Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Доктор Рафис Абазов: “Қазақстанға жоғары білікті мамандар, соның ішінде шетелдік мамандар қажет”

AbazovБіріккен Ұлттар Ұйымының 2010 жылға арналған болжауына сәйкес, Қазақстандағы халықаралық мигранттардың үлесі республика тұрғындарының 19,5 %-н құрайды. Бұл - Қазақстанның әрбір бесінші тұрғыны шетелдік мигрант деген сөз. Бұл көрсеткіш әлемде ең көп мигрант қабылдайтын мемлекет - АҚШ-тан да жоғары. Мәселен, 42,8 миллион мигрант Америка тұрғындарының 13,5 %-н құрайды. Сондай-ақ, АҚШ-пен және басқа да дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, Қазақстанның нақты миграциялық саясаты жоқ. Доктор Рафис Абазов Қазақстан Австралия мен Канаданың тәжірибесін алуы, сонымен қатар қытайлық миграциядан қорықпауы керек деп есептейді. ТМД елдеріндегі миграция мәселелері бойынша сарапшының басқа да ұсыныстары - Динара Түсіпованың арнайы BizMedia вебсайтына арналған сұхбатында:

- Сіз Орталық Азиядағы миграциялық үрдістегі ағымдағы жағдайды қалай бағалайсыз?

- Біз көшіп қону туралы сөз қозғағанда, ғаламдық еңбек нарығындағы өзгерістерді ескеруіміз керек. Біріншіден, дүние жүзіндегі ұлттық еңбек нарықтары жаһандану, техникалық прогресс қысымының және экономика туралы білімнің пайда болуына байланысты сұраныс пен ұсыныста үлкен өзгерістер кешуде. Екіншіден, біз білімнің жоғары білікті мамандарына деген өсіп келе жатқан талабын көріп отырмыз, ал Колумбия университетінің экономисті Джагдиш Бхагватидің айтуынша, "ақпараттық-технологиялық революция салдарынан туындады" және дарынды кәсіби мамандар арасындағы өткір бәсекенің пайда болуын байқап отырмыз. Үшіншіден, бүкіл әлемдегі көптеген елдер ауқымды құрылымды бетбұрысты өткеруде, өйткені олар "Жаңа экономиялық жүйелерді" ілгерлете отырып, жоғары технологияларды қолданбайтын индустриалды секторлардың және төменгі сапалы жұмыс күшінің үлесін азайтып, постиндустриалды дәуірге енуде. Төртіншіден, бүкіл әлемдегі кейбір аймақтар демографиялық тұрақсыздық кезеңін өткеруде, өйткені бірқатар мемлекеттерде егде жастағы тұрғындар басым және еңбек қорының жетіспеушілігі болса, басқа елдерде еңбек қорлары артық, жұмыссыздық пен толық емес жұмыс уақыты орын алған. Осы барлық өзгерістер Қазақстанды әртүрлі шалуда. Мысалы, Қазақстан әлі де өндірістік базасын және оның индустриалды секторындағы жұмыс орындарын сақтап қалғысы келеді және экономикалық білімін құрудағы қиындықтар алдында тұр (АТ, жоғары технологиялар, нанотехнологиялар негізінде және т.б.).
Қазақстан да өзінің білікті мамандары аз секторында қысым көруде, әсіресе құрылыста, онда жұмыссыздар мен жартылай қызметтегі адамдар көп (қазақстандықтармен қатар көршілес мемлекеттер азаматтары да бар), олар жылжымайтын мүлікке байланысты шу көтерілген тұста мамандыққа оқуды керек етеді.

- Дағдарыс аймақтық көшіп-қонуға әсерін тигізді ме, әлде беталыс бұрынғыдай сақталып қалды ма?

- Біз әртүрлі мемлекеттерде әртүрлі мәселелер болғандығын есте сақтауымыз қажет екенін білесіз және ғаламдық экономикалық және қаржылық дағдарыс әлемнің әртүрлі аймақтарына әрқилы әсер етті. Электр қуатының қымбатшылығы және валюта қоры Қазақстанда және кейбір дәрежеде Өзбекстан мен Түрікменстанда да дағдарыстың басталуын тежеді. Алайда, Қазақстан дағдарысқа кіргенде бірден екі қиындық туындады: энергия экспортынан түсетін табыстың күрт азаюы және жылжымайтын мүлік секторына мөлшерден тыс салым салу салдарынан несиелік күйреу қатері. Бұл жайт та еңбек нарығына ықпал етті.Өткен 12-14 ай арасында біз құрылыста, банк ісінде, қызмет көрсету саласында және кейбір басқа да секторларда ауқымды төмендеуді көрдік. Сөйтіп, Қазақстанда көптеген адамдар жұмыстарынан айырылып қалды - Қазақстанның азаматтарымен қатар Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан келген шетелдік жұмысшылар да жұмыссыз қалды. Құрама Штаттарда кейбір кіші және орта бизнес кәсіпорындары дағдарыс кезінде жұмысшыларды "жұтып" алды. Мұндай жағдай жалпы Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанда орын алмады, оған кіші және орта бизнес кәсіпорындарына жасалып отырған қолайсыз ахуал себеп болды. Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізуінің рейтингісіне қарасаңыз: сіз онда Орталық Азия республикаларының негізгі орындарда жоқ екенін көресіз (мысалы, 2009 ж. Құрылыспен айналасуға рұқсат талап ететін бизнес түрлеріне жасалған рейтингке сәйкес Тәжікстан 178 орында, Өзбекстан- 148 орында. Ал Қазақстан 181 мемлекет арасында 175 орында). Бұл - осы елдерде жаңа бизнесті бастау өте қиын деген сөз. Сондықтан, барлық аталған мемлекеттер өздерінің еңбек нарығына жұмыс орны мен жалақыдан мұқтаждық көрген жастар тарапынан үлкен қысымды сезеді.

- Дағдарыстың басталуымен Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанда шетелде жұмыстарынан айырылған азаматтардың қайта оралуы ауқымды болады деп болжанған. Алайда біз пайыздың болжанғаннан гөрі аз екенін байқаймыз. Мұның себебі неде?

- Жағдай сондай қарапайым және анық емес, өйткені заңсыз және уақытша келген жұмысшы мигранттардың санын анықтау өте қиын. Іс жүзінде, бәсеңсу кезінде еңбек нарығындағы өзгерістерді түсіндіруге талпынатын 2 бәсекелесуші мектеп бар. Бірінші мектеп мигранттарға арналған экономикалық мотивацияны назарға алады және миграцияны жұмыстан түскен кірісті және саясатқа салынған инвестицияны көбейтуге негізделген таза рационалды экономикалық шешімнің әрекеті деп қарастырады. Бұл ұстанымның өкілдері жұмыс орындарын жоғалтқан шетел жұмысшылары әдетте туған елдеріне оралады, өйткені оларға өмір сүруге қажетті шығындарды жабу үшін және оған қоса үйлеріне жібере алатын қаражат қажет. Екінші мектеп көшіп-қонуға деген психологиялық және әлеуметтік себептерді қарастырады, өйткені жақсы табыс пен жақсы өмірді психологиялық тұрғыдан күту адамдарды өмір сүруге итермелейді. Осы ұстанымға сәйкес, еңбек мигранттары экономикалық қиындықтардың уақытша екендігіне сенеді, олар үйлеріне қайтқысы келмейді, өйткені олардың отбасы мүшелері олардың жетістікке жететіндеріне сенеді. Сонымен қатар, үйге оралу қауіпті болуы мүмкін, өйткені жұмыс беруші мемлекеттер осы уақыт аралығында миграциялық саясатты және кіру тәртібін қаталдандыруы мүмкін. Осылайша, нақты экономикалық тұрғыдан үйге оралу еңбек мигранттары үшін құлдырау кезеңінде дұрысырақ. Алайда, келешек миграциялық саясатқа және болашақта осы елдерде жұмыс істеу мүмкіндіктеріне деген сенімсіздік еңбек мигранттарын осы елде қалуға мәжбүр етеді.

Мигранттар керек.

- Адамдар үйге оралған соң жаңа жұмыс табылатынына күмәнданатын шығар...

- Дұрыс... Біз Тәжікстан және Қырғызстан үкіметтерінде экономикалық саясатты іске асыруда қиыншылықтар бар екендігін білеміз, ол жастар үшін орта есеппен 40000-50000-дай жаңа жұмыс орындарының ауыл шаруашылығында, өндіріс саласында және кәсіпорындар қызметінде пайда болуына түрткі болар. Солайша, шетелде жүрген көптеген еңбек мигранттары үйлеріне қайтуға қорқады, өйткені олар үйлерінде жұмыс орындарын немесе іскери мүмкіндіктердің табылатындығына сенімді емес.

- Ал еңбек мигранттарын қабылдайтын Қазақстандағы жағдай қандай?

- Өткен 10-12 жыл аралығында бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да табыстың отбасылық дәулеттің және тұтынушылықтың өсуі байқалды. Жоғары кірістер жақсы баспананың сұранысына әкелді, ал ол өз кезегінде бүкіл әлемде жылжымайтын мүліктің дағбыртына әкелді. Бұл жағдай барлық жерде - АҚШ, Қытай, Ресей, Еуропада да орын алды. Қазақстанның жергілікті еңбек нарығы талаптарды қанағаттандырмады, сондықтан көптеген шетелдік жұмысшылар құрылыс саласына және басқа да шектес секторларға кетті. Экономикалық құлдырау кезеңінде құрылыс секторы анағұрлым төмендеді және бүгін осы адамдардың барлығына жұмыс орындары жеткіліксіз. Алайда еңбек нарығыдағы жағдай келешекте, яғни жоғары көрсеткіштер қайта оралғанда өзгере алады.

- Дағдарыс кезінде мигранттар Қазақстанның еңбек нарығында жергілікті тұрғындарға бәсеке тудырады деп ойламайсыз ба?

- Бұл жайт Қазақстан өзінің экономикасын қай бағытта дамытатындығына және жаңа жұмыс орындарын ашуға байланысты үкімет саясатына тәуелді. Үкімет дәстүрлі индустриалды және аграрлы секторларды дамытып, оларға қолдау көрсетсе болар еді, солайша ол жұмыс орындарын ашуға, дәстүрлі еңбек нарығындағы бәсекені босаңсытуға мүмкіндік берер еді. Сонымен қатар үкімет ғаламдық дағдарыс тудырған мүмкіндіктерді қолдануы, жаңа әлемдік бәсекеге төзімді салаларға енуі керек, әлемдік нарықта анағұрлым қолжетімді жаңа технологияларды табуы мүмкін. Онда даму түрі мүлде басқа дағдыларды талап ететін жаңа еңбек орындарын ашар еді. Еңбек нарығын кеңейту үшін Қазақстанға білікті мамандар, соның ішінде шетелдік мамандар да керек. Мысалы, өзінің АТ-секторын дамыту үшін Қазақстанға АТ-мамандар және инвесторлар керек, әлем нарығында Қазақстанның орта және кіші бизнесінің өнімін ойдағыдай сату үшін мемлекетке сатылым мен халықаралық маркетинг мамандары қажет, сонымен қатар халықаралық коммерциялық кәсібилер мен диаспоралардың желілеріне кіруге мүмкіндік болу керек.

- Менің білуімше, Сіз, егер мигранттар өздерінің істерін таба алмағанда, онда олар шетелде жұмыс таппас еді деп болжаған болатынсыз.

- АҚШ пен Ұлыбританиядағы бірнеше жаңа фирмалардың халықаралық бизнесіне жақында жүргізілген зерттеулер қоғамдастықтар мен диаспоралар мигранттар үшін жаңа бәсекеге қабілетті басымдылықты дамытуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Әрбір жаңа келуші жергілікті жұмысшылармен сол елде бәсекеге түседі, сондықтан олар бәсекесі аз, жергілікті тұрғындарды қызықтырмайтын саланы табуы тиіс. Мысалы, Ұлыбританияда үндістердің көпшілігі өздерінің орындарын істерін бүкіл елде карри мейрамханаларын ашып, қоғамдық тамақ даярлау бизнесінен тапты, шамамен 20-30 жыл бұрын британдықтар, сірә, дәстүрлі балық пен қуырылған картоп қалар еді. Ешқандай әртүрлілік, ешқандай өзге нұсқалар, ешқандай бәсеке жоқ. Бүгінгі таңда Сіз карри мейрамханаларын Ұлыбританияның әрбір қаласы мен ауылынан кездестіре аласыз. АҚШ-та бангладештіктер өздерінің ісін қонақ үй бизнесінен тапты, олар көптеген қонақ үйлерге ие. Немесе мысалға Нью-Йорк штатындағы өзбек қоғамдастығын алыңыз - өзбек мейрамханаларының ауқымды желісі бірнеше он жылдықтар бойы гүлденуде. Бүгінде АҚШ-тағы ең табысты саудагерлер - қытайлықтар, өйткені олар нарыққа әртүрлі өнімдерімен, соның ішінде электроника, АТ-қызметтерімен шықты. Егер Қазақстан өзінің шикізатынан басқа өнімін экспорттағысы келсе, ол өзінің өнімі үшін орын табуы тиіс. Елге халықаралық сауда жүйесінен білімі бар және халықаралық нарықтарға кіре алатын адамдар керек. Мысалға, бұл қытай сауда желілері болуы мүмкін. Қытайлықтардың саудадағы жетістіктері олардың санымен емес, бүкіл әлем бойынша орнатылған тығыз байланыстары мен дамыған желісімен түсіндіріледі.

Қытайлықтар келе ме?

- Қытайлық миграция жайында сөз қозғайық. Бұл мәселе Ресейге сияқты Орта Азия үшін де өзекті ме?

- Қытай миграциясы туралы мәселе тым саясаттандырылғанын түсінемін. Жергілікті саясаткерлермен сөйлессек, олардың көбі жүздеген қытайлықтар елімізге келіп, азаматтық алу және жер сатып алу мақсатымен жергіліктілерге үйленіп жатыр дер. Бірақ ресми статистикалық көрсеткіштер елге тек бірнеше жүз қытайлықтардың келгенін көрсетеді. Ақиқат осы сандардың ортасында. Негізінде мәселе қытай немесе басқа миграцияларда емес. Мәселе елге келген адамдардың санын ретке келтіру, елге бағалы жұмысшыларды тарту және осы жұмысшылардың қабылдаушы елге адал еңбек ету мәселелері бойынша тиімді саясатты жүргізуде жатыр. Мигранттарға көзқарасы түзу елдер саясат пен бағалаудың тиімділігін танытады. Австралия, Канада және Жаңа Зеландия миграцияға арналған нақты ережелері бар балдық жүйені қолданады (балдар білім, еңбек тәжірибесі, кәсібі сияқты категориялар бойынша беріледі, мигранттар басқа елге кіруі үшін белгілі балл санын жинауы тиіс). Мигранттарға арналған жыл сайынғы квоталар және арнайы балдық жүйе ең білімді, тәжірибелі, ақылды мамандарды қызықтыруға арналған. Азаматтықты алу ережелері де белгілі. Осылайша, сіз қандай негізде елге кірмекшісіз, сіз елде қалай қала аласыз немесе елден қалай кете аласыз - осының бәрі нақты жазылған. Бұл саясат тиімді. Мысалы, егер Австралияға медбикелер мен дәрігерлер жетпей жатса, жергілікті мамандар еңбек орындарын толтыра алмай жатса, үкімет медицина мамандары үшін қосымша балл береді, егер инженерлер жетіспесе - инженерлерге қосымша балл беріледі т.с.с. Осы жүйе бойынша көптеген қытайлықтар (басқалары да) осы елдерге келіп, орта және кіші бизнестің дамуына, халықаралық бәсекелестікке төзімділікті көтеруге және олардың ІЖӨ-сінің өсуіне өз үлесін қосты. Олар өздерінің білімдерін, дағдыларын және еңбексүйгіштігін әкелді.

- Қазақстанда дағдарыс болмай тұрып-ақ еңбек жанжалдары орын алған болатын, мысалы, Батыс Қазақстандағы қазақстандық және түрік жұмысшылары арасындағы жаппай төбелес. Сіздің ойыңызша, осыған ұқсас жанжалдар саны дағдарыс кезінде көбейеді ме?

- Әлеуметтік және саяси даму мемлекеттік саясат және басқару тиімділігіне тәуелді болғандықтан, оны ауа-райы сияқты болжай алмайсыз. Егер шенеуніктер түсінбестікке жеткізбей, әлеуметтік, саяси жаңа әдістемелерді қолданып, ескертпелі саясатты ұстанса, онда жанжалдар алдын алуға болады.

- Негізінде, қазақстандық және түрік жұмысшылары арасындағы жанжал себептерінің бірі жергілікті биліктің жемқорлығы болды, олар еңбекақы төлеу жүйесінде әділетсіздікке орын берді және тағы басқа ...

- Меніңше, бұл - үкімет саясаты мен басқару тиімділігінің мәселесі. Сонымен қатар мәселе соны шешу жолы мен саяси мәдениетке де байланысты. Жанжал немесе проблема пайда болса, кейбір саяси орындарда үкімет шенеуніктері "кінәліні" тапқысы келеді. Басқа жерлерде үкімет шенеуніктері проблеманы шешу жолдарын іздеумен айналысады. Менің ойымша, мемлекеттік саясат бойынша оқулықтарда әлеуметтік ұсыныстар мен нақты мысалдар көп.

- Сіздің ойыңызша, нақты саяси лобби болу үшін Қазақстанда мигранттар саны жеткілікті ме?

- Менің білуімше, Қазақстан заңнамасы азаматтығы жоқ адамдарға партиялар мен саяси қозғалыстарға дауыс беруге тыйым салады, сондықтан біз осы көзқарастан ықпал жайлы айта алмаймыз. Бірақ мигранттарға саяси қорғаныс керек және олар қалай болғанда да өздеріне сондай қорғаныс бере алатын адамдарды немесе топтарды қолдай алады. Мұндай жағдайлар көптеген елдерде кездеседі. Әсіресе, қабылдаушы ел үкіметі шетелдіктердің құқығын қорғай алмаған жағдайда.

- Қазақстан дағдарысқа қарамастан мигранттар үшін өзінің тартымдылығын сақтап қала ала ма?

- Мигранттардың алдында Қазақстанның тартымдылығына әсер ететін бірнеше факторлар бар. Біріншіден, бұл - Қазақстанның халық шаруашылығындағы құрылымдық өзгерістер және жаңа бәсекеге қабілетті экономика секторлары дамуының табыстылығы. Екіншіден, еңбек нарығындағы құрылымдық өзгерістер және "жаңа" мен "ескі" экономикада жаңа еңбек орындарын ашудағы жетістіктер. Үшіншіден, демографиялық бағыттар және ел мен аймақтардағы халық санының көбеюі. Қазақстанның жаңа секторларды, жаңа өнеркәсіп салаларын дамытуға арналған жеткілікті қоры бар, бірақ бұл іс ақылмен жасалуы керек. Нобель сыйлығының лауреаты, экономика докторы Джозеф Стиглиц табысты жаһандану "үкіметтері нарықтарға сүйенетін, сонымен қатар осы нарықтарды құру, қалыптастыру мен басқаруда белсенді рөл атқаратын, жаңа технологияларды ұстанатын..." стратегияларға сүйенеді дейді. Егер Қазақстан динамикалы экономика мен жаңа жұмыс орындары бар іскери қоршаған ортаны дамыту бойынша өзінің оңтайлы жоспарларын жүзеге асыра алса, онда тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізіп, өмір сүруге қолайлы, мигранттарға тартымды ел болар еді.

table


Спикер туралы: Рафис Абазов Гарриман Институты/Колумбия университетінің Халықаралық және мемлекеттік қатынастар мектебінің өкілі болып табылады. Оның зерттеулерінің саласы мемлекеттік саясат пен басқару, бұрынғы Кеңес Одағы, соның ішінде Орталық Азия тұрғындарының тарихы мен демократияландырылуын қамтиды. Доктор Абазов халықаралық миграция бойынша ПРООН жобасына және ТМД-дағы еңбек миграциясы бойынша ЖФРООН жобасына кеңес берген. Оның жұмыстары 2006 жылы Гарриман Институтының грантына, 2007 жылы Қазақстан Журналистер Академиясының сыйлығына және 2008 жылы Орта Азиялық Географиялық Қоғамының сыйлығына ие болды.

10 сентября 2009 | Просмотров: 5 301 | Сұхбат | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді