Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Қуат Домбай: “Корпоративті принциптер ішкі де, сыртқы да аудитория үшін бірдей болуы тиіс”

DombaiКейбір адамдар бар, олармен әңгімелесу өте қызықты. Неге? Өйткені олар күн тақырыбындағы өзекті сұрақтарға өздерінің жауаптарын іздейді. Ол білім мен тәжірибеге негізделген жауаптар. Сөз жоқ, Қуат Домбай, HSBC Bank Kazakhstan корпоративті қарым-қатынастар қызметінің басшысы және "PRшы" Клубының негізін салушы - осындай мамандардың бірі.
Төменірек біздің әңгімемізден алынған үзінділерді оқыңыздар, барлығына ұнамас, бірақ ойландыртатыны да көп.

- Сіз бүгінгі Қазақстандағы PRдың жағдайын қалай сипаттар едіңіз?

- PRдың әлемдегі жалпы жағдайы туралы сөз қозғау керек шығар - ол өзінің классикалық ұғымында 10 жыл бұрын өлген. PR сыртқы карым-қатынастар сияқты ішкі қарым-қатынассыз мүмкін емес , бұл ұғым басқарушы корпоративтік ойға бұрыннан келген. Қазір біз сыртқы және ішкі қарым-қатынастар өзара бірлескен корпоративті қарым - қатынастардың күәгерлеріміз. Корпоративті принциптер ішкі, сонымен қатар сыртқы да аудиториялар үшін бірдей болуы тиіс.
Қазақстанға келетін болсақ, ұсыну деңгейі компаниядан компанияға өте түрленеді. Адамдар беделдің және корпоративті брендтің маңыздылығын түсіне бастады, бірақ бұның айғағы компаниялардың құрылымдарында әр түрлі және жиі жүйелі емес. Себебі жұмысты бағалау жүйесінің бизнестегі табыстарға емес, адалдыққа негізделгендігінде.

- Сіздің қазақстандық іскер журналистикаға көзқарасыңыз. Сіздің ойыңызша, не жасалды және әлі де не жасау керек
?

- Менің ойымша журналистикада баспасөзге деген көзқарасты өзгерту керек - газеттер бұл бос нәрсе және акционердің қолындағы ойыншық емес, керісінше пайда әкеле алатын және әкелуі тиіс кәсіпорын. Тираж саны мен жарнама берушілерге байланысты пайда. Журналистердің сауаттылығы - бұл үлкен проблема - бұл салаға жаңадан келгендер мамандандырғылары келмесе, еңбек тәжірибелері бар журналистер бәрін білеміз деп өздігінен дамып, біліктіліктерін арттырғылары келмейді.

- Сіздің дипломаттық еңбек тәжірибеңізді ескере отырып, сіздің Wikileaks айналасындағы оқығалар жайындағы пікіріңіз.

- Мүмкін, маңыздылығы жағынан екінші кезектегі мәселе болып табылатын барлау ақпаратынан түскен пайда максимизациялануда, оны архивтер үшін сақтаудың құндылығы жоқ болар. Үшінші елдерді абыржытатын нүктені неге ұйымдастырмасқа? "Алдын алу" мақсатында. Үшінші бір жақтан ақпарат ұсыну керемет жаңалық та емес сияқты, бірақ көріп тұрғаныңыздай әлі күнге дейін тиімді қызмет етеді.

- Сізге кетіп бара жатқан 2010 жыл несімен есте қалды? Сіздің жетістіктеріңіз, жаңалықтарыңыз, неден көңіліңіз қалды?

- Ең басты жетістік - әдеби "Алтын Қалам" сыйлығының өткізілуі. 70 астам жаңа авторлар - бұл өте керемет!

- Айтпақшы, "Алтын Қалам" жобасы жайлы екі ауыз сөз айта кетсеңіз.

- "Алтын Қалам" әдеби сыйлығын өткіземіз деген ой туындағанда - бұл біз үшін мәдени вакуум мен құлдылық орнаған жүйеге наразылық білдіру болды. Біз нағыз дарындыларды және қызықтылығын оқырмандардың өздері анықтайтын, қызықты авторларды табуға шешім қабылдадық. Біз авторлардың да және қазақстандық БАҚ да мұндай қызу реакцияларын күтпеген едік. Жеңімпаздардың туындылары орналасқан кітапты баспаға алушы корректор мына фразамен өз сырын баян етті: "Мен кітап оқудан сондай дем алдым және ляззат алдым! Сіздерге рахмет! Әйтпесе мен жанұя тарихтарын оқудан әбден шаршадым". Дәл осыны да біз жойғымыз келеді. Оқырмандарға, әрбір екіншісі самурайдың ұрпағы болып саналатын, жанұя шежірелері керек емес. Нағыз мәдениет көп қырлы және жанрларға бай болуы тиіс.

- Сіздің 2011 жылға деген жоспарларыңыз: жеке басыңызға, корпоративтік.

- Орыс тілді қазақстандық авторлар үшін "Алтын Қалам 2" өткізу, Естелік Күнін ұйымдастыру және "Пиар без Понтов"-ты қайта басып шығару.

- Біздің сайтты тамашалаушыларға деген тілектеріңіз.

- Гүлдене берулеріңізге және миллиондаған оқырмандар тілеймін.

29 декабря 2010 | Просмотров: 2 879 | Сұхбат | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді