Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Іскер жаңалықтар әлемінде фаст-фудқа орын жоқ

KoghillБүгінде басылымдардың таралым көлемі, жарнамадан түсетін табысы күрт төмендеуге ұшырады. Ал іскер басылымдар ең көп жапа шегетін БАҚ-на жатады. Оқырмандар мен жарнама берушілер біртіндеп ғаламторға көшуде. Қаржы дағдарысы жағдайды одан сайын күрделете түсті. Қыркүйек айында 1946 жылдан Гонконгта шығатын ең ежелгі азиаттық экономикалық "The Far Eastern Economic" журналы банкротқа ұшырады. Әлемнің 140 елдерінде таралатын, беделді "Business Week" журналы шілде айында табыстың және оқырман аудиториясының қатты қысқаруынан сатылуға қойылды. Осы сияқты бірқатар мысалдарды ары қарай келтіре беруге болады.
Іскер журналистика мен іскер журналдардың болашағы қандай болмақ?
"The Economist" журналының Континенттік Европа, Таяу Шығыс және Африка аймақтарындағы бренд менеджері Шарлотта Когхиллмен сұхбат барысында біз осы сұраққа әлемге әйгілі және танымал журнал жетістігінің тарихына сүйене отырып жауап іздедік.

- Шарлотта, осы жыл аралығында көптеген басылымдар, соның ішінде іскер газеттер банкрот болды. Бірақ Интернет ортанын табыстары әлі де өсіп жатыр. Сіздің ойыңызша, оның себебі қаржы дағдарысында ма, әлде дағдарыс баспа журналистика кезеңін аяқталуға итермелеп келеді ме?

- Экономиканың нашарлануына қарай, сапалы басылымдар ортақ ағынға қарсыласып, сатылымдар қарқынын үдетіп жатыр. Сыртқы дүние шынымен адамдардың өміріне әсер ете алатынын адамдар түсінеді, бұл - өзгеріске ауыр берілетін әдет. Жалпы төмендеуден кейін жарнамадан түсетін табыстар да күрт азайды, дегенмен бұл кейбір іскер газеттердің сәтсіздікке ұшырауының жалғыз себебі болуы мүмкін емес. "The Economist" журналы таралуының өсуі, адамдар саяси және экономикалық жағдайға талдау беретін журналды сатып алуға дайын екендігін көрсетеді.

- Көптеген газет журналдардың қазір өз сайты мен онлайн нұсқалары бар. Сіздің ойыңызша, басылымдардың баспа және онлайн нұсқаларын бәсекесші емес, керісінше бірін - бірі толықтырушы етіп жасауға болады ма?


- Біздің оқырмандар өздеріне жетімді, өзгеріп отыратын талаптарына сәйкес БАҚ және ақпараттың кең спектрін бағалайды. Олар "The Economist"-ті 3 "тағамнан" тұратын пікір мен талдауы бар сапалы "түскі ас" сияқты қарастырады (Интернет - бұл "түскі аспен" салыстырғанда фаст - фуд қана). Бірақ, Economist.com оқырмандарға жаңалықтар, блогтар, толық жетімді іздеуге арналған мұрағат және толық енгізілген аудио - нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.

- Алайда, адамдар неліктен басылымдарды онлайн нұсқалардан гөрі көбірек қалайды деп ойлайсыз? Баспахана бояуының үйреншікті иісін cезу немесе беттердің аударғандағы сусылдауын есту үшін бе?


- Оқырмандардың журналмен эмоциялық қатынасы бар; олар демалыстарында журналдың жаңа санын алып, жайғасып отырып оқығанды қалайды. Олар жай ғана бастықтарына әсер ету үшін немесе бұл басылымды оқу міндеттілігінен ғана оқып қоймайды. Оқырмандар үшін бұл дәстүрлі қанағаттану түрі.

- Соңғы кезде көптеген танымал басылымдар өздерінің шет елдердегі бюроларын қаржылық қиыншылықтар салдарынан жабуға мәжбүр болғандықтан, журналистика сапасы мен бұқаралық ақпарат құралдары беретін ақпараттың нақтылығы төмендеп барады деген пікір пайда болды. Сонымен, әлемнің кейбір аймақтарындағы ақпарат нақты емес, өйткені жергілікті журналистер әрқашан құзыретті бола бермейді. Сіз осы пікірді қолдайсыз ба?


- Білесіз бе, "The Economist" - 201 елдерде және аймақтарда сатылатын шынымен - ақ ауқымды басылым. Журналдың осыншама географиялық жерді хабардар етуі, бүкіл әлем бойынша Берлин мен Вашингтоннан Токио мен Мумбайға дейін біздің тілшілеріміздің болуы біз үшін өте маңызды.

- Өткен 3 жыл ішінде журналда штаттық қысқартулар болды ма? Интернатура бағдарламасына қатысты ойыңыз?


- Мен тек қана біз журналистерді қысқартпағандығымызды және интернатура бағдарламасын жалғастырып жатқанымызды айта аламын.

- Журналды басқарушы "The Economist" тобында басқа да басылымдар бар. Кейбір басылымдарды толығымен онлайн нұсқаға ауыстыру жоспары бар ма?


- Қазіргі кезде "The Economist" тобының ешбір басылымын толығымен онлайн нұсқаға ауыстыру жоспарланған емес.

- Неге?


- Біздің оқырмандар басылымдарды қадірлейді және оларды оқуға кетірген уақыттарын бекер деп санамайды.

- "The Economist" журналы өзінің мақсатты аудиториясын қалай бағалайды? Сіздердің орта санақтық есеппен алғандағы оқырманыңыз кім? Сіздер белгілі бір тақырыптар аясына бағытталғансыздар және қарапайым адамдарға да жетімдісіздер. Осылар арасындағы теңдікті қалайша табасыздар?


- "The Economist" ойлау стилдері бір, әр-түрлі оқырмандарды қызықтырады. "The Economist" оқырмандары әр-алуан және олардың қызметтері тек бизнеспен ғана шектелмейді. Біздің журналды оқитын атақты адамдардың қатарына Билл Гейтстен бастап Пэрис Хиллтон сияқты есімнамалар кіреді. "The Economist" журналы дүниені түсінгісі келетін әрбір адамға арналады. Біздің соңғы 28 жыл ішіндегі жүйелі ауқымды өсуіміз өздері үшін аса сапалы ақпарат пен көрегендікті іздейтін және осыларды тек "The Economist"-тен тапқан көптеген білімқұмар адамдардың бар екендігін көрсетеді.Сонымен қатар басылымға жазылушылардың 1 % ғана экономистер екендігін айта кету орынды.

- Сіздердің аудиторияларыңызда өзгерістер байқалады ма? Олардың талғамдарында бәлкім? Адамдардың аз оқуы орын алады ма?


- Тіпті ең қарбалас кезеңнің өзінде баспа БАҚ өндірісіндегі өсіп келе жатқан проблемаларға қарамастан, "The Economist" журналы бізге сенетін оқырмандарды және тіпті евро аймағының экономикасы мен американдық денсаулық сақтау реформалары, ғаламдық жылу мен автомобильді өндіріс туралы жазылған түсініктемелерді бағалайтын оқырмандарды қызықтырып келеді. "The Economist" тәуелсіз және өзекті басылым, сондықтан біздің көбейіп жатқан аудиториямыз қарбалас уақыт кезіндегі ең бастысы - түсіністік деген ойды тудырады.

- "The Economist"-тің таралым және жарнамадан түсетін табысының жағдайы қандай?


- "The Economist" үшін ең бастысы - оқырман. Журнал оқырмандар үшін шығарылады, біздің негізгі табысымыз таралымнан түседі (көптеген журналдардан ерекшелігі) және біз өзіміз жазатын тақырыптарға коммерциялық қалаулардың араласуына жол бермейміз. 2009 жылдың тамызында жасалған АВС статистикасының жылдық есептеуі бойынша біздің ауқымды өсуіміз 6,4% және әлемдік таралым 1390780 дананы құрайды, бұл біз соңғы 10 жыл ішінде екі есе өскенімізді білдіреді. "The Economist" тобының жылдық көрсеткіштері (2009 жылдың 31 наурызына қарағанда) рекордты көрсеткішті, яғни табыс 17% -ға 313 млн. фунт стерлингке дейін өскенін көрсетеді.

- Бұл шынымен де таңқаларлық жағдай. "The Economist" жетістігінің құпиясы неде?


- Адамдар жаңалықтардың, көрегендік пен пікірлердің бірегей қоспасы үшін төлеуге дайын екендігін білдіреді.

- Сіз жуық арада баспа журналистикасы өзінің тіршілігін аяқтайтынына сенесіз бе?


- "The Economist"-ің 1,39 млн. таралым даналары - салауатты оқырмандар жетік БАҚ қалайтындығының дәлелі. "The Economist" - оқырмандар өз уақытын бөлетін, дәстүрлі және рухани қанағаттану болып табылады. Олар мұндай жаңалықтар, көрегендік және пікірлер бірлігін оқуға кетірген уақыттарын зая кеткен уақыт деп санамайды. Үш деңгейлі түскі ас (Интернет фаст-фудқа қарсы) - оқырмандардың қызығушылығын, көбірек білу қажеттілігін қанағаттандырады.

Сұхбатты арнайы "BizMedia" веб-сайтына Динара Түсіпова даярлады.

Спикер жайлы: Шарлотта Когхилл "The Economist" журналында 5 жыл аралығында қызмет атқаратын континенттік Европа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бренд - менеджері.

- "The Economist" тобы жұмысының, сіздің ойыңызша, ең жақсы және ең қиын жақтары неде?


- Әр күн алуан түрлі, сіздер қызықты адамдарды кездестіресіздер және сіздерге қойылған мәселелерді шешесіздер.

- Сіз "The Economist" журналының контентін, егер де ол үш "тағамнан" тұратын "түскі ас" деп есептесеңіз, қалай сипаттар едіңіз?


- "The Economist" әлемдік бизнестің нақты ойластырылған талдауын, саяси, ғылыми, технологиялық және мәдени оқиғаларды және олардың арасындағы байланысты көрсетеді.

"The Economist" тобы жайлы шағын ақпарат:

"The Economist" журналы 1843 жылы құрылды. Басылым бүгінгі күнге дейін әлемдегі ең құрметті экономикалық басылымдардың бірі болып табылады. Бұл оның оқырмандар үшін қызықтырушылығының төмендемеуін, сонымен қатар сәтті қаржылық әл-ауқатын қамтамасыз етеді. Журнал "Intelligent Life" (2009 жылы 900 мыңнан астам дана), "World In" (тоқсан сайын 175 мың дана) басылымдарын басқаратын "The Economist" тобымен жарыққа шығады.

"The Economist" континенттік Европада (ТМД мемлекеттерін санағанда):

- Журналға жазылушылар жасының медианды мағынасы - 46 жас;
- Оқырмандар арасында 87 % ерлер, 13 % - әйелдер;
- Журналға жазылушылар табысының медианды мағынасы - жылына 128000 евро.

"The Economist" әлемде:

- Журналға жазылушылар жасының медианды мағынасы - 47 жас;
- Оқырмандар арасында 87 % ерлер, 13 % - әйелдер;
- Журналға жазылушылар табысының медианды мағынасы - жылына 175000 евро;
- 2009 жылдың қаңтар - маусым айларында ауқымды таралым 1,42 млн данадан асты.

28 октября 2009 | Просмотров: 2 552 | Сұхбат | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді