Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Глоссарий

ЛИСТИНГ

Листинг - бағалы қағаздарды қор биржасындағы ресми сауда-саттыққа жіберудің, оны қор биржасының баға белгілеу парағына қосудың рәсімі.

 

Лицензия

Құзыретті мемлекеттік орган азаматқа немесе заңды тұлғаға белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір әрекеттерді іске асыруға беретін рұқсат.

 

Мажоритарлық акционер (shareholder, majority)

Акциялардың бақылау пакетінің меншік иесі болып табылатын негізгі акционер.

 

Маркет-мейкер (2)

Брокер-дилер - Сауда-саттық ұйымдастырушысының мүшесі, оны осы Сауда-саттық ұйымдастырушысы брокер-дилер ретінде таниды және ол бағалы қағаздардың белгілі бір түрі бойынша екіжақты бағаларды үнемі жариялап және ұстап отыру жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды.

 

Маркет-мейкер (3)

Брокер - Биржаның мүшесі, ол белгілі бір спрэді бар бағалы қағаздардың белгілі бір түрі бойынша екіжақты бағаларды үнемі жариялап және ұстап отыру жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды. "В" санатынан өзгеше, "А" санаты бойынша биржаның ресми тізімінде тұратын бағалы қағаздар бойынша олар бойынша маркет-мейкер болуға тиіс деген міндетті талап бар.

 

Маркет-мейкер (market-maker)

Қолында тауар қоры немесе бағалы қағаздардың белгілі бір мөлшері бар, және оларды алдын ала жарияланған баға бойынша сатып алуға немесе сатуға дайын тұрған тауарлар немесе бағалы қағаздар нарығының қатысушысы. Бұл бағалар тауарлардың немесе бағалы қағаздардың тек белгілі бір мөлшеріне ғана қолданылады, бірақ бұл шеңберлерде олар сатып алуды немесе сатуды қалайтын басқа адамдар немесе фирмалар үшін өтелімдікті қамтамасыз етеді. Ірірек мәмілелер бойынша маркет-мейкер баға туралы келіссөздер жүргізеді. Маркет-мейкердің пайдасы оның сұраған бағасы (сату бағасы) мен оның ұсынған бағасының (сатып алу бағасы) арасындағы айырманың нәтижесінде пайда болады. Бұл бағалар уақыт ете келе ұсыныс пен сұраныстың арасындағы шамамен алғандағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін түзетілуге тиіс. Егер сұраныс маркет-мейкер сұрататын баға бойынша ұсыныстан тұрақты түрде артатын болса, ол көтерілуге тиіс, әйтпесе қорлар таусылып қалады. Егер маркет-мейкер ұсынған баға бойынша сұраныстан тұрақты түрде артатын болса, ол төмендетілуге тиіс, әйтпесе қорлар маркет-мейкер қаржыландыруға дайын және қабілетті болатын деңгейден артып кететін болады. Маркет-мейкер сұрататын баға мен ұсынылған бағаның арасындағы айырма ағымдық шығындарды жабу үшін және тәуекелдік үшін сыйлықақыны қамтитындай жеткілікті болуға тиіс және маркет-мейкерлер түрінде тым көп бәсекелестердің назарын аудармайтындай аз болуға тиіс.

 

Мағлұмдама (декларация) (declaration)

Салық төлеу үшін табыс туралы мәлімдеме; кедендік баж салығын төлеуге арналған тауарлар тізбесі. Егер мағлұмдамамен мемлекет, партия, халықаралық ұйым шығатын болса, онда мағлұмдама деп осы субъектілердің негізгі қағидаларды ресми түрде жариялауын түсінеміз (мысалы, құқықтар мағлұмдамасы). Құқықтық термин ретінде ағылшынның "declaration" сөзі "қуыным арыз" дегенді білдіруі мүмкін. Кедендік мағлұмдама - бұл шекара арқылы өткізілетін жүк, соның ішінде экспортталатын және импортталатын тауарлар, жолаушының жол жүгі, қол жүгі, бағалы заттар мен валюта туралы мәлімет жазылған құжат. Австралияға мейман визаларын алуға байланысты мағлұмдама - Жүк кемесінің мағлұмдамасы.

 

Менеджмент (2)

Өндірісті басқару; өндірістің тиімділігін арттырып, пайданы көбейту мақсатында АҚШ пен басқа да дамыған елдерде әзірленген және қолданылатын өндірістік басқару қағидаларының, әдістерінің, құралдары мен нысандарының жиынтығы.

 

Менеджмент (management)

Ұйымдардағы басқару немесе шешімдер қабылдау функциясы. Егер істер едәуір жақсы жүріп жатса, басқару ісі көп қам жеуді керек етпейді. Бірақ егер істер онша жақсы жүрмесе, немесе бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болса, онда мәселелердің кең ауқымы бойынша шешімдер қабылдау қажет болады.

 

Миноритарлық акционер (shareholder, minority)

Акциялардың шағын (ұсақ) пакетінің меншік иесі болып табылатын негізгі емес акционер. Яғни, миноритарлық акционерде акциялардың бақылау пакеті болмайды.

 

Монополизм

Қандай да бір затты өндіруге, сатуға, пайдалануға айрықша құқық белгілеу; қаражаттың жекелеген монополиялардың (ірі кәсіпкерлік бірлестіктердің) монополиялар топтарының қолында шоғырлануы.

 

Монополия

1) мемлекетке, кәсіпорынға, ұйымға немесе жеке тұлғаға қандай да бір қызметті жүзеге асыруға берілетін айрықша құқық; 2) ірі компаниялар (фирмалар, корпорациялар) және (немесе) олардың бірлестіктері (картельдер, тресттер, концерндер, консорциумдар, конгломераттар); 3) монополия өзінің қолында тауарлар мен қызметтер өндірісінің айтарлықтай бөлігін шоғырландырады, бұл оған нарықта басым орынды алып, тұтынушыға монополиялық пайданың негізі болып табылатын монополиялық бағаны белгілеуге дейінгі шарттарды мәжбүрлеп таңуға мүмкіндік береді. Капиталды иеленушінің қолында өндірістің, сатып өткізудің және т.с.с. шоғырлануының (орталықтандырылуының) нәтижесі. Монополиялар белгілі бір қоғамдық пайда әкелгенімен де (мысалы, тұтынушыға монополиялы түрде өндірілген тауардың едәуір тез жетуі), ол әдетте бәсекелестерін басып-жаншудан болған теріс салдарларды ақтамайды (өндіріс саласы дамуға деген ынтасын жоғалтады). Сондықтан барлық дамыған елдерде монополистік бірлестіктерге қарсы бағытталған арнайы заңнама әрекет етеді.

 

МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫ

Мiндеттi зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн тәртiппен салынатын ақша.

 

МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫНЫҢ СТАВКАСЫ

Мiндеттi зейнетақы жарналарының ставкасы - салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын кiрiсiне проценттiк қатынаспен көрсетiлген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшерi.

 

Нарық тәуекелдігі

"Ұзын" не болмаса "қысқа" позицияны ұстанған нарықтың қатысушысы өзіне қабылдаған тәуекелдік, мұның мәні бағаның өзгеру ықтималдығы болып табылады. Фьючерстер сату арқылы хеджерленбеген тауарлар қорын, бағалы қағаздарды немесе валютаны иеленушіі баға төмендеген жағдайда ысырап шегу тәуекелдігіне ұшырайды. Тауарларға, бағалы қағаздарға немесе валютаға фьючерстерді сатушы нарықтық баға көтерілген жағдайда, ысырап шегу тәуекелдігіне ұшырайды. Кейбір нарықтарда нарық тәуекелдігін хеджерлеу арқылы азайтуға болады. Нарық тәуекелдігі тіпті мәміленің екінші тарабы өзінің міндеттемелерін толық әрі мерзімінде орындаған уақытта да орын алады.

 

Несие рейтингі (credit rating)

Жеке тұлға, фирма немесе ел өзінің борыштары бойынша есеп айысыра алатытының немесе есеп айырысқысы келетінінің ықтималдығын бағалау. Мұндай бағалау қарызгердің жиынтықты активтері мен міндеттемелері, тәуекелдік дәрежесі мен оның несие тарихы (өткенде пайыздарды және борыштың негізгі сомасын өтеу есебінен төлемақыларды дер кезінде төлегені туралы деректер) туралы барлық қолда бар ақпаратты зерделеуге негізделеді. Несие рейтингі жоғары жеке тұлғалар, фирмалар мен мемлекеттер үшін несие рейтингі төмен қарызгерлерге қарағанда, ақша немесе тауар несиесін алу әлдеқайда оңай әрі арзанға түседі. Қарызгерлер туралы ақпарат жинауға және талдауға және оларға несие рейтингілерін беруге мамандандырылған фирмалар несие рейтингін белгілеу жөніндегі агенттіктер деп аталады.

 

Несие рейтингін белгілеу жөніндегі агенттік (credit-rating agency)

Жеке тұлғалардың немесе компаниялардың төлем жасау қабілетіне қатысты ақпаратты жинайтын және қарызгерлердің несиелік рейтингі туралы ақпаратты мүдделі тараптарға сататын фирма. Мүдделі тараптар әдетте осы жеке тұлғаға немесе компанияға несие беру немесе тауарлар мен қызметтерді несиеге сату мүскіндігін қарастырып жүрген фирмалар болады.

 

Несиегер (creditor debtee)

Несиелік қарым-қатынастардың қатысушыларының бірі, несие беретін субъект ретінде әрекет етеді. Ең кең тараған мәні - борышкердің оның алдында берешегі бар азамат немесе заңды тұлға. Несиегер - бұл міндеттемедегі бір тарап, оның екінші тараптан - борышкерден міндетін орындауды - белгілі бір әрекетті іске асыруды (ақша төлеу, мүлікті табыстау, қандай да бір жұмысты атқару) немесе керісінше, белгілі бір әрекеттерден тартынуды талап етуге құқығы бар. Мысалы, қарыз шартында қарыз беруші - несиегер, ал қарызгер - борышкер. Әдетте, міндеттеме бойынша борыш несиегердің өзіне беріледі (оған ақша табысталады, атқарылған жұмыс тапсырылады және т.с.с.) немесе оның талап етуі бойынша қандай да бір үшінші тұлғаға беріледі. (Бұл орайда қарызгер несиегердің алдында жауапты болып қала береді).

 

Нөлдік купоны бар облигация

Бұл облигация бойынша пайыз төленбейді және ол шығарылған сәтінде өзінің өтелу бағасынан шегерім жасалып бағаланады.

Әйгілі тақырыптар
  • Қазақстанда қаңтар-қазанда мұнай өндіру 6,2% артқан
  • Алматы маңында күн және жел электр стансалары іске қосылды
  • Алматы мәслихаты метро стансасының құрылысына қосымша 1 млрд теңге бөлетін болды
  • Тимур Құлыбаев мемлекеттік компаниялар санын 2 есе қысқартуды ұсынды
  • Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады
  • Ұлттық валютаны пайдалануға ынталандыру процесін бастау керек - ҰБ
  • Нұрсұлтан Назарбаев гонг соқты, Биржа сауда-саттығы басталды
  • 10 айда Қазақстан арқылы 411,5 мың контейнер жүк тасымалданды
  • Банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады - Данияр Ақышев
  • АХҚО құқықтық конференция өткізіп жатыр