Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Бақытжан Жұмалиева: “Өзгені білу арқылы - өзіңді танисың”

ZhumalievaДушанбе қаласында шілде айының 21-і мен 31-і аралығындағы он күндікте мемлекеттік және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін тәжік журналистеріне арналған тренинг өткізілді. Экономикалық журналистика Мектебінде жиырма қаламдасымыз баспа және электрондық ақпарат құралдарында экономика мәселелерінің жазылуы негіздерін үйренді. Қазақстанның белгілі бизнес журналисі аталған Мектептің бапкері Бақытжан Жұмалиева "Центр Деловой Журналистики "BIZ MEDIA" қоғамдық қоры cайтының қолданушыларымен осы тренинг жөніндегі ойларымен бөліседі.

- Душанбедегі тренингтің басты мақсаты қандай және оны ұйымдастырушылар кімдер?
- Мектеп экономика мәселелерімен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлылығын арттыру мақсатындағы "Центральная Азия Инвест" Европалық Одақтың бағдарламасы аясында жұмыс жасайды. Аталмыш тренингті ООО "Хома" және кіші және орта мекемелердің Ұлттық ассоциациасының қолдауымын "Интерньюс Европа" ұйымдастырды. Ол журналисттердің экономикалық білімдерін толықтыруға, нығайтуға, ақпарат құралдарында экономикалық тақырыптарды дұрыс жазуға, әдеттегі қателіктер мен кемшіліктерді саралауға бағытталған.

- Азия-Плюс тәжік ақпарат агентствосының хабарларына қарағанда, бапкерлер корпусы интернационалды болғкнға үқсайды?
- Он күн бойына жұмыс істеген Магда Уолтер (Magda Walter) негізгі бапкер болды. Ол-америкалық ақпараттар қызметінде талай талантты журналистерді тәрбиелеп шығуға өзіндік үлес қосқан, АҚШ-та CNN, Гонконгта CNBC Азия, Москвада NBC жаңалықтарында жиырма жылдан астам еңбек еткен кәсіби тележурналист. Әлемнің көптеген елдерінде журналистерді кәсіби үлгілер негізінде және еркін баспасөздің негізгі қағидаларына сай дайындауда бапкер ретінде жұмыстар жасағын. Тәжікстанның экономикасы мәселелеріне кеңесші ретінде Тәжікстан Республикасы экономикалық даму және сауда Министрлігінің экономикалық зерттеулер Институтының макроэкономика бөлімінің бастығы, экономика ғылымдарының докторы Ходжамухаммед Умаров қатысты.Ол экономиканың маңызды мәселелерін көтерген көптеген ғылыми еңбектердің авторы, белгілі экономикалық сарапшы.
Журналистер алдында су-энергетикалық проблемалар сұрақтары бойынша экономикалық даму және сауда Министрлігі аймақтық экономика бөлімінің бастығы Холназар Мухаббатов лекция оқыды. Өздеріңіз білетіндей, су қоры бойынша Тәжікстан дүние жүзінде бірінші орын алады.Бірақ бүгінгі күндері инвестицияның жоқтығынан өздерінің су-энергетикалық жобаларын жүзеге есыра алмай отыр. Сондықтан да республиканың барлық аймақтарында электр қуатын үздіксіз беру мүмкін болмай тұр.

- Тренингтен алған Сіздің әсеріңіз?
- Мен кәсіби деңгейі өте жоғары осы командада төрт күн жұмыс істеп, журналистерге экономика мәселелерін жазудағы туындайтын көптеген проблемалар жөнінде, кездесетін қиындықтыр мен кемшіліктер, қателіктер турасыда, олардан шығудың жолдары жөнінде лекциялар циклын оқыдым. Тренингтер өткізу барысында өз білімің мен кәсіби шеберлігіңді, өмірлік бай тәжірибеңді өзгеге үйрету, беру арқылы да қызықты жұмыс істеуге, сол арқылы өзіңнің жан-дүниеңді, санаңды, біліміңді байытуға болатынын түсіндім. Өз мамандығын жанындай көретін кәсіби бапкермен жұмыс, Отанын сүйіп, оның экономикасын шын көңілімен дамытуды көздейтін журнапистермен кездесу жүрегіңе жарқын із қалдырары сөзсіз. Тренингтерді бапкерлердің сабақтарын сала мамандарының лекцияларымен "араластырып" өткізу - назар аударатын тәжірибе.
Тренингтің құрылымы да қызықты. Бапкерлердің лекцияларымен қатар тренингке қатысушцлардың практикалық жұмыстарына да аса мән беріледі. Сонан соң жұмыстарды талдау басталады. Мысалы үшін, тақырыптардың бірі былай аталады: "Журналистің базардағы қалпы: "ойыншының қызығушылығы", "соттың қызығышылығы", "трибунаның қызыығушылығы". Журналистің мүмкін блар қалпы, олардың плюстері мен минустері".Мен өткізген мастер - класс аясында журналистерге Тәжікстан Ұлттық банксінің төрағасынан интервью алу жүктелді. Барлығы камераға жазылып алынды. Сонан соң талдау барысында сұхбаттасушылардың сұрақ-жауаптары, қимыл-қозғалыстары, камера алдында өзін-өзі ұстауы талқыға түсті. Тренинг өткізілген жер де жақсы таңдалынып алынған. Ол Душанбеден 30 шақырым жердегі "Сароб" дауажайында орналасқан.

- Болашаққа жоспарларыңыз бар ма?
- Тренинг ұйымдастырушылары Тәжікстанда экономика саласының бір шоқ журналистерін, сонымен бірге, өз бапкерлерін дайындап шығу үшін осындай тренингтерді үнемі өткізіп тұруды жоспарлаған. Қазіргі таңда бір жылдық бағдарлама жасалынып, қаржы көздері іздестірілуде.

Сұхбат соңында Душанбедегі өткен тренингке қатысушыларға, оны ұйымдастырушыларға, "Internews Network-тің" Орта Азиядағы аймақтық директоры Олег Кациевке, "Центр Деловой Журналистики "BIZ MEDIA" қоғамдық қорының президенті Төлеген Асқаровқа Тәжікстанға барып,таулы өлкенің таңғажайып табиғатын тамашалауға,тәжік қаламдастарыммен қауышуыма мүмкіндік жасағандары үшін шын жүректен шыққан ризашылығымды білдіремін.

1 августа 2009 | Просмотров: 2 539 | Сұхбат | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді