Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Глоссарий

Капиталдандыру

Акционерлік компания шығарған барлық бағалы қағаздардың капиталға айналдырылған жалпы сомасы Капиталдандыру облигацияларды, басқа да борыштық міндеттемелерді, артықшылықты акциялар мен жай акцияларды, сақтық капиталды қамтиды. Облигациялар мен борыштық міндеттемелер әдетте эмитенттің компаниясының кітаптарына өздерінің атаулы құны бойынша енгізіледі. Артықшылықты акциялар немесе жай акциялар атаулы құны бойынша немесе жарияланған құны бойынша жазылуы мүмкін. Жарияланған құн компанияның директорлары қабылдаған еркін шама болуы немесе компания бағалы қағаздарын шығарған сәтте оларды сатудан алған сома болуы мүмкін.

 

Кепілзат

Қарызды қамтамасыз ету ретінде жүретін мүлік немесе басқа да құндылықтар (кейде орталық банктер айқындайтын шарттар бойынша).

 

Кластер (сluster)

1) топ, жиынтық; шоғырлану; 2) елді мекен; 3) қандай да бір ортақ нышанмен біріккен тұлғалар тобы.

 

Клиринг (clearing)

Өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке жатқызудың негізінде тауарлар, бағалы қағаздар мен көрсетілетін қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі. Банкаралық клиринг (аталған елдің заңды тұлғаларының өзара ақшалай талаптарын есепке жатқызу жолымен банктердің арасындағы есеп айырысу) және халықаралық валюталық клиринг (сыртқы саудада және елдердің арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарында халықаралық төлем жасау келісімдерінің негізінде жүзеге асырылатын есеп айырысу) болады. Биржалардағы клирингілік есеп айырысу жүйелері кеңінен қолданылады. Арнайы клирингілік палаталар, орталық банк немесе аса ірі коммерциялық банктер арқылы, ал бір банктің бөлімшелерінің арасында - бас кеңсенің клирингілік бөлімі арқылы жүзеге асырылады.

 

Клирингілік палата (clearing house)

Өзара талаптарды есепке жатқызудың негізінде биржалық мәмілелердің қатысушыларының арасында есеп айырысуды жүзеге асыратын биржалық және биржа аралық орган.

 

Компанияның активтері

Компанияның иеленетін және оған тиесілі нәрсенің бәрі - қолма қол ақша, инвестициялар, дебиторлық берешек, шикізат және материалдық құндылықтар, бұлар айналымдық капитал деп аталады, ғимараттар мен құрал-жабдық, бұлар негізгі капитал деп аталады, сондай-ақ патенттер және компанияның беделі, бұлар материалдық емес активтер деп аталады. Табысты, мұздатылған, өлі активтер болады.

 

Компанияның балансы (balance-sheet)

Фирманың немесе басқа ұйымның активтері мен пассивтерінің белгілі бір уақыт сәтіндегі құны туралы есептеме. Активтерге ақша, бағалы қағаздар, жер, ғимараттар мен құрылыстар, басқа да күрделі жабдық, тауарлық-материалдық қорлар, аяқталмаған өндіріс және борышкерлерден алынуға тиісті сомалар жатады. Пассивтер қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген борыштарды қамтиды. Активтердің пассивтерден артатын сомасы фирманың таза құны болып табылады. Егер бұл артуды фирманың өз акционерлері алдындағы міндеттемесі деп қарастыратын болсақ, активтер пассивтерге тең болып шығады да, баланс өзінің айқындамасына сәйкес келетін болады. Пассивтерінің құны активтерінің құнынан асып кететін кез келген фирма төлем жасауға қабілетсіз болып табылады. Баланста көрсетілген көрсеткіштердің барлығының бірдей дәрежеде шын бола бермейтінін атап өту керек. Мысалы, қолма-қол ақшаның құны тұп-тура дәл көрсетілуі мүмкін. Оңай сатып өткізілетін бағалы қағаздар мен тауарлардың құны да едәуір шын дәрежеде белгілі, әрине, олар тез өзгеріп отырады. Ал жер, ғимараттар, құрал-жабдық сияқты нақты активтердің, сондай-ақ қиын сатып өткізілетін бағалы қағаздардың құнына келетін болсақ, олар тек бағалаушылық сипатқа ғана ие.

 

Компанияның директоры (company director)

Компанияның директорлар кеңесінің (board of directors) мүшесі. Директорлар атқарушы, яғни компанияда толық немесе толық емес жұмыс күні еңбек ететін директорлар болуы және атқарушы емес директорлар болуы мүмкін. Атқарушы емес директорлар қызметіне ерекше білімі мен тәжірибесі немесе белгілі атақтары немесе жақсы беделі бар әрі компанияға салмақтылық бере алатын тұлғалар сайланады. Директорлардың міндеттері заңмен айқындалады, ал оларға Ұлыбританияда қойылатын талаптар Компаниялардың директорларын қызметінен босату туралы Заңда баяндалған.

 

Конкурстық масса

Борышкердің конкурстық өндіріс (соның ішінде банкроттық) барысында өндіріліп алынуы мүмкін мүлкі.

 

Консорциум

Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың негізіндегі уақытша ерікті тең құқылы одақ (бірлестік), бұл одақта заңды тұлғалар нақты шаруашылық міндеттерді шешу үшін белгілі бір ресурстарын біріктіреді және күш-қуатын үйлестіреді. Консорциумның қатысушыларының өздерінің шаруашылық жүргізудегі дербестігін сақтайды және басқа консорциумдардың, қауымдастықтардың қызметіне қатыса алады. Консорциумның қатысушыларының арасындағы қарым-қатынастар шарттық негізде құрылады. Консорциумды басқару консорциумның қатысушыларының консорциалдық келісіміне сәйкес жүзеге асырылады. Егер консорциалдық келісімде басқаша ескерілмеген болса, консорциумның қатысушылары консорциумның қызметіне байланысты міндеттемелер бойынша біріккен жауапкершілік көтереді. Консорциум өзінің қызметін алға қойылған міндет орындалғаннан кейін немесе өзінің қатысушыларының шешімібойынша тоқтатады.

 

Корпоративтік сектор (corporate sector)

Экономиканың пайда алу үшін жұмыс істейтін компаниялардан құралатын бөлігі. Экономиканың осы секторына мемлекеттік сектор, ұлт меншігіне айналдырылған салалар, жекеменшік тұлғалар мен ерікті ұйымдар, мысалы, Ұлыбританияда жеке секторға жататын қайырымдылық ұйымдар қарсы тұрады.

 

Күшін жою

Кұшін қайтару, үзу, тоқтату, күшінде жоқ деп тану.

 

Көгілдір фишкалар

Өздері алатын табыстары мен төленетін дивидендтерінің жоғары көрсеткіштерімен, қызметінің орташадан жоғары деңгейімен өздерін танытқан, аты барынша белгілі ірі компаниялардың әдеттегі жай акциялары.

 

Қайта инвестициялау (reinvestment)

Инвестициялық операциялардан табыс түрінде алынған қаражатты қайтадан қосымша құю. Қайта инвестициялау қызметінің бағыттары инвестициялардың өздерінің бағыттарымен бірдей. Қолданылу саласы әдетте бағалы қағаздар болып табылатын қаржылық қайта инвестициялау мен нақты қайта инвестициялау - кәсіпорындардың негізгі және айналымдық капиталына, ғылымға және т.б. қаражат құю болып бөлінеді.

 

Қайта сақтандыру

Экономикалық қатынастар жүйесі, мұнда сақтандырушы тәуекелдіктерді сақтандыруға қабылдай отырып, олар бойынша жауапкершіліктің бір бөлігін алдын ала келісілген шарттар бойынша теңдестірілген сақтандыру қоржынын құру үшін және сақтандыру операцияларының орнықтылығын қамтамасыз ету үшін басқа сақтандырушыларға табыстайды.

 

Қайтарма облигация

Бұл облигацияны шығарған компания оны мерзімінен бұрын талап етіп ала алады.

 

Қалтарыс экономика (black economy)

Бұл экономикалық қызмет туралы әлеуметтік қамсыздандыру органдарына, салық және басқа мемлекеттік органдарға хабарланбайды. Терминге әдейі төмендететін мән беріледі, өйткені қалтарыс экономикаға қатысу әдетте салық төлеуден және әлеуметтік қорларға ақша аударудан бұлтарумен байланысты, ал онда қамтылған адамдар әлеуметтік төлемақылар мен жеңілдіктер (social security benefits) алу құқығынан айырылады. Сонымен қатар, қалтарыс экономикада еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауға, жұмыс берушінің жауапкершілігіне, қамтылуға кепілдіктерге, шетелдік жұмыскерлер жалдауға және т.б. қатысты заңдар бұзылады. Қалтарыс экономикадағы қызмет туралы құжаттық расталған ақпараттың болмауы табыстар мен қамтылу туралы ресми статистикалық деректердің сенімділігін төмендетеді.

 

Қамтамасыз етілген облигация

Бұл облигация бойынша эмитенттің міндеттемелерін орындауы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес эмитенттің мүлкін кепілге салумен, кепілдемемен және басқа да тәсілдермен қамтамасыз етіледі.

 

Қаржы агенттігі

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы банк немесе ұйым, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәуілетті және сол мақсаттарда Қазақстан Республикасының қаржы нарығында және (немесе) халықаралық қаржы нарығында қарыз алуды жүзеге асырады.

 

Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клиринг

Қаржы құралдарымен мәмілелер жасаудың нәтижесінде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен міндеттемелерін есепке жатқызу.

 

Қаржы құралы

Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жіберілген бағалы қағаздар (соның ішінде туынды бағалы қағаздар) және қаржы нарығының басқа да активтері.

 

Қаржы құралы

Қаржылық міндеттеменің кез келген түрі.

 

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ

Қаржы нарығы - қаржы қызметтерін көрсету және тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуы мен айналысына байланысты қарым-қатынастар жиынтығы.

 

Қаржыландыру

 

Ағымдағы шығындар мен күрделі жұмсалымдарды қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету кәсіпорынның (компанияның) немесе мемлекеттің меншік қаражаттарының, тартылған, қарыз қаражаттар мен басқаларының есебінен жүзеге асырылады.

 

Қарызгер

Несиелік қарым-қатынас субъектілерінің бірі, несие алушы, ол уақытша қарызға алынған құнды қайтаруға кепілдік береді.

 

КАСТОДИАН

Кастодиан - клиенттердің қаржы құралдары мен ақшаларын жүзеге асыратын, есеп және олар бойынша құқықтарын растау, оларды сақтау жөнінде өзіне міндеттеме қабылдап клиенттердің құжаттамалық қаржы құралдарына сақтау және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа қызмет жүргізетін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы.

 

ҚОР ИНДЕКСІ

Қор нарығында не болып жатқандығын түсіну үшін, түрлі акцияларға салымының кірісін орташалау қажет. Ал, оларың саны нарықта мыңнан асады. Сондықтан, жалпы бағалы қағаздар нарығының жай-күйін пайымдау үшін инвесторға «өлшеуіш құрал» керек. Дәл осы құрал ретінде индекстер қолданылады. Индексті құру тәсілі әртүрлі. Сондықтан, бір мезгілде бір ғана нарықтың бірнеше түрлі (тіпті көптеген) индекстері болуы мүмкін. Индекстер нарықтың серпінділігі мен жай - күйін сипаттайтын, ондағы өткен өзгерістерді бақылап отыратын және келешектегі оның бет алысын болжауға мүмкіндік беретін бағалы қағаздар нарығының индикаторы болып саналады. Листингтік компаниялар бағалы қағаздарының кірісі мен баға көрсеткіштері индекс есеп айырысының негізі болып табылады.

 

ҚОР НАРЫҒЫ

Қор нарығы - акциялар, облигациялар және т.б. бағалы қағаздарды сату-сатып алу жөніндегі ұйымдасқан және үнемі қызмет көрсететін нарық түрі

 

Қоржындық инвестициялар

Мемлекеттік бағалы қағаздарды, коммерциялық ұйымдардың облигациялары мен басқа да бағалы қағаздарын сатып алу, сондай-ақ заңды тұлғаның акцияларын сатып алу (қатысушының салымын енгізу), соның нәтижесінде осындай сатып алуды (салым енгізуді) жүзеге асырушы тұлғаға аталған заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының 10 пайызынан кемі (қатысушылардың дауыстарының 10 пайызынан кемі) тиесілі болады.

 

Құжатсыз бағалы қағаз

Құжатсыз нысанда шығарылған бағалы қағаз (электрондық түрде).

 

Құпия мәлімет

Мемлекеттік құпия болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес немесе тараптардың келісімі бойынша оған қол жеткізуге шек қойылған ақпарат.

Әйгілі тақырыптар