісінде бұрмалаушылық орын алуда. Өкінішке орай мұның бізге қатысы жоқ. Қазіргі кезде журналистикада сырттай оқу бөлімі мен кешкі оқу бөлімі жоқ, сонымен қатар аспирантура да алынып тасталынған. Бізде бір ғана жураналистика факультеті болған кезде іріктеу сыны өте қатаң түрде өтетін. Журналистика факультетін 20-25 жыл бұрын тәмамдаған түлектер туралы біз зор мақтанышпен айта аламыз.
Қазіргі жастар кітаптарды өте сирек оқиды, олар "компьютербасты" болып кеткен. Қазір жаңа дәуір мен жаңа технологиялар кезеңі болғандықтан, өзіндік ерекшеліктері бар. Бүгінгі студенттеріміздің кітап оқымауы - бұл жақсылыққа алып келмейді. Кітап - бұл уақытпен дәлелденген классика өлшемі. Қағаз бетіндегі жарияланған дүниелерге бірнеше жылдан кейін қайтадан оралуға болады.
Сонымен бірге нарық шыңдығы мынада, қазіргі жастарымыздың көбі ақшамен оқиды. Міне осының өзі білімге деген көзқарасты өзгертеді. Мен осыған қатты қынжыламын. Осындай көзқарас студент пен оқытушы арасында жақсы қарым-қатынас орнауына кері әсерін тигізеді.
Екінші жағынан, бүгінгі күннің жастары жаңа технологияны тез меңгеріп кетеді, Біз сандық технологияның телеарнада қалай тез енгізілгенін көреміз. Ал студенттер мұны тез қабылдайды, бұл, әрине, жақсылықтың нышаны. Сонымен қатар жастар өздерінің 70-жылғы, 80-жылғы әріптестері секілді педагогтермен жеке қарым-қатынас жасауға ұмтылады, бұл, әрине, өздерінің шеберлік мектебі.
- Журналистика саласының болашағын көз алдыңызға қалай елестетесіз?
- Әрине, өте күрделі сұрақ. Біреулер бүгінгі журналистиканы "төртінші билік" деп атаса, кейбіреулері "билік қызметшілері" деп атайды. Бұл жөнінде атаулар өте көп. Бүгінде талас тудыратын сұрақ: журналист қандай болу керек? Әңгімелесушінің алқымынан алатын әдепсіз болу керек пе? Әлде өзіне қатынасы бар адамға әдептілікпен, жауапкершілікпен қарау керек пе? Менің ойымша, БАҚ-ры ең маңызды әлеуметтік институт екенін қоғамда дәлелдеуіміз керек. Бұл адамның көзқарасы және олардың тәрбиесінің қалыптасуының құралы. Сонымен қатар мерзімді баспасөздің ұйымдастырушылық рөлі туралы Лениндік тұжырымдама бүгінгі күні өз мәнін жойған жоқ.
Мен болашақтағы жураналистиканың таразыланған, жауапты болуын қалаймын. Журналист үшін ішкі түйсік үлкен рөл атқарады. Сонымен қоса, болашақта жаңа технологиялардың жедел дамуына қарамастан, жас ұрпақ өткен дәуірдегі мамандар тәжірибесінің жақсы жақтарын ұмытпауын қалаймын.

- Біздің сайттың оқырмандарына не тілейсіз?
- Біздің журналистердің ой таразылауы мен жауапкершілігіне қайта тоқтала отырып, мен өзімнің барлық әріптестерімді мынандай ескі шыңдықты ұстануға шақырамын: жеті рет өлшеп, бір рет кес. Бір ауыз сөзбен адамды қуанта да, жылата да аласын. Ортақ міндетті жеке бас құлқына айналдыруға жол бермеу керек. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарау және әділетсіздікке жол бермейтін журналистиканың ішкі түйсігі біздің әр әріптесіміздің бойынан табылуы керек. Аллаға шүкір, менің көптеген әріптестімнің бойында мұндай қасиеттер көптеп кездеседі.

16 февраля 2009 | Просмотров: 3 614 | Сұхбат | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар