Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Глоссарий

ИНВЕСТИЦИЯ

Инвестиция - лизинг келісімшартын жасасқан сәттен бастап, қаржы лизингі құралдарын қосқандағы мүліктің барлық түрі (жеке қолданысқа арналған тауарлардан басқа), сонымен қатар, заңдық тұлғалардың жарғылық капиталына инвестордың салатын оларға деген құқығы немесе кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын тіркелген активтердің өсуі. Бағалы қағаздар нарығына сәйкес инвестиция деген акциялар, облигациялар және т.б. қаржы құралдарын алуды білдіреді.

 

Инвестициялық табыс

Инвестициялау нәтижесінде алынған ақша. Инвестициялық табысты жеке инвесторлар өздерінің қаражатын инвестициялаған кезде, сондай-ақ институционалдық инвесторлар жеке инвесторларға тиесілі жинақталған қаражатты инвестициялаған кезде алуы мүмкін.

 

Инвестициялық қоржын

Мамандандырылған компанияның меншігіндегі немесе басқаруындағы қаржы құралдарының алуан түрлерінің жиынтығы. *Түсіндірме: инвестициялық қоржын қандай да бір тұлға өзінің қаражатын инвестициялау мен тәуекелдіктерді әртараптандыру мақсатында оларды бағалы қағаздардың әр түрлеріне және басқа да қаржы құралдарына инвестициялаған жағдайда қалыптасады. Бұл қоржынды аталған қаражаттың меншік иесінің өзі немесе меншік иесінің тапсырмасы бойынша басқарушы компания қалыптастыруы мүмкін.

 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПАЙ

Инвестициялық пай - Қорды құрайтын, мүлік құқығына деген оның иесінің үлесін куәландыратын атаулы бағалы қағаз. Пай құжатттық емес үлгіде жүзеге асырылады. Клиенттің пай иесі екендігін алынған пайлар мөлшері көрсетілетін тәуелсіз тіркеуші тарапынан берілген реестр көшірмесі дәлелдейді. Инвестицялық пай Басқарушы компаниядан өз иесінің мына жағдайларды талап етуіне мүмкіндік береді: - қорды басқаруға тиісті; - сенім басқармасынан төлемақы (жабық ПИҚтар); - пай ұстанушылардың жалпы отырысына қатысу (жабық ПИҚтар); - сатып алу үшін пайды ұсыну. Өзге бағалы қағаздар түрі секілді инвестициялық пайларларды сыйға тартуға, мұраға қалдыруға, кепілдікке қоюға, сатуға болады.

 

Инвестор

1) инвестицияларды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға; 2) бағалы қағаздарды сатып алушы.

 

Инновация

Инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыстар, қызметтер), жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде іс жүзіне асырылған нәтижесі, сондай-ақ өндірістің түрлі салаларына және қоғамды басқарудың түрлі жақтарына ілгерінді ықпал ететін, қоғамдық қарым-қатынастардың түрлі салаларындағы ұйымдастырушылық-техникалық, қаржылық-экономикалық және басқа да шешімдер.

 

Инновациялық бағдарлама

Біртұтас мақсатпен, міндеттермен, нысанмен немесе аумақпен біріккен, ресурстар, орындаушылар мен жүзеге асыру мерзімдері бойынша келісілген инновациялық жобалар мен іс-шаралар кешені.

 

Инновациялық жоба

Инновацияларға жетуге бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-құрылмалық, маркетингілік зерттеулер мен жұмыстардың кешенін іске асыру жоспары, сондай-ақ техникалық-экономикалық көрсеткіштер жазылған құжат.

 

Инновациялық инфрақұрылым

Инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін ұйымдардың жиынтығы.

 

Инновациялық қор

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық жобалар мен инфрақұрылымды қаржыландыру жолымен, сондай-ақ басқа да қызметтерді көрсету жолымен инновациялық қызметті дамытуға ықпалдасатын заңды тұлға.

 

Инновациялық қызмет

Жаңа идеяларды, ғылыми білімді, технологиялар мен өнім түрлерін өндірістің түрлі салаларына және қоғамды басқарудың түрлі жақтарына ендіруге бағытталған қызмет, оның нәтижелері экономикалық өсу үшін және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін пайдаланылады.

 

Институционалдық инвестор

Орташа және ұсақ инвесторлардың қаражатын инвестицияларды жүзеге асыру мақсатында тартатын заңды тұлға. *Түсіндірме: институционалдық инвесторлар бұл өздерінің меншікті қаражатын емес, өздеріне ұсақ және орташа инвесторлар сеніп тапсырған қаражатты құятын мамандандырылған кәсіпқой ұйымдар болып табылады. Қызметінің осындай тәсімінің арқасында институционалдық инвесторлар ірі инвесторлардың қатарына жатады, бұл оларға қаражатын барынша табысты әрі тартымды жобаларға құюына мүмкіндік береді. Институционалдық инвесторлардың мысалы ретінде жинақтаушы зейнетақы қорларын, үлеспұлдық инвестициялық қорларды және т.б. келтіруге болады.

 

Институционалдық инвестор (institutional investor)

Өзіне жекеменшік инвесторлардың қаражатын қабылдап, оны қаржы құралдарына құю мақсатында жинақтайтын компания. Шағын капиталды тек бір компанияның акцияларын иелену үшін немесе аз ғана компаниялардың бағалы қағаздарына шоғырландыру үшін ғана пайдалануға болатындықтан, мұндай инвестициялар жоғары тәуекелдікпен қатар жүреді. Сонымен қатар акциялардың шағын пакеттерін сатып алған кезде транзакциялық шығындардың үлесі артады. Осыған байланысты инвесторлардың көпшілігі акцияларды тиісті қаржы институттары арқылы иеленгенді артық көреді. Бұл үлеспұлдық инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары немесе сақтандыру компаниялары болуы мүмкін. Институционалдық инвесторлар түрлі компаниялардың акционерлеріне айналғаннан кейін өзінше бір институционалдық акционерлер болып табылады. Әдетте мұндай институционалдық акционерлер селқос рөл атқарып, басқа акцияларды иеленушілермен бірдей дәл сондай құқықтарды иеленсе де, өздері акционерлері болып табылатын компанияларда басқарушылық шешімдер қабылдауға қатысудан қалыс қалады. Олардың қызметінің мәні сол, - өздерінің салымшыларының орасан зор қаражатын жинап алып, мұндай компаниялар акциялары аса жоғары бағаланатын және үлкен табыс әкелетін көптеген ұлтаралық компаниялардың ірі пакеттерін сатып алып, сол табысты барлық салымшыларға бөле алады.

 

Инфляция

Ақшаның құнсыздануы, бұл ең әуелі тауарлар мен қызметтердің бағасының жалпы және біркелкі емес түрде өсуінен байқалады. Ақша айналымы заңының бұзылуы орын алады, бұл қоғамдық қайта өндіру процесіндегі диспропорциялардың және монополиялар мен мемлекеттің экономикалық саясатының себебінен пайда болады. Қазіргі заманғы инфляция ұлттық және ұлтаралық корпорациялардың эмиссиялық және коммерциялық банктердің, сондай-ақ мемлекеттің саясатынан және іс жүзіндегі әрекеттерінен туындаған себепбер кешенінің негізіндегі күрделі көпфакторлы құбылыс болып табылады. Бағалардың жалпы деңгейінің жоғарылауынан көрінеді және оған сатып алу қабілетінің төмендеуі ілесе жүреді. Инфляцияның ең маңызды себептері - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны жабу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар немесе жай ғана қағаз ақша шығарылады; тауар тапшылығы (соның ішінде бірқатар өндірушілердің монополиялық жағдайы, бұл оларға тауар өндірісінің төмендеуінің орнын бағаларды көтеру арқылы толтыруға мүмкіндік береді); еңбекақының өсуінің еңбек өнімділігінің артуынан асып кетуі; инвестициялық ресурстардың жетіспеуі және күрделі қаржы жұмсалымдарын игеру мерзімдерінің ұзақтығы; инфрақұрылымға құйылған қаражаттың инвестициялардағы жоғары үлестік салмағы және т.б. Шоқырақтаған инфляция болады, онда бағалар жылдам әрі дүркін-дүркін өседі, сондай-ақ жорға инфляция болады, онда бағалар ұдайы, бірақ біртіндеп өседі.

 

Инфляциялық тәуекелдік

Инфляция жоғары болғанда бағалы қағаздардан инвесторлар алатын табыс өскенімен салыстырғанда тезірек құнсызданады да, инвестор нақты залал шегеді.

 

Инфрақұрылым

Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылым деп әдетте қор нарығында жұмыс істейтін ұйымдардың, құқықтық нормалар мен ережелердің, сондай-ақ мәмілелерді жасау мен орындау үшін пайдаланылатын түрлі технологиялардың жиынтығын түсінеміз.

 

Ипотекалық облигация

Қарыз (тұрғын үй, жылжымайтын мүлік сатып алуға) шарттары бойынша талап ету құқықтарын кепілге салумен, сондай-ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық кесімімен белгіленетін басқа да өтелімдігі жоғары активтермен қамтамасыз етілген облигация.

 

Ипотекалық облигация

Жылжымайтын мүлікке кепілхатпен қамтамасыз етілген облигация Жылжымайтын мүліктің ақшалай бағасы оған шығарылған облигациялардың құнына тең болуы немесе болмауы мүмкін.

Әйгілі тақырыптар
  • Қазақстанда қаңтар-қазанда мұнай өндіру 6,2% артқан
  • Алматы маңында күн және жел электр стансалары іске қосылды
  • Алматы мәслихаты метро стансасының құрылысына қосымша 1 млрд теңге бөлетін болды
  • Тимур Құлыбаев мемлекеттік компаниялар санын 2 есе қысқартуды ұсынды
  • Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады
  • Ұлттық валютаны пайдалануға ынталандыру процесін бастау керек - ҰБ
  • Нұрсұлтан Назарбаев гонг соқты, Биржа сауда-саттығы басталды
  • 10 айда Қазақстан арқылы 411,5 мың контейнер жүк тасымалданды
  • Банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады - Данияр Ақышев
  • АХҚО құқықтық конференция өткізіп жатыр