Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Глоссарий

Валюта нарықтары

Шетел валютасы сатылатын және сатып алынатын нарықтар. Бұл нарықтар дереу жеткізілетін «споттық» болып және валюта алдын ала келісілген баға бойынша болашақтағы белгілі бір уақыт сәтінде жеткізілетін фьючерстік болып бөлінеді. Валюта нарықтары белгілі бір орында орналаспайды. Сауда-саттық компьютерлердің, телефондардың, электрондық байланыс құралдарының көмегімен жүргізіледі. Әлемдік валюталардың жиынтықты айналымы айрықша үлкен. Ол тауарлар мен қызметтердің әлемдік саудасының жалпы көлемінен бірнеше есе асып түседі.

 

Валюталық бақылау (exchange control)

Бұл жүйеге сәйкес ұлттық валютаны иеленушілер оны шетел валюталарына айырбастауға ресми рұқсат немесе құптама алуға тиіс. Валюталық бақылау ұлттық валютаны иеленушілердің барлығына немесе тек олардың белгілі бір санаттарына таралуы мүмкін (мысалы, валюталық бақылаудан әдетте бейрезиденттер босатылады). Бейрезиденттерге валютаны айырбастауға рұқсат берілетін жағдайларда, валюталық бақылау резиденттер тарапынан ұлттық валютадағы қаражаттың бейрезиденттердің банктік шоттарына аударылуына қатысты әрекет етуге тиіс. Валюталық бақылау шаралары түрлі қатаңдық дәрежесінде қолданылуы мүмкін; көбінесе олар ағымдық шот (төлем балансы) бойынша емес, капитал қозғалысының шоты бойынша бейнеленетін операцияларды жүргізу үшін шетел валютасын сатып алуға қатысты әлдеқайда қатаң болып табылады.

 

Вексель (bill)

Бір жылға дейінгі мерзімі бар қысқа мерзімді бағалы қағаз. Қазынашылық вексельдерді үкімет шығарады; сауда-саттық вексельдерін фирмалар банктік несиеге қарағанда арзанырақ қысқа мерзімді қаржыландыру қаражатын алу үшін пайдаланады; аударымдық вексельдерді (bills of exchange) жекеменшік фирмалар сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру үшін жазып береді. Вексельде төлем жасау/өтеу мерзімі (maturity date), мысалы, ол берілгеннен кейін 91 күн өткенде, және вексель төленуге тиіс валюта көрсетіледі. Вексельдер бойынша өсім беру көзделмейді; алайда олар табыс әкеледі, себебі сатып алу құнынан (redemption value) жасалатын дисконтпен (шегеріммен) (discount) бірге шығарылады. Төлеу мерзімі басталғанға дейін вексельдер сатып алу-сату нысандарына айналуы мүмкін; олардың нарықтық бағасы ағымдық пайыздық мөлшерлемесіне қарай өзгеріп отырады, вексельдің қысқа мерзімдік сипатына байланысты оның бағасын айтарлықтай өзгерту үшін пайыздық мөлшерлеменің өте үлкен мөлшерде көтерілуі немесе түсуі қажет болады. Мысалы, қысқа мерзімдік несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме 5-тен 10%-ға дейін артқан кезде, 6 апталық мерзімі бар вексельдің бағасы тек 0,58%-ға ғана төмендейді. Сонымен, вексельдер өтелімді активтер (liquid assets) санатына жатады.

 

Венчурлық капитал (venture capital)

Бұл капиталды иелері тәуекелдік дәрежесі жоғары жаңа немесе шағын кәсіпорындарға инвестициялауға ұмтылады. Венчурлық капитал жеткілікті меншікті капиталы жоқ кәсіпкерлердің жаңа істі бастай алуы үшін қажет.

 

Венчурлық өндіріс

Құрылуы мен ендірілуі белгілі бір тәуекелмен қоса жүретін жаңалықтарды сынап байқау мен пайдалану үшін құрылатын өндіріс.

 

Волатильдік (ағылш. Volatility)

Нарықтық бағаның немесе табыстың уақыт барысында өзгеруге бейімін сипаттайды. Қаржылық тәуекелдерді басқарудағы аса маңызды қаржылық құрал болып табылады, мұнда қаржылық құралды берілген уақыт аралығында пайдаланудың тәуекелдік шамасын білдіреді. Көбінесе жылдық орташа волатильдік есептеліп шығарылады. Волатильдік бастапқы құнға қарағандағы абсолюттік (100$ ± 5$) немесе салыстырмалы (100$ ± 5%) мәнмен бейнеленеді.

 

Волатильдік (Өзгергіштік)

Нарықтық бағаның немесе табыстың уақыт барысында өзгеруге бейімін сипаттайды. Яғни., бағаның белгілі бір аралықтағы қозғалысы жоспарланатын трендтік қозғалыс ретінде қарастырылады да, трендтен кездейсоқ ауытқу волатильдік болып табылады.

 

Грант

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылмалық жұмыстарды жүргізуге мемлекет тарапынан қаржыландырылатын тапсырыс.

 

Девальвация

Ұлттық валютаның бағамының шетел валюталарына қатысты ресми түрде төмендеуі.

 

ДЕЛИСТИНГ

Делистинг - сауда ұйымдастырушының тізімінен бағалы қағаздарды уақытша немесе мүлдем шығарып тастау.

 

Депозитке салу (deposit of securities)

Несие мекемелеріне ақша сомаларын, бағалы қағаздар мен басқа да құндылықтарды сақтауға тапсыру.

 

ДЕПОЗИТАРЛЫҚ ҚОЛХАТ

Депозитарлық қолхат - бағалы қағаздардың банкте сақтаулы жатқандығын дәлелдейтін банк тарапынан туынды бағалы қағаз иесіне берілетін құжат. Депозитарлық қолхатты сату кезінде сатушы тұлға сатып алушыға аталған қолхатты берген банкте сақтаулы жатқан бағалы қағаздарға деген меншік құқығын тапсырады.

 

Дефолт

Бағалы қағаздар эмитентінің өзі шығарған бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары бойынша өзінің міндеттемелерін орындамауы.

 

ДИВИДЕНДТЕР

Дивидендтер - акционерлік қоғам тарапынан өз акцияларының иелеріне (акционерлерге) төленетін сыйақы, яғни акционерлік қоғам акционерлер арасында өзінің таза кірісін дивидендтерді төлеу тәсілі арқылы жүзеге асырады.

 

Дилер (dealer)

Бағалы қағаздармен жасалатын сауда-саттық мәмілелеріндегі тұлға немесе фирма, олар бағалы қағаздарды агенттер емес, принципалдар ретінде, яғни өз атынан және өзінің есебінен сатып алады немесе сатады. Дилердің табысы немесе оның залалдары бір бағалы қағаз үшін төленген және алынған бағалар деңгейінің айырмасынан қалыптасады. Бір тұлға немесе фирма түрлі уақытта брокерлер ретінде де, сондай-ақ дилерлер ретінде де әрекет ете алады.

 

Директорлар кеңесі (board of directors)

Компанияның басшы органы, компанияның лауазымды тұлғаларын тағайындайды. Компанияның директорларының көпшілігін акционерлер жылдық жалпы жиналыстарда сайлайды, алайда кеңеске кооптация құқығы берілуі мүмкін. Кеңеске компанияда тұрақты немесе уақытының басым бөлігінде жұмыс істейтін атқарушы директорлар, сондай-ақ әкімгер-орындаушылар болып табылмайтын директорлар кіре алады. Әдетте, коммерциялық тәжірибесі мол адамдар немесе компанияға бедел беретін мәртебелі тұлғалар және ірі фирмалардың басшылары директорлар болады. Әдетте директорлар өздерінің жұмысы үшін еңбекақы алады.

 

Дисконт

1) бағалы қағаздың қазіргі бағасы мен өтеу сәтіндегі бағасының және атаулы бағасының арасындағы айырма; қаржы құралы өтелетін сәтке дейін оны атаулы құнынан кем бағаға сатып алу; 2) валютаның форвардтық бағамы мен кідіріссіз жеткізу кезіндегі бағамының арасындағы айырма; 3) жеткізілу мерзімдері әр түрлі бір тауардың бағаларының арасындағы айырма; 4) тауардың сапасының келісімшартта ескерілген сапасына сәйкес келмеуінің нәтижесінде оның бағасының төмендеуі; 5) валютаның ресми бағамынан азырақ жаққа ауытқуы.

 

Дюрация

Төлемдердің (облигация бойынша ақша ағындарының) орташа өлшенген ұзақтығы, мұнда таразы ретінде осы ақша ағындарының ағымдық құндары қолданылады. Дюрация облигация бойынша пайыздық тәуекелді (облигацияның құнының пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне сезімталдығын) өлшеу үшін қолданылады. Сондай-ақ ағынның дюрациясы оның құрылымына ғана емес, ағымдық пайыздық мөлшерлемеге де тәуелді болатынын атап өтудің маңызы зор. Мөлшерлеме жоғары болған сайын қысқа төлемақылармен салыстырғанда ұзақ төлемақылардың құны азая түседі және дюрация кеми түседі, және, керісінше, мөлшерлеме төмен болған сайын, төлемдер ағынының дюрациясы арта түседі.

 

Дюрация (облигациялар)

Бұл сезімталдық көрсеткіші. Пайыздық мөлшерлеме (есептік мөлшерлеме) өзгерген кезде облигацияның бағасы қаншалықты өзгеретінін көрсетеді. Мысалы, егер дюрация 7-ге тең болса, бұл демек, нарықтық пайыздық мөлшерлеме 1 пайызға өзгерген жағдайда, облигацияның бағасының 7 пайызға өзгеретінін білдіреді. Тиісінше, дюрация неғұрлым көбірек болса, облигацияның бағасы да солғұрлым көп өзгеріп, шығынға бату қатері де (баға құлдыраған жағдайда) арта түсуі мүмкін.

Әйгілі тақырыптар
  • Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ары қарай дамуының бес негізгі бағытын атады
  • Астанада ТМД және Балтық елдерінің ХV облигациялық конгресі өтеді 2018 жылғы
  • Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір.....
  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
  • Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір
  • Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
  • Түрік лирасының құлдырауы Қазақстанның экономикасына қалай әсер етеді
  • Қазақстан бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде 38-орынды иеленді
  • Мемлекет басшысы CNPC корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньмен кездесті
  • Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9% дейін төмендетті 2018 жылғы 4 маусым