Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Ирина Галкина: “Нарықтағы біз алатын орын толығымен бос”

Irina GalkinaСәуір айында Қазақстан нарығына қаржы, телекоммуникция, білім беру, медицина және т.б. әртүрлі қызмет түрлері мен өнімді тұтынушыларға арналған "Миллионер" атты Республикалық-ақпараттық жарнама газеті жарыққа шықты. Жаңа басылым шығарушылар пікірінше, бұл басылым оқырмандарға қаржы әлемі төңірегінде ақпарат беріп, түсінік қалыптастырады.

"Миллионердің" бас редакторы бұрын "Ленинская смена", "Караван", "Эксперт Казахстан" газеттері мен "KIT" Іскер журналистер ортасында жоғары қызметте болған Ирина Галкина.



- Әлемдік қаржы дағдарысы кезінде "Миллионер" басылымын жарыққа шығарудың мақсаты неде? Шыңдығына келгенде, кез-келген адам миллионер бола алмайды ғой?
- Дағдарыс - бұл сананың күйзеліске түсуі. Қоғам үнемі бір орнында тұра бермейді. Оған кейде демалыс керек. Бұл басылымды жарыққа шығарар алдында мен де үлкен күйзелісте болдым. Бірақ соңында бәрі өз орнына келді. Қазір маған: дағдарысты бастан өткерудесіз бе? - деген сұрақты жиі қояды. Мені қызықтыратын іс пайда болғандығын жасырмастан айтамын. Олар таңдана бастайды. Негізсіз жобалар көп болған сайын біз олардан тезірек арылуға тырысамыз.

Сіз миллионер болу қиын дейсіз. Шыңдығында оның ешқандай қиындығы жоқ. Әлеуметтік жағдайы аса жоғары қоғамдық топтарды миллиондардың ішінен таппай қалуыңыз да мүмкін. Сонда біз осыншалықты дәрежеде лайықты емеспіз бе? Бастысы - дұрыс ойланып, соған жету жолына талпыныс жасай білу қажет. Біздің басылым бастамасы бай болғысы келетіндерге арналған.

- Басылымның бизнес-үлгісі негізіне не кіреді?
- Сұрағыңыз өте дұрыс. Өзімше жауап беріп көрейін. Жалпы өзімнің бизнес саласы бойынша ешқандай жоғарғы білімім жоқ, бірақ менде журналистика мен заң саласы бойынша үлкен кәсіби тәжірибе бар. Мен барлығын өзімнің ішкі түйсігім мен біліміме сүйеніп шешемін. Қазір танымал Огилви сөздері ойыма оралады: "Жарнама беруді тоқтату - уақытты тоқтату үшін сағатты тоқтатумен бірдей". Өте керемет айтылған. Қазіргі кезде көп адамдар мұның мүмкін еместігін біле тұра уақытты тоқтатқысы келеді.

- Газеттің редакциялық ұжымы қалай қалыптасуда: сырттан танымал журналистерді шақырасыз ба, әлде, өз шығармашылық тобыңызды құру мәселесін басынан бастайсыз ба?
- Сіз айтып отырған "жұлдыздар" шыңдығында нағыз "жұлдыздар" емес. Байқасыңыз, журналистер өздерін өте жоғары бағалайды. Журналистердің жоғары жалақы алып, жақсы пәтерде тұрып, ең сәнді автокөлік жүргізуіне өз басым қарсы емеспін, өкінішке орай, еңбек нарығы бізді олай бағаламайды. Жай ғана корреспондент емес, сол кездері атақты бренд басылымдарының топ-менеджмент құрамында болған кездің өзінде өзіме мұндай жағдайды жасай алмадым. Не себепті екенін өзім де білмеймін. Бұл сұрақ төңірегінде көп ойландым, бірақ тапқан жалақым келесі айдағы жалақыма дейін зорға жететін. Қазір бұл жағдайды басқа қырынан қарастырамын. Мен қалаған журалистер қызметі өте қымбат және олардың өзі қажетті талаптарға сай емес. Осындай белгілі бір себептерге байланысты мұндай жағдайларды өзіме жасай алмаймын. Соған қоса, журналистика өмірінде күтпеген қолайсыз оқиғаларға тап боласың: құрбың үнемі сенімен жұмыс істегісі келетінін айта береді, екеумізді көп нәрсе байланыстырады-ау деген оймен көптеген мәселелер бойынша онымен пікірлесесің, бірақ олай болмайды. Сенің әңгімеңнен кейін ол өз бастығына "Галкина маған осынша ақша төлеймін" деп, жоғары соманы атайды, бұған, әрине, бастығы шамданады. Бірақ соңында оның жалған айтқаны белгілі болады. Біреудің атын өз пайдасы үшін жұмсау, әрине, дұрыс емес. Сол себепті болашағы бар қызықты адамдармен жұмыс жасауға тырысуымыз қажет.

- Нарықта қандай орын алмақшы ойыңыз бар? Тираж бен жарнама жөнінде алдағы уақыттағы бағдарыңыз?
- Нарықтағы біз алатын орын толығымен бос, бірақ қазір сонда жан салмай ұмтылудың еш қажеті жоқ! Нарықта тегін басылым ойыншылары өте көп және олардың бәрі жарнамалық газеттер. Басқа газеттермен салыстырғанда, "Миллионер" толық ақпараттық басылым. Біздің басылым тегін газеттер ішінде ғана емес, сонымен қатар, ақылы басым нарығында да бәсекеге түсуге қабілетті. Себебі газетте саясат пен болмашы мәселелерді сөз еткенше, керісінше, оқырмандармен етене араласып, олардың сұрақтарына толық жауап беріп, күнделікті өмірге бағдар бере қызмет атқарамыз.
Тиражға қатысты. Біз әлі 50 мың дана ғана шығаруға қаржылай дайынбыз. Көптеген тегін газеттер өлшеміне қарай, ол аз, ал ақылы газеттер ішінде өте көп. Сол себепті біз басылымды дамытудың екі үлгісін біріктіруді жөн көрдік: тегін және ақылы. Тегін газет алматылықтардың пошта жәшігі арқылы бірдей аудандарда тұрақсыз графикпен таратылады, сол сәтте газетті ұнатқан адамдар оны жеке сауда орындары мен жекеменшік таратушыларынан сатып алуларына әбден болады. 20 теңге, оны үнемдейтіндей көп ақша емес, газет оқу арқылы жинақталған білім одан да қымбат.
Сол сәтте біз Астана мен аудандар пайдасы үшін тираж санын көбейтеміз. Сол себепті бізге салмақты ағартушылық ойлар көптен қажет. Осы жылдың күз айына қарай, тираж санын 100-120 данаға дейін жеткізу ойымыз бар. Біз миллионерлер газеті болуды қалаймыз және соған сенеміз.
Жарнама берушілердің қызығушылығына қатысты Сіз бұл жарнаманың өзі деп айтқансыз. "Миллионер" - бұл баршаның қалауы бойынша, компанияның тұтынушыға тікелей шығуының маңызды жолы. Көптеген жарнама газеттері әлемдік қаржы дағдарысына қатысты сатып алу, жөндеу жұмыстарының тоқтатылуына байланысты бума-бумасымен қоқыс жішіктеріне тасталуда. Біздің мұнда артықшылығымыз бар. Басылымымызда оқуға тұрарлықтай мәселелер өте көп, сонымен қоса, беттегі жарияланған жарнамалар талапқа сай көп емес және газет құнын баға мен сапасы тұрғысынан қабылдауға болады. Газеттің алғашқы саны шыққаннан кейін басылымның болашағы бар екеніне көзіміз жетті.

- Газеттің алғашқы саны шыққаннан кейінгі оқырмандардың көзқарасы Сіз ойлағандай болды ма? Күтпеген жағдайларды басыңыздан өткердіңіз бе?
- Әрине, газеттің алғашқы санын біз оқырман ретінде өзімізге қызықты тақырыптар бойынша жасадық. Бізді толғандыратын мәселе оларды да қызықтыратыны бізді қуантты. Шыңдығымды айтсам, басылым жайында оқырмандардың көзқарасы оңды боларын болжамаған едік. Газет атауында тұрғандай, ол миллионер болуға шақырмайды. Мұнда мықты энергетика бар. Біз әр адамға бай, қуатты болуға көмектесеміз. Біздің осы игілікті ісімізді бағалап, оқырмандар құттықтау сөздерімен толассыз қоңырау шалуда. Бұл идея ұлттық болуға әбден қабілетті екенін біз ерте түсіндік. Бұл үшін адамның ерекше мүмкіндіктері қажет емес.

- Отандық бизнес пен экономиканың алдағы уақыттағы болашағын қалай бағалайсыз?
- Дағдарыс - біздің санамызда деген түсінікпен толық келісемін. Менің қарт әріптесім сабын мен қант талон арқылы берілетін қиын кезеңдерде қалай аман қалғандарын айтып берді. Ол кезеңмен бүгінгі күнді мүлдем салыстыруға болмайды. Өзіміздің мықтылығымыз бен ақылдылығымызды бағалау үшін бізге уақыт қажет.
Әрине, басшылықпен қателіктер көп кетті. Ешкімге сын айтқым келмейді, бірақ уақыт бәрін дер кезінде өз орнына қояды. Қателіктер жасамауға қанша тырысқанмен, түбінде бәрібір қандай да бір қателіктер шығады.
Мен болашаққа сеніммен қараймын. Бұл қаржы дағдарысы мәңгіге созылмайды ғой. Бизнес картасы өзгертулерді қаламайды. Ең бастысы - экономика да, бизнес те өмір сүруге қабілетті. Енді басшылыққа экономиканы диверсификациялауға тура келеді. Басқа жол жоқ.

- Біздің "BizMedia" сайтының оқырмандарына не тілейсіз?
- Тек болашаққа сеніммен қарауларыңызды тілеймін.

18 апреля 2009 | Просмотров: 2 820 | Сұхбат | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар