Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Марат Заиров: “Дағдарыс қалыптасқан стереотипті өзгерте алады”

Zairov MaratАғымдағы жылы бүкіләлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстанның банк жүйесінде өзгерістерорын алды. Бұл туралы сөз 17 наурызда өткен "BizMedia" Іскерлік Журналистика Орталығы" Медиа-клубының отырысында қозғалды.

Оған спикер ретінде "Нұрбанк" басқармасының төрағасы Марат Заиров қатысты. Кездесу кезінде Заиров мырза BizMedia сайтының сұрақтарына жауап берді.








-Ақпан айында басталған Қазақстанның банк секторында мемлекеттік жүйеқұрушы банктердің капиталына кіргеннен кейін, жеке меншік банктердің жаңа жағдайдағы стратегияларының ерекшеліктері қандай? Сіздің "Қазақстан Халық банкінен" "Нұрбанкке" ауысқаннан кейінгі жеке әсеріңіз?
-Әрине менің қазір ірі және кіші банкті салыстыруға мүмкіндігім бар. Бұрын мен ірі, жүйекұрушы банктерде қызметте болғанмын, сондықтан маған белгілі дәрежеде кіші банкте, сондай-ақ бірінші басқарушы лауазымында жұмыс істеу дағдылықсыз.
Менің ойымша кіші банктер нарыққа анағұрлым бейімделген, сұраныс пен шешім қабылдау үрдісін жылдамдатуға мүмкіндік береді. Банкті бас офисінен аймақтарға дейін, тіпті клиенттерге қызмет көрсету сапасын бақылап отыруға болады. Егер барлығы дұрыс қалыптасса, біз үшін ең маңыздысы жақсы, үздік технологиялы, халыққа жайлы банк құру. Батыста осы тектес банктер үлкен сұранысқа ие, олардың өздерінің тұрғылықты клиенттері бар-оларды "үй" банктері деп айтады, адамдар онда жылдар бойы есеп-шоттарын сақтайды және оларға қызмет көрсетіледі. Дағдарыс, менің ойымша, біз үшін қалыптасқан 4 жүйеқұрушы банктер гегемониясы түріндегі стереотипті өзгертүі мүмкін. Қызмет көрсете алатын басқа да банктер бар емес пе? Екіншіден бұл банктер дағдарысқа қалай төтеп береді деген сурақ туындайды.
Егер бұл банктер дағдарысқа ойдағыдай төтеп бере алса, онда біз банк қызметінің нарығындағы тұтынушылардың жүріс-тұрысының толық өзгергендігін байқайтын боламыз, бұл орайда бізге қосалқы жауапкершілік артылатын болды. Бұл сонымен қатар инвесторлар, салымшылар және клиенттер үшін банкке қызығушылығын арттырады - сол үшін қазір жақсы серпіліс жасалуда. Қайткенмен де, жақында "Standard & Poor's" рейтингтік агентіктің өкілдерімен өткен кездесуде "Нұрбанкке" сонғы өзгертулерге қатысты сұрақ жоқ делінді.

-Банктің алдынғы жылдарға жоспарланған нарықтық стратегиясы қандай - ол қалай өзгермек, қандай жаңалықтар енгізілмек, нарықтық сегменттің жоспарланған көрсеткіштері қандай болмақ?
-Біздің ең басты көзделетін нысанымыз кіші және орта бизнес, бөлшектік бизнес бойынша қазіргі 3-4% салыстырғанда орта есеппен Қазақстан нарығында 5-7% алмақпыз. Біз бесаспап коммерциялық банк болғымыз келеді, өзіміздің резервімізді кіші және орта бизнесті несиелендіру дамытуға, болшектік нарықта өзіміздің орнымызды күшейтуге жұмсаймыз. Ол үшін біз өзіміздің орнымызды аймақтарда күшейтіп, қызметімізді ұйымдастырудағы шараларды өзгертіп, мүмкін кейбір жерлерде бизнес-үрдістерді онтайландыруымыз керек шығар. Бүгінгі таңда біз банктің мұндай мүмкіндіктері бар екендігін көріп отырмыз және оларды дұрыс пайдалануымыз керек. Өз тарапымыздан нарықта агрессиялық стратегияларды қолданбаймыз деп айта аламын.
Ел басының -дағдарыс жағдайында жаңа істерге бел бұмай, қолдағы барымызды ілгерлетуіміз керек-деген сөзін еске ала отырып, біз де "Нұрбанктің" ішкі бизнес-үрдістерін онтайландыруымыз керек, дағдарыс аяқталғанға дейін технологиялық жақтан даяр болуымыз керек.
Бүгінгі таңда мен ең алдымен бизнес-үрдістерді онтайландыру жөніндегі басқарушы директорды қызметке шақырдым. Ол банкте банктік технологиялармен әрекеттестікті реинжиниринг тұрғысынан банк бөлімдерін жабдықтау мәселелерін қайта қарамқ.

-Банктің PR - стратегиясы қандай болмақ?
-"Нурбанктің" ерекшелігін ескерсек, біз үшін ең бастысы- айқындық.
Бұл орайда менің банк басқармасының төрағасы луазымына сайланғаннан 2 аптадан кейін "BizMedia" ІЖО" Медиа-Клубының отырысы аясында өткен кездесу дәлел бола алады. Құпиялану казіргі таңда жақсылыққа әкелмейді. Барлық туындаған мәселелерді, егер олар пайда болып жатса, біз талқыға салуға дайынбыз.
Бұл бәріміз үшін-салымшылрға да, оқырмандарға да маңызды!

Журналистердің Марат Заировпен кездесуінің аудио-жазба үзінділерін мына жерде тыңдай алуға болады:

16 апреля 2009 | Просмотров: 2 677 | Сұхбат | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар