Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Константин Лифанов: “Гольф мен үшін – өмір салты”

Liphanov"Kazakhstan open - 2011" кезекті 7-ші халықаралық гольф турнирі қарсаңында біз "Nurtau" Гольф клубының гольф-директоры, турнир директоры, қазақстандық гольф негізін қалаушылардың бірі Константин Лифановпен әнгімелестік.

- Константин, сіз гольфке қалай келдіңіз? Сізді кеңестік кезеңнен кейінгі уақыт үшін дәстүрлі емес спорт түріне не әкелді?

- Мен үшін бұл оқиға 25 жыл бұрын басталды. Мен бала кезімнен 21 жасыма дейін грек-рим күресімен шұғылдандым. Бірақ 1987 жылы біз қаланың басқа ауданындағы басқа пәтерге көштік. Белгілі швед хоккеисті Свен Юханссонның бастамасымен біздің жаңа үйден 100 метр қашықтықта СССРде алғаш 9-қуысты гольф-алаңы салынды.

Осы жерде балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ашылды, ол мектепке маңайдағы мектептерден балалар алынды. Солардың ішінде мінекей мен де болдым. Шындығы керек, мен ол кезде өз бақытымды түсінбеппін. Ол кезде біз үшін гольф спортпен емес, шұлықтармен, гетрлермен ассоциаланатын. Алайда, біз секцияға келіп, жаттығып көргенде, гольф мені баурап алды. Нағыз жаттығулар, жаттықтырушылар өткізген сабақтар, жарыстар басталды.

- Ал күрес жаттығулары ше?

- Бірталай уақытқа дейін гольф менің өмірімде классикалық күреспен қатар жүрді. Бірақ, ақырындап, мен 20 жас шағымда грек-рим күресінен спорт шебері бола тұра, менің гольфпен қызығушылығым басымдырақ болды. Ол кезде мәскеулік балуандар үшін Мәскеу чемпионы атану Ресей чемпионы атағын алумен бірдей болды. Үш финалда мен ойдағыдай күресе алмадым, екінші және үшінші орындар алып жүрдім. Төртінші финалда менің көңілім мүлде қалды, өз-өзіме: "Енді маған тек гольф керек" дедім. Бәрі содан басталды. Сол кезден бастап менің өмірімді гольфсыз елестету мүмкін емес болды. Өзіміздің бірінші клубымызда біз бәріміз бірге өстік, жаттықтық, кәсіпқор болдық.

- Содан кейін не болды?

- 1996 жылдан бастап мен гольф саласында өзімнің кәсіби мансабымды бастадым, кәсіби турнирларға шыға бастадым. Мәскеулік гольф-клубта балалар жаттықтырушысы болдым, сол жерде гольф-директор қызметінен тәжірибе жинадым. Гольф бойынша Ресейдің жасөспірімдер құрамасының бас жаттықтырушысы болып та қызмет атқардым. Бір сөзбен айтқанда, бір мезгілде өзіме ойнауға да, жаттықтырушы жұмысымен айналысуға да тура келді. Оқушыларыма үлгі болу үшін дайындықтың жоғары деңгейін жоғалтпау да, табыс табу да керек еді. Осылайша барлығы бір жүйеге тұтасты: жұмыс та, әуестік те, спорт та.

- Гольфтың мәнін спорт түрі ретінде қалай аштыңыз?

- Мен үшін гольф ең бастысы - өмір салты. Басқа спорт түрлерімен салыстырғанда, мысалы, күреспен, күш-салмақ спорт түрлерінде, жекпе-жектерде, қарсылас алдында физикалық басымдылық маңызды. Ал гольфте белгілі бір мезгілде көптеген кәсіпқорлар бірдей деңгейге шыға алады. Кәсіпқор гольф ойнаушының жетістігі оның күреске деген ішкі дайындығымен, оның эмоцияларын, мінезін басқара алуымен белгіленеді. Гольфпен өмір сүру керек, ойша әрбір соққыны, алаңдағы әрбір қозғалыс-қимылды, әрбір тесікті ойластырып, өзіңнен өткізу керек. Басқалайша гольфте табысқа қол жеткізу мүмкін емес. Тайгер Вудс та өзінің керемет өмір кезеңдерінде ойынды нағыз шоуға айналдыра отырып, өзінің ессіз энергетикасымен, тартымдылығымен барлық адамдарды және ең бастысы өз өзін қызықтырып әкететін. Гольф - өзінің ережелері мен қағидаларын сізге "міндеттеп", сізді қайтадан қалыптастырып шығарады.

- Алаңға қандай негізгі принцип немесе ұғымсыз шығуға болмайды?

- Қарсыластарың мен өзіңнің алдында толық адалдық пен адамгершілік болуы тиіс. Қосайын дегенім, гольф ойыны бойыңда байсалдылық, төзімділік, өзіңе деген сенімділік сияқты мінез-құлықты дамытады. Гольф - сізді тәрбиелейтін, басқаша өмір сүргізетін ойын.

- Ел арасында гольф бай және өте бай адамдарға арналған ойын деген пікір қалыптасқан. Ол солай ма?

- Сіздің сұрағыңызға жауап беру үшін, гольф тарихына бет бұрайық. Аңызға сәйкес, гольф Шотландияда бақташылар өздерінің асатаяқтарымен жағалауда жатқан тастарды қуалап жүргенде дүниеге келді. Ал Шотландияда суырлар өте көп, олар жерден қазіргі кездегі ені 11 сантиметр болатын тесіктердің түп бейнесіне айналған індерді қазатын.

Тастарды бақташылар дәл осы індерге кіргізіп ойнай бастады. Кім дәлірек кіргізер, кім азырақ талпыныс жасар деп жарысты. Осының барлығы шотландық жауынгерлерді қызықтырып әкеткен ойын ретінде өз жалғасын тапты. Тек осыдан кейін ойын өзінің бүгінгі сипатына ие болды, кәсіби ойыншылар, клубтар, жеңімпаздарға арналған жүлделер пайда бола бастады. Кейінірек ойынға қуатты, бай азаматтар көңіл аудара бастады, ұтыс тігіп, тотализаторларда ойнады. Ақырындап гольф бақташылар ойынынан нағыз өнеркәсіпке, бизнеске айналды. Гольф үшін алаңдар салына бастады, әсіресе бұл салада американдықтар үлкен жетістіктерге жетті. Нағыз гольф-стадиондар салынды, көрермендер мен теледидар көрермендері үшін ойын кезінде барлығын дәлме - дәл көру үшін барлық бұрыштарға бейнекамералар орнатылды. Ойын қымбат әуесқойлық беделіне ие болып, бай адамдарға арналған ойын деп қалыптаса басталды.

Бірақ, басқа жағынан қарасақ, сол Американың өзінде - ақ тұрғындардың барлық топтарына қол жетімді public coursers-тер бар. Шотландияда әлі күнге дейін 5 фунт төлеп 18-тесіктер ойнауға болатын ежелгі клубтар бар. Айтпақшы, сол жерде сіздер алдымен доптарын соғып, ал содан кейін оларды торқапшықтарға жинап жүрген адамдарды көресіздер. Қысқаша айтқанда, қазіргі гольфте белгілі бір элиталылық және ойын тарихымен үйлескен демократияшылдық бар.

- Ал бізде жағдай қандай?

- Қазақстанда гольф не бәрі 15 жыл дамып келеді, алты жүз жылдық тарихы бар спорт түрі үшін бұл өте аз уақыт. Дегенмен де, гольф бізде бұқаралық жағынан ілгерілеуде. Мысалы, "Nurtau" гольф-клубында ақылы және тегін топтары бар балалар секциясы жұмыс істейді. Жаттығу ақысы керекті құрал-жабдықтар мен білікті жаттықтырушы қызметін қоса айына 12 мың теңге үстінде. Сонымен қатар, дарынды, гольф кәсіпқорлары боламыз деген блаларға кейбір балалар топтарына тегін қабылдау арқылы мүмкіндік беріп, демеу көрсетеміз.

Ересектерге келер болсақ, "Ариал" гольф-клубында әрбір ойыншы 5-6 мың теңгеге 9-тесікті мини-гольф ойнай алады. "Nurtau" голь-клубында 2 мың теңгеге бірнеше сағат жаттығу алаңында жаттығуға болады. Мысалы, Шымбұлақта шаңғы тепкіңіз немесе теннис ойнағыңыз келсе көбірек болмаса, азырақ төлемейсіз.

- Сіздерде гольфпен қанша бала шұғылданады?

- Бүгінде біздің балалар топтарында 100 шақты бала айына 8 рет жаттығады. Соңғы 8 жыл ішінде "Nurtau" гольф-клубында гольф мектебін бітірген балалардың жалпы саны 1,5 мыңнан асты. Олардың көбі үшін гольф жай ғана әуесқойлық емес, ол ең алдымен өмірдің бір бөлігіне айналғанына сенім білдіремін. Гольф балаларға көбірек қол жетімді болу үшін, келешекте де біз барлық жағдайларды жасауға тырысамыз. Сонымен қатар, гольф олимпиалық спорт түрі екендігін естен шығармау керек. Көптеген елдерде гольфты қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар бар. Мысалы, Ресейде осындай бағдарлама аясында бірнеше балалар және жасөспірімдер мектептері ашылған, онда балалар толық тегін жаттығады. Қазақстанда да мемлекет бұл келешегі бар спорт түрін белсендірек қолдар деп үміттенеміз.

- Біздің сұхбатымыз "Kazakhstan open" 7-ші Турнирінің қарсаңында өтіп жатыр. Бұл турнир Европаның турнирлік торабында өзінің лайықты орнына иеленді ме?

- Біріншіден, "Kazakhstan open" мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен біздің елімізді әлемдік қауымдастыққа паш ету бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, турнир Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жоғарлатудың өзіндік құралы. "Kazakhstan open" өзінің міндеттерін өте тиімді атқарып жатқандығын атап өту керек. European Challenger Tour тәрізді топтамасының 35 турнирларының ішінен "Kazakhstan open"-нің жүлде қоры ең ірі болып отыр. Жыл сайын бізге European Challenger Tour-дың 100 ең үздік гольфистері келеді, олардың көбі кейіннен әлемдік гольф элитасына кіріп жатады.

Мысалға, Майкл Крамер, ешкімге танымал спортшы болмай тұрып, Турнирге 2005 жылы қатысты. Ал 2006 жылы оны бүкіл әлем таныды, және ол қазір әлемдік рейтингтің үшінші баспалдағында тұр. Дәл осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Альваро Кирос та, Рос Фишер де, ағайынды Малинарилардың біреуі де - осылардың барлығы әлемдік шыңдағы жолда "Kazakhstan open" алаңдарынан өткен болатын. Бір сөзбен айтқанда, біздің турнир өздерінің қатысушылары үшін әлемдік даңқ пен ұлы жеңістерге жол ашады.

- "Kazakhstan open 2011" -де көрермендер мен жанкүйерлерді қандай қызықтар күтуде?

- Осы жылы Турнир жаңартылған және жетілдірілген "Nurtau" Голь-клубының алаңдарында өтеді. Біз "Kazakhstan open 2011" Турнирінде қызмет көрсететін қызметкерлердің дайындық деңгейіне аса үлке көңіл бөлдік. "Pro Am"-ға (Турнир алдындағы командалық жарыстар) алғаш рет балалардан құралған команда қатысады, олар өздерінің алғашқы кәсіби сабақтарын алады. Және айтып кеткендей, бізге әлемдік гольфтың болашақ жұлдыздары келеді. Кім білер, мүмкін 2-3 жылдан кейін осы турнирге қатысушылардың бірі жаңа Тайгер Вудс, осы тамаша ойынның аңызы атанар.

- Және біздің дәстүрлі сұрағымыз: біздің сайттың оқырмандарына тілектеріңіз?

- Құрметті ханымдар мен мырзалар, голь-алаңдары сіздер үшін ашық! Шыны керек, біз журналистерге әрдайым қуаныштымыз. Гольф туралы жазу сіздер үшін оңай болу үшін емес. Сіздердің өмірлеріңізді одан әрмен керемет, ашық қылатын тағы бір әуесқойлық, құштарлық орын алсын деген ниетпен.

30 августа 2011 | Просмотров: 2 871 | Сұхбат | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді