Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Глоссарий

АДҚ

Депозитарлық қолхаттардың бір түрі. Бұлар Американдық депозитарлық қолхаттар деп аталады. Туынды бағалы қағаздар қатарына жатады. Осы депозитарлық қолхаттардың өздері шығарылған елдің шегінен тыс жердегі уәкілетті қор биржасында тіркелген, аталған қолхаттардың берілуіне негіз болған акциялардың белгілі бір санын білдіреді. Американдық депозитарлық қолхаттарды (АДҚ) американдық инвестицияларды оңайлату мақсатында Морган Гаранти компаниясы ойлап шығарған. Қазіргі кезде Американдық депозитарлық қолхаттардан өзге депозитарлық қолхаттардың басқа түрлері де бар - ҒДҚ (Ғаламдық депозитарлық қолхаттар) және ҚДҚ (Қазақстандық депозитарлық қолхаттар).

 

Айырбасталатын бағалы қағаз

Акционерлік қоғам шығарған, айырбасталатын бағалы қағаз, ол осы бағалы қағаз шығарылған кезде белгіленген шарттар бойынша осы акционерлік қоғамның басқа тұрпаттағы бағалы қағазына айырбасталуға жатады.

 

АКЦИЯ

Акция - акционерлік қоғам тарапынан шығарылатын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, яғни жалпы жиындарда дауыс беру, сол бойынша ликвидация кезінде дивиденд және қоғамның жарты мүлкін алу құқығын дәлелдейтін бағалы қағаз, сонымен қатар Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғам туралы» заңда қарастырылған өзге де құқықтар. Акцияның екі түрі болады - қарапайым және артықшылықты.

 

Акционер (shareholder)

Акционерлік қоғамның акцияларын иеленетін тұлға немесе компания Акционерлік қоғамның жоғары басшылығы оның акционерлерінің қолында болады, олардың акционерлердің жиналыстарында өздерінің дауыс беру құқығын пайдалану жолымен немесе оны сіңіру туралы ұсынысты қабылдау жолымен акционерлік компанияның басшылығын өзгертуге құқығы бар.

 

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

Акционерлік қоғам - өз қызметін іске асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңдық тұлға.

 

Акциялардың атаулы құны

Құрылтайшылар (жеке дара құрылтайшы) төлейтін жарғылық капиталды қалыптастыруға қатысатын акциялардың құнының акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында айқындалған ақшалай бейнесі.

 

Акциялардың бағамы (shares price)

Бір акцияның белгілі бір нақты уақыт сәтіндегі сатылымдық бағасы немесе акцияның атаулы құнынан ауытқуы.

 

Акциялардың бағасын белгілеу

Қор биржасында нарықтық бағаны айқындау.

 

Андеррайтер

Сақтандыру ісінде - сақтандыру келісімшарттарын жасау үшін жауап беретін тұлға; банк ісінде - эмитентке арнайы сыйақы үшін келісілген шарттар бойынша оның облигациялық қарызын немесе акцияларының пакетін нарықта орналастыруға кепілдік беретін тұлға немесе компания.

 

Андеррайтинг

Жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды сату мақсатында сатып алу. Әдетте инвестициялық дилерлер тобы жүзеге асырады, бұл жағдайда олар андеррайтерлер (жазылушылар) деп аталады.

 

Аннуитет (аннуитеттер) (annuities)

Бастапқы мағынасы - жылдық төлемдер (ағылшынның "annual" - жыл сайынғы деген сөзінен шыққан). Батыс Еуропа елдерінде барлық дәйекті (соның ішінде апталық) төлемдерге (рента, зейнетақы және т.б.) қатысты қолданылады. Орыс және ағылшын тіліндегі нұсқаларында сәйкесінше көпше түрде қолданылады. Аннуитеттер Ұлыбританияда және кейбір басқа еуропалық елдерде, сондай-ақ АҚШ-та кең таралған. Аннуитеттің күрделі түрі болады, мұнда табысты сақтандыру, мысалы, капиталды бағалы қағаздарға құюмен біріктіріледі (инвестициялық аннуитет). Егер негізгі аннуитеттерді Ан деп, сақтандыру аннуитеттерін Ас деп белгілесек (сақтандырылушы сақтандыру мекемесіне белгілі бір соманы салады, ал содан кейін бекітілген бір кезеңніің ішінде немесе ғұмыр бойы дәйекті табыс алып отырады), ал бағалы қағаздар әкелетін табысты Аб деп белгілесек, онда инвестициялық аннуитет бойынша табыстың жалпы сомасы Ажлп.= Ан + Ас + Аб болады. Мерзімдік және ғұмырлық болып бөлінеді. Мерзімдік аннуитеттер бойынша несиегердің рентаға деген құқығы белгілі бір жыл санымен шектеледі де, басқа тұлғаларға табыстала алады. Ғұмырлық аннуитеттер бойынша жыл сайынғы рентаның мөлшері несиегердің жасына қарай және рента мен зейнетақыны сақтандырудан алынатын табыс, сондай-ақ тиісті сақтандыру шарты (аннуитет) халықтың өмір жасының ұзақтығы туралы статистикалық деректерге қарай айқындалады. Аннуитеттер сондай-ақ мемлекеттік ұзақ мерзімді қарыздың бір түрі болып табылады, ол бойынша несиегер жыл сайын белгілі бір табыс (рента) алады, ол борыштың капиталдық сомасының ол бойынша өсімдермен бірге бірте-бірте өтелуін есепке ала отырып белгіленеді; табыстың мөлшері өсімге және аннуитеттер қанша уақыт ішінде төленетін болса, сол уақытқа байланысты болады.

 

Атаулы иеленуші

Шартқа сәйкес және бағалы қағаздардың меншік иесінің мүддесінде өзінің атынан және меншік иесінің есебінен бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыратын кәсіпқой қатысушы.

 

Аударымдық вексель (bill of exchange)

Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыруға арналған қысқа мерзімдік бағалы қағаз. Сатып алушы экспортшыға қолма-қол ақшамен емес, әдетте 3 немесе 6 айдан кейін төленуге жататын вексельмен төлейді. Жеткізушіге қолма-қол ақша қажет болған жағдайда, есепке алу нарығында вексельді сатуға болады. Егер сатып алушының бедел-абыройы белгісіз болса, ол берген вексельдің сенімділігі оны сауда банкінің акцептеуі (acceptance) жолымен жоғарылатылады, банктің өкілі вексельге өзінің қолын қояды, бұл төлемді вексель берушіден алу мүмкін болмаған жағдайда, төлемнің кепілдігі болып табылады.

 

Аудит

Компанияның бухгалтерлік есеп-қисабының белгіленген есепке алу ережелеріне және бухгалтерлік есеп жүргізуге және жылдық және басқа есеп-қисапты жасауға қойлатын стандарттарғ сәйкестігі тұрғысынан тексеру (ревизия), сондай-ақ экономикалық субъектілердің тиісті қызмет бөлімшелеріне шаруашылық-қаржылық мәселелер бойынша іс-тәжірибелік көмек көрсету. Аудит ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Келтірілген айқындама негізінен сыртқы аудитқа қатысты. Ішкі аудиттың жүргізілуі үшін бухгалтериядан тыс, жетекшісі тікелей басқарушыға немесе акционерлердің жиналысына бағынатын орган жауап береді.

 

Аудит, аудиторлық тексеріс (audit)

Есеп-қисапты тексеру үрдісі (accounts). Аудиторлар компанияның, жекеменшік кәсіпкердің немесе қауымдастықтың есеп жүргізу әдістерінің айнымастығын және есеп-қисабының толықтығын тексереді, сондай-ақ есеп-қисапты сатып алулар, сатылымдар мен тауардық-материалдық қорлар бойынша басқа құжаттамамен салыстырып тексереді және оның заң талаптары мен кәсіби стандарттарға сәйкестігін тексереді. Компаниялардың (companies) есеп-қисабын заң бойынша сыртқы аудиторлар тексеруге тиіс; басқа да көптеген ұйымдардың жарғыларында да міндетті сыртқы аудиторлық тексеріс көзделеді. Көптеген компаниялар мен ұйымдар ішкі аудиторларды жалдайды, олар ішкі бухгалтерлік есеп жүргізудің дәлдігі мен толықтығын тексереді. Аудиторлық тексерістердің мақсаты алаяқтық жайттарының және есепті нашар жүргізу жайттарының алдын алу болып табылады.

 

Аудитор, тексеруші (auditor)

Компанияның, жекеменшік кәсіпкердің немесе қауымдастықтың есеп-қисабын (accounts) тексерумен айналысатын адам немесе бухгалтерлік фирма. Аудиторлар есеп-қисаптың толықтығын, есеп жүргізу әдістерінің айнымастығын және сатып алуларға, сатылымдар мен тауардық-материалдық қорларға қатысы бар басқа құжаттарға сәйкестігін тексереді. Аудиторлар есп-қисаптың компанияның қаржылық ахуалын «дәл әрі шынайы» бейнелейтінін растай алады немесе «білікті» қорытынды беруі, яғни есеп-қисапқа қандай да бір теріс ескертулер енгізуі мүмкін. Британиялық компаниялардың аудиторлары акционерлердің жылдық жалпы жиналыстарында (annual general meetings) бекітіледі; олар маманданған білікті кәсіпқой бухгалтерлер болуға тиіс. Басқа ұйымдарда да, мысалы, қайырымдылық ұйымдарында есеп-қисапты аудиторлық тексерістен өткізіп отыру қажет, оларда аудиторлар көбінесе тегін жұмыс істейді де, олардың білікті кәсіпқой бухгалтерлер болуы міндетті емес. Көптеген компаниялар мен басқа да ұйымдар ішкі аудиторларды жалдайды, олар ішкі бухгалтерлік есеп жүргізудің дәлдігі мен толықтығын тексереді және есеп-қисаптағы алаяқтық пен салдыр-салақтыққа жол бермейді.

 

Аудиторлық фирма

Тәуелсіз бақылаушы-тексеруші ұйым, оның қызметінің бірден бір жарғылық нысанасы аудиторлық қызметтер көрсету - сыртқы аудит жүргізу болып табылады. Тексерілетін нысана кәсіпорынның экономикасының жалпы ахуалы, іске асырылатын шаруашылық әрекеттердің заңдылығы, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың бүтіндігі, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық, несиелік және есеп айырысу операцияларының дұрыстығы мен растығы болып табылады. Тексеріс нәтижелері аудиторлық қорытындымен ресімделеді, онда есептемелер мен баланстардың күйі, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есеп-қисапты жасау тәртібінде анықталған кемшіліктер, сондай-ақ шаруашылық-қаржылық операцияларды жасау кезінде заңнаманың экономикалық субъектінің, мемлекеттің және үшінші тұлғалардың меншіктену мүдделеріне нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін болатындай түрде бұзылу жайттары бейнесін табады. Бұл құжаттың барлық заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін өзі басқару органдары, сондай-ақ сот органдары үшін құқықтық мәні бар. Мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша өткізілген тексерістің нәтижелері бойынша аудиторлық қорытынды процессуалдық заңнамаға сәйкес тағайындалған сараптаманың қорытындысына теңеледі. Қазіргі жағдайларда көптеген аудиторлық фирмалар тек бақылау функцияларын ғана емес, кеңестемелік функцияларды да іске асырады.

 

Ашық Үлеспұлдық Инвестициялық Қор

Үлескерге кем дегенде екі аптада бір рет үлеспұлдарды сатуға мүмкіндік береді; ашық үлеспұлдық инвестициялық қорлардың активтері тек қаржы құралдарынан ғана (шетелдіктер кем дегенде BB-) құралады, бірақ бір эмитентке көп дегенде 15% активтер.

 

АШЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ІРІ ҚАТЫСУШЫСЫ

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы - уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының он немесе одан астам процентiн тiкелей немесе жанама иелене алатын (мемлекет осындай иеленушi болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе.

 

Аю (bear)

Сауда-саттыққа қатысушы, ол бағалардың түсуін күтіп жүреді. Қор және тауар нарығындағы биржалық саудаға қатысушылар, олар бағалардың көтерілетініне емес, төмендейтініне сенімді болады, бағалар төмендеген кезде сатып алып пайда түсіруден үміттеніп, бағалы қағаздарды сатуға тырысады. Айрықша жағдайларда «аюлар» алыпсатарлықпен айналысып, шын мәнісінде өздерінің иелігінде жоқ акцияларды немесе тауарларды сату бойынша форвардтық мәмілелер жасасады, себебі жеткізу мерзімі келгенге дейін оларды төменірек бағаға сатып алып үлгереміз деп үміттенеді. «Аюлар» өздерінің бағалы қағаздары мен тауарларын сататындықтан, олардың күткен үміті ақталатын кездер де болады. «Аюлар» нарығы деп көптеген «аюлары» бар нарықты атайды, соның нәтижесінде бағалар біршама уақыт бойы тұрақты түрде төмендеп отырады.

 

Ақша-несие саясаты (monetary policy)

Экономикаға ықпал ету мақсатында үкіметтің немесе орталық банктің тарапынан банктік мөлшерлемелердің немесе ақша массасын бақылаудың қолданылуы. Ақша-несие саясатының мақсаты өндірістің өсуінің қалаулы деңгейіне немесе қалаулы өсу қарқынына, бағалар деңгейіне, валюта бағамына немесе төлем балансының ахуалына жету болуы мүмкін. Ақша-несие саясатының әдістері орталық банк алатын пайыздық мөлшерлемені белгілеу, ақша массасының қозғалысын бақылау үшін бағалы қағаздарды сату мен сатып алу және банктер мен басқа қаржы институттарына арналған міндетті сақтық қаражатының нормаларын өзгерту болып табылады. Орталық банк коммерциялық банктердің пайыздық мөлшерлемелеріне ашық нарықтағы операциялардың (open market operations) нәтижесінде ықпал ете алады - солардың көмегімен банктерде Орталық банктің өзінің меншікті несиелік мөлшерлемесі бойынша қарызға алуға деген ынта пайда болады, сондай-ақ ол Орталық банктің ең кіші несиелік мөлшерлемесінің өзгерістері туралы хабарламалардың әсерінің (announcement effects) арқасында ықпал ете алады - нарықтар оларды үкіметтің болжамдары мен мақсаттары туралы мәлімдемелер ретінде қарастырады. Несиелердің шығындарына және оларға қол жеткізу мүмкіндігіне әсер ете отырып, ақша-несие саясаты сол арқылы нақты экономикаға ықпал етеді де, сол арқылы инфляцияға, капиталдың халықаралық қозғалысына және, демек, валюта бағамына ықпал етеді. Орталық банктің және үкіметтің монетарлық және басқа да экономикалық мәселелер бойынша ресми мәлімдемелері ақша-несие саясатының нақты іс-шараларын күшейту үшін тиімді болуы мүмкін, бірақ олардың орнына жүре алмайды.

 

АШЫҚ САУДАЛАСТЫҚ ТӘСІЛІ

Ашық саудаластық тәсілі - өзге тең жағдайда өтінішті қанағаттандыру не қанағаттандырмау мәселесі саудаға қатысушының ұсынған өтінішіне байланысты емес және саудаға қатысушылардың әлеуетті шектеусіз саны арасында бәсекелестіктің болатын саудаластығы.Тікелей мәмілелер жасасу тәсілімен өтетін саудаластықта өтініштің қанағаттандырылуы немесе қанағаттандырылмауы аталған өтінішті берген сауда қатысушысына байланысты, ал мәмілелер қатаң түрде келісімді.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕКЕ КОД

Әлеуметтiк жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код.

 

Әртараптандыру

Капиталды бағалы қағаздардың ір түрлеріне және түрлі салаларда жұмыс істейтін компанияларға салу; 1) Өндірістің бір бірімен байланысы жоқ көптеген түрлерін бір мезгілде қатар дамыту, өндірілетін бұйымдардың сұрыпталымын және фирманың негізгі өндірісімен байланысы жоқ жаңа өнім нарықтарындағы фирманың қызмет салаларының санын кеңейту; 2) Инвестициялар мен кездейсоқ тәуекелдіктерді - а) сан алуан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын түрлі компанияларға; б) басқа компаниялардың акцияларын иеленуші болып табылатын бір компанияның бағалы қағаздарына; в) түрлі бағалы қағаздардың қоржынын иеленетін қорларға инвестициялаудың көмегімен шашыратып жіберу.

Әйгілі тақырыптар
  • Қазақстанда қаңтар-қазанда мұнай өндіру 6,2% артқан
  • Алматы маңында күн және жел электр стансалары іске қосылды
  • Алматы мәслихаты метро стансасының құрылысына қосымша 1 млрд теңге бөлетін болды
  • Тимур Құлыбаев мемлекеттік компаниялар санын 2 есе қысқартуды ұсынды
  • Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады
  • Ұлттық валютаны пайдалануға ынталандыру процесін бастау керек - ҰБ
  • Нұрсұлтан Назарбаев гонг соқты, Биржа сауда-саттығы басталды
  • 10 айда Қазақстан арқылы 411,5 мың контейнер жүк тасымалданды
  • Банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады - Данияр Ақышев
  • АХҚО құқықтық конференция өткізіп жатыр