Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Мәлік Күшмұханов: "Конференцияда кәсіби мәселелер сөз болатынына мен сенімдімін..."

Kushmuhanov Malik2009 жылдың 8 сәуір айында "Имидж-Партнер" коммуникациялық тобы "BizMedia" Іскер журналистика орталығының қолдауымен "Дағдарысқа қарсы PR-технологиялары - 2009" атты тақырыпта конференция өткізуге ықылас білдірді.

"Имидж-Партнер" компаниясының бас директоры Мәлік Күшмұхановты
дағдарысқа қарсы PR-технологиялары төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жауап беруін өтінген едік.





- Бүгінгі таңда әлеуметтік экономикалық дағдарыс және оның Қазақстан үшін салдары талқыланатын дөңгелек үстелдер, конференциялар, әртүрлі форумдарда бас қосу жақсылықтың бастамасы іспеттес. Сіздің конференцияңыздың маңыздылығы неде?
- Сұрағыңызға рахмет. "Дағдарысқа қарсы PR-технологиялары - 2009" атты конференция өткізу туралы ой 2008 жылдың күз айында қолға алынды. Сол кезде-ақ қазақстандық компаниялардың тәуекел ету беделі біршама жоғары болғандығы белгілі. Бұл әлемдік қаржы жүйесін тан қалдырған қаржы-экономикалық дағдарыстың алғашқы салдары болды. Бұрыннан әлемдік шаруашылық мүшесі болған Қазақстанды да бұл дағдарыс тыс қалдырған жоқ. Мемлекет қаржы жүйесінің жаңылысы көптеген проблемалардың өрістеуіне жол ашты. Қазақстан экономикасындағы дағдарыстың тағы бір көрінісі - біздің негізгі экспорттық тауарларымыз: мұнай, түрлі-түсті металл және қара металл бағаларының құлдырауы болып табылады.
Соның нәтижесінде мемлекет тұрғындарының үлкен бөлігінің кірістері жойылып, өндірістер қысқарды, банк жұмысы "ақсады".
Тұрмыс нарығының тарылу салдары тұтынушылар үшін брендттер арасында бақталастық күрестің күшеюіне әкеліп соқты. Осы бақталастық қақтығыстар кезінде көптеген компаниялар әділетсіз шешімдерге жүгініп, өзінің қарсылас-әріптес репутациясына кері соққылар жасады. Осындай "бұлыңғыр" күндерде біреудің өркендеп, өсіп келе жатқан бизнесін өз қолына түсіргісі келетіндер көптеп кездеседі. Мұндай "жобалардың" жүзеге асуы нысанға ақпараттық тойтарыс беру арқылы оны қақтығыс жағдайына итермелеуден басталды. Компанияға қарсы әркеттер ұйымдастырған топтар айыпқа тартылды.

Компанияның осы тектес мақсаттарының бірі - брендттің тұтас аудиториялары арасында күмән тудырады, соның ішінде Сіздің бизнесіңіздегі билік органдарының әділеттілігі оны қысқаша айтқанда, компаниядан бөледі. Дағдарыс кезіндегі қақтығыстың нысаны болған осындай прессинг көп жағдайда дайындығы жоқ компанияға салмақ түсіреді. Оның салдарына тоқталар болсақ, брендттің іскерік репутациясында дағдарыс жағдайының реттелімі уақыт пен ақша шығынымен қатар жүреді. Конференцияның басты идеясы - іс-шараның соңына қарай қатысушыларға Дағдарыс деген не?, Оны қалай анықтауға болады?, Брендттің қажеттілігі үшін оны қалай жүргізу керек? осы сияқты сұрақтар төңірегінде шамалы ақпараттық және репутациялық түсінік қалыптастыру болып табылады.

- Аталған конференцияның ерекшелігі неде?
- Біріншіден, мен конференцияның қолданбалы жағын баса айтқым келеді. Біз АҚШ пен Япониядағы дағдарыс жөнінде сөз қозғамаймыз. Біз PR-мамандарының болжам бойынша әрекеттері туралы және жекеленген компанияларды дағдарыс шеңберінен алып шығу, оның алдын алу жолдары жөнінде айтатын боламыз.
Конференцияның өту барысында компанияға жиын жоспары мен дағдарысқа қарсы әсер ететін бағдарламалар не үшін қажет, олар нелерден тұрады, міне, осыларды анықтап алуымыз керек. Сіздің брендіңізге "қара бұлт төңгенін" ақпарат шеңберінде қалай анықтауға болады? Қиын сәттерде баспасөзбен өзіндік әркеттерді қалай ұйымдастыруға болады?
Осы және басқа да сұрақтарға жауапты конференцияның өту барысында табасыз. Сонымен қатар, Біз уақытша үлгіні өзгерттік, бұрынғыдай толық күн емес, жарты күн жұмыс істеуге шақырамыз. Құнды ақпарат алу, тәжірибемен алмасу, сонымен бірге қажетті дағдымен қайта жұмыс істеу үшін осы уақыт та жеткілікті. Конференциядан кейін PR-механизмдері мен репутациондық дағдарысты болжау жүйелері қайтадан компанияның жұмыс орнына бекітіледі.

Бүгінгі жағдайдың әр сағаты Біз үшін қымбат, сол себепті бізге өзіміздің пайдалы әсер коэффициентімізді біршама көтеруіміз керек. Бір сөзбен айтқанда, біз конференцияда қазіргі pulic relations-ның ең өзекті деген бір тақырыбында кәсіби әңгіме құрылады деп есептейміз.

- Сіз біздің сайттың оқырмандарына не тілейсіз?
- Иә, бүгінгі таңда біз үшін жайсыз кезең. Бұған бола мазасыздана беруге болмайды. Шегінетін сәттерде де, ештенеге қарамай, міндетті түрде өз жұмысыңды жоспарла. "Қиындыққа қарсы тұр, оны жеңе біл!". Мен біздің сайт оқырмандарың көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктем мейрамы әрбір шаңыраққа бақыт, денсаулық және мол табыс алып келсін. "Дағдарысқа қарсы PR-технологиялары - 2009" атты конференцияда Сіздерді асыға күтеміз.

2 марта 2009 | Просмотров: 2 373 | Сұхбат | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар