Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Глоссарий

ЕРІКТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРАНАЛАРЫНЫҢ САЛАМШЫСЫ

Ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзiнiң жеке қаражаты есебiнен алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

 

ЕРІКТІ КӘСІПТІК ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРАНАЛАРЫНЫҢ САЛАМШЫСЫ

Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзiнiң жеке қаражаты есебiнен қызметкердiң пайдасына ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

 

ЕРІКТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРАНАЛАРЫ

Ерiктi зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңдарында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленетiн тәртiппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы.

 

ЕРІКТІ КӘСІПТІК ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРАНАЛАРЫ

Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн кәсiптер тiзбесi бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленген тәртiппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердiң пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы.

 

ЕРІКТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРАНАЛАРЫНЫҢ СТАВКАСЫ

Ерiктi зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн, ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленетiн төлемнiң мөлшерi.

 

ЕРІКТІ КӘСІПТІК ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРАНАЛАРЫ НЫҢ СТАВКАСЫ

Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгiленген төлемнiң мөлшерi;

ең төменгi зейнетақы - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген зейнетақы төлемдерiнiң ең төменгi мөлшерi.

 

ЕНШІЛЕС ҰЙЫМ

Еншiлес ұйым - өзiне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға.

 

Есептік мөлшерлеме

Пайыздық мөлшерлеме, осы мөлшерлеме бойынша елдің орталық банкі коммерциялық банктерге несие береді. Орталық банктің есептік мөлшерлемесі неғұрлым жоғары болған сайын коммерциялық банктер де соңынан клиенттерге өздері беретін несие үшін солғұрлым жоғары пайыз алады және керісінше. (Сондай-ақ нарықтық есептік мөлшерлеме, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, нарықтық пайыздық мөлшерлеме, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің пайыздық мөлшерлемесі деген айқындамалар қолданылады).

 

ЕУРООБЛИГАЦИЯ

Еурооблигация (ағыл. тілінде - Eurobond) - басқа елдің заңына сәйкес шығарылған, шетелдік валютада номиналданған облигация. Оның кеңінен тараған түрі АҚШ-тан тыс АҚШ доллар бойынша, мәселен, Ұлыбритания заңына сәйкес шығарылатын еурооблигациялар. Еурооблигациялар бойынша есептесуді жүргізу кезінде екі депозитарлық-клирингтік жүйе бар - Euroclear және Clearstream.

 

Жабық Үлеспұлдық Инвестициялық Қор

Үлескерге үлеспұлдарды иеленушілердің жалпы жиналысына қатысуға және дивидендтер алуға мүмкіндік береді; жабық үлеспұлдық инвестициялық қорлардың активтері қаржылық құралдардан тұрады, олар бір эмитенттің активтерінің және (немесе) басқа мүлкінің 20%-ынан аспайды - АҚ болып табылмайтын заңды тұлғалардың Жарғылық капиталдарындағы үлестер, жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, жылжымайтын мүліктің салынып немесе қалпына келтіріліп жатқан нысандары, жобалау-сметалық құжаттама, жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығы, бірақ 30%-дан аспайтын бөлігі ғана басқа мүлікке инвестициялана алады; жабық үлеспұлдық инвестициялық қордың үлеспұлдарды иеленушілерінің жалпы жиналысы қордың нысанын ашық немесе аралық үлеспұлдық инвестициялық қор етіп өзгерту туралы шешім қабылдауы мүмкін.

 

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) (gross domestic product (GDP))

Басты экономикалық көрсеткіштердің бірі. «Жалпы» деген сөз бұл көрсеткіштің негізгі капиталдың есептелген тозуының (capital consumption) құны шегерілгенге дейін есептелетінін көрсетеді; «ішкі» сөзі елдің ішіндегі экономикалық қызметпен кімнің айналысатынына қарамастан, бүкіл қызметтің бағалатынын баса көрсетеді. Осылайша, бұл көрсеткіште аталған елдің аумағында шетелдік компаниялар жүргізетін шаруашылық операциялар есепке алынады, бірақ резиденттерге тиесілі фирмалардың шетелдік қызметі есепке алынбайды. «Өнім» сөзі бұл көрсеткіште резиденттер тұтынған өнімнің емес, елдегі іс жүзінде өндірілген өнімнің құны есепке алынатынын білдіреді. ЖІӨ ағымдық бағаларда да, сондай-ақ базалық бағаларда да өлшенеді.

 

Жарияланған акциялар

Акционерлік қоғамның жарғысымен көзделген, шығарылымын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган тіркеген акциялар.

 

Жеке дара инвестор

Әдетте өзінің меншікті қаражатын инвестициялайтын тұлға, және де бұл орайда оның институционалдық инвестор деген мәртебесі жоқ.

 

Жеке тұлға

Азаматтық заңнамада заңды тұлғадан, яғни ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден өзгеше, азаматтық құқық субъектісі ретіндегі жеке азамат. Берілген мемлекеттің азаматтарымен қатар, осы мемлекетте тұратын шетелдік азаматтар да, сондай-ақ белгілі бір азаматтығы жоқ тұлғалар (апатридтер) да жеке тұлғалар болып табылады. Жеке тұлғалар құқық қабілетін және әрекет қабілетін иеленеді.

 

ЖЕКЕ ШОТ

Жеке шот - қаржы құралдары және эмиссиялық бағалы қағаздар құқығын тіркеу және мәмілені тіркеу үшін тіркелген тұлғаны теңдестіруге рұқсат беретін бағалы қағаздар ұстанушыларының реестрлер жүйесінде немесе номиналдық ұстанушының тіркеу жүйесінде болатын жазбалар жиынтығы.

 

ЖЕКЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ШОТЫ

Жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның мiндеттi не ерiктi зейнетақы жарналары немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары, инвестициялық кiрiсi, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдерi төленедi.

 

ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ

Жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдерi жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға.

 

ЖИНАҚТАЛҒАН ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚАРАЖАТЫ

Жинақталған зейнетақы қаражаты - мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, өсiмпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсiмдердi қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетiн ақша.

 

Жинақталған пайызы бар облигация

Өскен пайыздардың барлық төленбеген сомаларын қамтитын баға бойынша сатылатын облигация. Пайыздары төленбеген немесе борыштың сомасы өтелмеген облигациялардың саудасы әдетте базалық нарықтық баға бойынша іске асырылады. Барлық басқа облигациялар "пайызбен" бірге сатылады. Бұл сатып алушы сатушыға нарықтық бағамен қоса соңғы төлем күнінен бері жинақталған пайыздарды да төлейді дегенді білдіреді.

 

Жүйелік емес тәуекелдік

Жеке нәтижелердің нұсқаларының айырмасы үлкен болатын және арақатынасы төмен болатын жобалардың санатына жататын тәуекелдік. Жүйелік емес тәуекелдікті жүйелік тәуекелдіктен айыра білу керек, жүйелік тәуекелдікте ұқсас факторлар барлық жағдайларға ықпал етеді, ал жеке дара нәтижелердің арақатынасы жоғары болады. Жиынтықты тәуекелдікті жүйелік емес тәуекелдіктерді жинақтау жолымен төмендетуге болады, ал жүйелік тәуекелдіктердің ешқандай мөлшері қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Сонымен, жүйелік емес тәуекелдік әртараптандырылатын тәуекелдік болып табылады. Ол бағалы қағаздардың белгілі бір түрлірінің ерекшеліктеріне, қаржы құралдарымен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігіне, есеп айырысу жүйелеріне және тағы басқа көптеген факторларға байланысты.

 

Жүйелік тәуекелдік

Қаржылық құралдардың барлық түрлеріне тән, ол қаражат салымдарының бағыты өзгергенде немесе кеңейтілген кезде төмендемейді. Бұл нақты сыныптың барлық жобаларына ықпал ететін әлдебір бұзылушылыққа байланысты туындайтын тәуекелдік. Аталған тәуекелдік түрін әртараптандыру арқылы азайту мүмкін емес. Ондай тәуекелдік жүйелік емес тәуекелдікке немесе түрлі жобаларға ықпал ететін толқулар тәуелсіз болатын және активтер қоржынының толық тәуекелдігі оны әртүрлі жобалардың арасында бөлу арқылы азайтыла алатын тәуекелдіктің қандай да бір өзіндік түрлеріне қарама-қарсы болады. Жүйелік тәуекелдік кез келген бизнес ұшырайтын жалпы экономикалық сипаттағы тәуекелдіктермен байланысты. Дәл сол себептен барлық акциялардың бағаларының бір мезгілде өзгеру мүмкіндігі орын алады. Жүйелік тәуекелдік түрлеріне инфляция тәуекелдігін, заңнамалық өзгерістер тәуекелдігін, өсім тәуекелдігін, Бұқалар мен Аюлар нарығындағы тәуекелдікті, әскери қақтығыстар тәуекелдігін жатқызуға болады.

 

Заңды тұлға

Азаматтық құқық субъектісі. Заңды тұлғалар - заң бойынша құқық қабілетін иеленетін және өздерінің органдары арқылы өз атынан әрекет тегу құқығы бар түрлі ұйымдар. Заңды тұлғаның нышандары - мүлкінің оқшаулығы, ұйымдастырушылық ресімделуі, бекітілген жарғының (ереженің) негізінде әрекет ету құқығы, өзінің міндеттемелері бойынша дербес жауапкершілігі. Заңды тұлғалар коммерциялық және бейкоммерциялық ұйымдар болуы мүмкін.

 

Заңнамалық өзгерістер тәуекелдігі

Саяси бағдардың әсіресе, жаңа президент, үкімет, парламент сайланған кезде өзгеруі мүмкіндігі әрқашанда да болады, оның соңынан жаңа мемлекеттік органдардың мемлекет бұрын қабылдаған міндеттемелерді орындаудан бас тартуы, инвестициялық климаттың өзгеруі және т.с.с. қоса жүруі мүмкін.

 

ЗЕЙНЕТАҚЫ

Зейнетақы - Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы.

 

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ

Орталықтан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйi бойынша кемiнде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгiленген тәртiппен еңбек стажына бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу; жинақтаушы зейнетақы қорларынан - алушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу.

 

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН АЛУШЫ

Зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) - Орталықтан зейнетақы төлемдерi тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке адам.

 

ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНЫРУ ТУРАЛЫ ШАРТ

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бiр жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екiншi жағынан салымшы және (немесе) алушы жасасатын шарт.

 

ЗЕЙНЕТАҚЫЛЫҚ АННУИТЕТ ШАРТЫ

Зейнетақылық аннуитет шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге мiндеттенедi, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерiн алушының) пайдасына өмiр бойына немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенедi.

 

ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІ

Зейнетақы активтерi - зейнетақы төлемдерi мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары.

Әйгілі тақырыптар
  • Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ары қарай дамуының бес негізгі бағытын атады
  • Астанада ТМД және Балтық елдерінің ХV облигациялық конгресі өтеді 2018 жылғы
  • Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір.....
  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
  • Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір
  • Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
  • Түрік лирасының құлдырауы Қазақстанның экономикасына қалай әсер етеді
  • Қазақстан бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде 38-орынды иеленді
  • Мемлекет басшысы CNPC корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньмен кездесті
  • Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9% дейін төмендетті 2018 жылғы 4 маусым