Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Барлық адамдардың радиациялық қауіпсіздігі

NasyrovҚазіргі заманда адам, оның денсаулығы мен қауіпсіздігіне елеулі әсер ететін, оған үнемі қатер төніп турған жағдайда өмір сүреді. Табиғат сүргіндерінен, өндірістік апаттар мен зілзалалардан, әлеуметтік күйзелістер мен адам кінәраттарынан (ішімдік, есірткі және шылым) басқа, не түсі, не иісі жоқ, адам денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатерлі жау бар, оның атауы - радиация.
Әрбір қатерді адекватты қабылдаудың міндетті шарты - ол туралы жетімді, түсінкті объективті ақпарат алу болып табылады. Егер радиация туралы сөз қозғасақ, онда радиация барлық жерде кездесетіндігін және цивилизация дамуының сонау басынан адаммен қатар жүріп келетіндігін түсіну қажет. Адам "радиация теңізінде" өмір сүреді, ол әрқашан адаммен бірге. Бүгін біз "Қорғау, қауіпсіздік және бақылау Орталығы" ЖШС атқарушы директоры Насыров Наджат Исмаиловичпен тұрғындардың радиациялық қауіпсіздік проблемалары жайлы әңгіме қозғаймыз.

- Радон дегеніміз не?

- Радон - бұл ауыр табиғи радиоактивті газ, мөлдір, түссіз және иіссіз, адам оны не көре алмайды, не сезе алмайды. Радон Rn-222 жер қайнауының қабығында әртүрлі таулы жыныс құрамына кіретін уран мен торийдің ыдырауы нәтижесінде пайда болады, дегенмен оның мөлшері әрбір жерге байланысты қатты өзгеруі мүмкін. Радонның пайда болуы мен таралуын геология зерттейді, өйткені дәл таулы жыныстар оның алғашқы шығу көзі болып табылады. Ең алдымен радонның қоршаған ортада болуы жыныс пен топырақтағы аналық элементтердің шоғырлануына байланысты. Сондықтан қоршаған ортада радонның таралуы жайлы алғашқы түсінікті геологиялық карта бере алады. Радиоактивті элементтердің қандай да бір мөлшерде барлық жерде кездесетініне қарамастан, олардың жер қабығында таралуы біркелкі емес. Уранның ең жоғарғы шоғырлануы атылатын (магматикалық) жыныстарға тән, әсіресе гранитке. Уранның жоғары шоғырлануы қара түсті тақтатастарға, құрамында фосфаты бар шөгінді жыныстарға, сонымен қатар осы шөгінділерден пайда болған метаморфикалық жыныстарға ұштастырылуы мүмкін. Әрине, топырақ та, қалдық шөгінділер де, аталған жыныстардың қайта өңделуінің нәтижесінде пайда болған, сондай - ақ уранмен байытылады. Бұдан басқа радонның негізгі көздері болып құрамында уран (радий) бар таулы және шөгінді жыныстар табылады.

Радон топырақтан жердің бетіне еңіп, атмосферада тез ериді, атмосферада радонның шоғырлануы өте төмен. Бірақ, егер де радон топырақтан ғимараттар сияқты жабық аумаққа енетін болса, онда ол кейбір жағдайларда адамдардың денсаулығына зиян шоғырлануға жинақталады. Үйлерге радон жерден төлелер арқылы енеді, көп мөлшердегі құрылыс - өңдеу материалдарынан бөлінеді. Таза ауадан гөрі ғимараттар ішіндегі ауа алмасуының деңгейі төмен болғандықтан, радонның шоғырлануы, әсіресе қысқы уақыт кезінде, жоғарырақ болады.

Радон суда өте жақсы ериді және ванна бөлмесі мен ас үйде интенситвті шоғырланады (зерттеулер нәтижелері бойынша, ыстық суды 30 минутқа ағызып қойған кезде ванна бөлмесіндегі Rn-222 шоғырлануы 20 - 25 есе өседі). Скважина арқылы алынған суды қолданған кезде радонның шоғырлануы аса интенсивті болады.

- Радонның қаупі неде?

- Радонның радиоактивті бөлінуі кезінде басқа радиоактивті бөлшектер пайда болады, яғни бөлінудің туынды өнімдері. Газ күйінде радон өкпеге еніп, биологиялық ткандарды сәулеленуге әкеліп соқтырады, ары қарай ол рак ауруын тудырады. Қазіргі кезде өкпе рагы ауруымен ауырғандардың жалпы санының жартысының көп бөлігі, бұрынырақ шылым шегудің нәтижесінде ауырса, ал қазір дәл осы жоғарғы құрамды радонды жерлерде жүретіндігінің салдарынан осы ауруға шалдығып отыр. Көпжылдық зерттеулердің нәтижелері бойынша, радонмен сәулелену салдарынан АҚШ тұрғындары өлімдерінің жиілігі жылына 20 мың оқиғаға дейін жетеді. ООНның атомдық радиациясының әрекеті Ғылыми Комитетінің бағалауы бойынша радон өзінің радиоактивті бөлінудің туынды өнімдерімен бірге адамның жылдық жеке тиімді сәулелену мөлшерінің 75 % жауапты.

- Радонмен байланысты проблемалар қайда кездеседі?

- Геологиялық карталар мен алдын - ала зерттеулер Қазақстанның тұрғындары көбінесе радонды қауіпті территорияларда тұратындығын көрсетті. Радонның жоғары деңгейлері Алматы, Жезқазған, Көкшетау, Шығыс - Қазақстан облыстарында табылған.

- Осыған орай қандай әрекеттер жасау керек?

- Өзінің денсаулығы және жанұясының амандығының қамын ойлаған адамның әрекет жасаудағы ең маңызды қадамы - ол үйінде, кеңсесінде немесе пәтерінде радонды табатын арнайы тесттер жасауы. Мысал ретінде адамдар өз денсаулықтары үшін қалай мазаланатындары жайлы өзімнің жеке бақылауларымнан деректер келтірейін. Ең оңай тәсіл дәріханаға барып дәрілерді сатып алу (бірақ маман дәрігермен емес, ал дәріхана сатушысымен кеңесу). Біз дәрілерге 5 мыңнан 10 мыңға дейін ақша жұмсаймыз. Салыстырсақ, радонның мөлшерін зерттеудің бағасы 3 мыңнан аспайды. Ең алдымен, тұрғын үй, әлеуметтік, әкімшілік және өндірістік ғимараттарда радон құрамының деңгейін зерттеу қажет. Бұл зерттеуді радиолог мамандар мен арнайы құрал жабдықтардың көмегімен жасауға болады. Мұндай зерттеулер Сізге ғимаратта радонның қатерлі деңгейлері бар немесе жоғы жайлы ақпарат береді. Осындай зерттеулерді жүйелі түрде өткізіп тұру қажет. Егер де радонның қандай да бір мөлшері үйдің іргетасында табылған болса, онда мұндай ғимаратта тұрудан бас тартып, басқа жаңа жерге көшу керек. Бірақ бұл проблема шешімінің ең ақырғы шарасы болып табылмайды, егер де радонмен байланысты проблемалар туындап жатса, радон деңгейін азайтудың оңай, тиімді және қымбат емес бірнеше шаралары бар. Өзіңіздің үйіңізді, кеңсеңізді немесе пәтеріңізді тексеру үшін Сіз біздің мамандарымызға "Қорғау, қауіпсіздік және бақылау Орталығы" ЖШСне хабарласа аласыз, ол өзінің қызметін ҚР ИЖТМ МЛА № 0002070 2009 жылдың 2 наурызынан берілген атомдық энергия Комитетінің Мемлекеттік лицензиясы негізінде іске асырады. Лицензияланған жұмыстар мен қызметтер түрлерінің құрамына мыналар кіреді:
- территорияларды, ғимараттарды, металл сынықтарын, көлік түрлерін радиациялық бақылаудан өткізу (экспозициялық мөлшердің қуаттылығын өлшеу);
- радонның шоғырлануын өлшеу.

Кәсіпорын мекен жайы: Алматы қаласы, Төреқұлов көшесі 71, Сейфуллин көшесінің қиылысы, Қазақстан - Ресей медициналық университетінің ғимаратында, 3 қабатта, 315 кеңсе.

Телефондары: 279 - 18 - 09, 279-18-22

Факс: 250-09-28

e-mail: czbk@mail.ru

14 марта 2011 | Просмотров: 5 097 | Сұхбат | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді