Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Александр Новиков: “…Іскерлік ақпаратқа деген қызығушылық көпшіліктің назарын өзіне аудартады”

Novikov AlexanderҚазақстанның іскер БАҚ-на 2009 жылдың ақпан айынан бастап "Фокус" атты іскерлік басылым шыға бастағаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Газеттің бұл шығарылымына деген үлкен қызығушылық екі себепті ескертеді. Біріншіден, Қазақстанда бизнес-басылым алғашқы рет шығарыла бастады, екіншіден, "Фокус" газеті нарыққа әлемдік дағдарыстың қолайсыз сәттерінде шықты. Осы себептерге байланысты "Фокус" іскерлік басылымының бас редакторы Александр Новиков: ""Фокус" басылымы керекті кезінде, қажетті орнында шығарыла бастады", -дейді.






- Александр, нарықта Сіздің іскер басылымыңыздың масс-медиасының шығуына не түрткі болды?
- "Фокус" іскерлік басылымының екі түрлі факторды ескертеді. Біріншіден, осы кезге дейін Қазақстанда күнделікті басылып шығатын іскерлік басылым болмады. Соңғы жылдары бизнес тақырыбын "қозғайтын" газет-журналдар санының молаюы құпия емес. Олардың бәрінің ай сайынғы және апталық шығарылым кезеңі бар.
"Фокус" басылымының жарыққа шығуының тағы бір факторы - әлемдік дағдарыс кезіндегі іскерлік ақпаратқа сұраныстың біршама жоғарлауы болып табылады, ол кең түрде берілуі қажет.
- Бәсекелестіктен қорықпайсыз ба?
- Мен жоғарыда айтқанымдай, "Фокус" газеті күнделікті жарияланып тұратын, шығарылым үлгісіндегі бірден-бір жалғыз басылым, соған байланысты бізде тікелей бәсекелес жоқ. Жанама бәсекелестікті біз Ресейдің "Ведомости" және "Коммерсант" сынды іскерлік басылымдарынан ғана сезінеміз. Бірақ мен қазір бәсекелестік жөнінде емес, аталған кезеңде бетпе-бет келген мәселелер туралы айтып отырмын. Бұл, әрине, кадр потенциалының шектелілігі мен қазақстандық бизнестің заттық тұрғыдан жабылуы түріндегі бастапқы ақпараттардың жетіспеушілігінен екенін баса айтқым келеді.

- Әрине, жаңа саны күнделікті басылып шығатын іскерлік газетті жарыққа шығару күрделі жұмыс екені белгілі. Сіз неге үлкен сенім артасыз?
- Күнделікті жарияланып отыратын іскерлік баслымға бір ғана сенім артып бару - қауіпті екенін айтқым келеді. Біріншіден, біз өз күшімізге деген сенімнен және біздің командамыздың алдына қойған мақсаттарын орындау мүмкіндіктерінен қорытынды шығарамыз. Сонымен бірге, әлемдік дағдарыс бизнесті де, билікті де прессаға, соның ішінде қоғамға ашық болуына жәрдемдесетінін айта кетуді жөн санадық. Ақпарат жетіспеушілігі болмайтынына мен сенімдімін. Бұл бізді оқырман үшін пайдалы, талапшыл болуымызға аз да болса өз ықпалын тигізері сөзсіз.

- Қысқасы, Сіздің оқырманыңыз кімдер?
- Біз бұл сұрақты дағдарыс толық орын алмай тұрып қарастырғанбыз, бизнес өкілдері мен шенеуніктерге және сарапшы-аналитиктерге барынша сендік. Бүгінгі таңда іскерлік ақпаратқа көпшіліктің қызығушылығы ауғаны белгілі болды, сонымен бірге, "Фокус" іскерлік басылымының оқырмандарының саны біршама өсті.

- Сіздің басылымыңыз өз оқырмандарын қалай баурап алды? Сонымен бірге Сіздердің алдағы уақытта қандай жоспарларыңыз бар?
- Біз өзіміздің мақсат-міндеттерімізді бизнестің өзіндік қарым-қатынасында, яғни, билік пен қоғамда жүзеге асырамыз. Бұл қарым-қатынастар көпшіліктін назарын аудартуын басшылыққа аламыз. Сонымен қоса, біз өз оқырмандарымызға еліміздің саяси және іскерлік өмірі мен объективті бейнесі жөнінде толық мәлімет беруді жөн санадық.
Сонымен бірге біз пікірлері билік, қоғам, бизнесте расталатын өз сарапшы-спикерлерімізді және ньюсмейкерлерімізді қайта "тәрбиелейміз". Жоспарларға келер болсақ, осы жылдың аяғында барлық өлшемдер бойынша № 1 іскерлік баслым дәрежесін алуды көздейміз.

- Сіздің сөзіңізге мән берсек, бизнеспен әріптестік қарым-қатынаста болуды қалайды екенсіз. Сіз Қазақстанның бизнестегі болашағын әлемдік-экономикалық дағдарыста қалай бағалайсыз?
- Қазақстан бизнесінің болашағына баға берсем, әлемдік дағдарыс бізді әлі толық өз құзырына алған жоқ. Менің ойымша, алдағы екі-үш жылда біздің компанияларымызға ауыр әрі қиын болары сөзсіз. Шикізат бизнесіне бұл қатты әсер етпеуі мүмкін, ал қаржы нарығына үлкен тәуекелге бел бууына тура келеді. 2009 жылдың күз айы, меніңше, дағдарыстан өту кезеңі болып табылады. Ал шағын және орташа бизнеске байланысты барлық шығын бойынша радикалды қысқарту альтернативтері қызметшілердің жалақысын қосқан кезде мүлдем болмайды. Барлығын барынша үнемдеуге тура келеді. Ең негізгісі осы жағдайдан біздің бизнесіміз жаңарған, келесі сатыға көтерілуге дайын қалпында шығады.

- Біздің дәстүрлі сұрағымыз: біздің сайт оқырмандарына не тілейсіз?
- Бүгінгі күні өзінің шынайы көзқарасын жоғалтпай, онымен қоршаған ортамен бөлісе білу керек. Бұл жерде мен журналистердің ролін ерекше айтқым келеді. Біздің оқырмандарымыздың әлемге қандай көзқараспен қарауы, әрине, бізге байланысты. Қазақстанның іскер басылымының конструкциялық ұстанымы біздің экономикамызды дағдарыстан алып шығатын кілт екеніне мен сенімдімін.

-
Жауаптарыңызға көп рахмет! Сіздің алға қойған жоспарларыңыз шындыққа ұлассын.
- Рахмет!

2 апреля 2009 | Просмотров: 2 544 | Сұхбат | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар