Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Глоссарий

Облигация

Бағалы қағаздардың борыштық міндеттеме ретінде мемлекет, акционерлік компаниялар, муниципалдық органдар және т.с.с. шығаратын бір түрі. Бекітілген табысы бар бағалы қағаз, ол бойынша эмитент оны иеленушіге болашақтағы белгілі бір сәтте капиталдың бекітілген сомасын төлеуді және пайыздар төлеп отыруды міндетіне алады. Өтелу мерзімі 5 жыл және одан кем облигациялар қысқа мерзімді; өтелу мерзімі 6 - 15 жыл - орташа мерзімді; 15 жылдам астам - ұзақ мерзімді облигациялар ретінде қарастырылады. Облигациялар активтермен, немесе, мемлекеттің облигациялары болса, жай ғана эмитенттің жалпы төлем қабілетімен қамтамасыз етіле алады. Облигациялардың акциялардан айырмашылығы - олардың иесі акционерлік қоғамның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығын иеленбейді. Облигациялар қор биржасында өздеріне деген сұраныс пен ұсынысқа, өздері әкелетін табысқа және несие пайызының деңгейіне тәуелді бағам бойынша сатылады және сатып алынады. Олар борыштық міндеттеме болып табылады, ол бойынша несиегерлер (облигацияларды иеленушілер) бекітілген немесе "қалқымалы" пайыздық мөлшерлемелер бойынша жылдық табыс алады. Табыс ұтыстар түрінде немесе купондарды төлеу жолымен түседі. Облигациялар қарыз шығарылған кезде алдын ала белгіленген белгілі бір мерзімнің ішінде өтелуге (құнын өтеп сатып алынуға) жатады. Облигацияларды тек орталық және жергілікті билік органдары ғана емес, акционерлік қоғамдар да шығара алады, олар осындай жолмен үстеме капиталды жұмылдырады; бұл орайда одан түсетін пайда мен облигациялар бойынша төленетін пайыздардың арасындағы айырма акционерлердің дивидендтерін немесе акционерлік капиталды ұлғайтуға кетеді.

 

Облигациялардың бағамы (bond rate)

Облигациялар, мысалы, мемлекеттік қарыз облигациялары сатылатын және сатып алынатын баға. Мемлекеттік қарыз облигациялары шығарылған кезде облигациялардың атаулы бағасы белгіленеді, ол облигацияның мемлекет уақытша пайдаланатын белгілі бір капитал болып табылатынын куәландырады. Бұл сома мемлекеттік борышқа кіргізіледі де, облигацияларды иеленушілерге өтеу сәтінде төленеді. Мемлекет сондай-ақ эмиссиялық бағамды - облигациялар несиелік капиталдар нарығында сатылатын және сатып алынатын бағаны белгілейді. Биржада облигациялардың бағамын белгілеу (баға белгілеу) қолданыстағы нормалармен және қалыптасқан іс-тәжірибемен реттеледі. Облигациялардың бағамы атаулы пайызға (тура тәуелділік), несиелік пайыздың мөлшеріне (кері тәуелділік) және жалпы конъюнктураға тәуелді болады.

 

Облигациялардың бағасын белгілеу (bond quotation)

Облигациялардың бағамдық (нарықтық) бағасын белгілеу. Облигациялардың бағасын белгілеген кезде елдің экономикалық жағдайы және саяси конъюнктура, облигацияның түрі, оларды өтеу шарттары, атаулы өсімнің шамасы, несиелік капиталдардың нарығындағы несие пайызының деңгейі, сондай-ақ қазынашылықтың ақша қаражатына деген мұқтаждығы және қарызды орналастырудың осыдан туындайтын мерзімдік дәрежесі есепке алынады. Облигациялардың бағасын белгілеген кезде облигациялардың бағамдық бағасы атаулы бағасынан айтарлықтай ауытқуы мүмкін. Облигациялардың биржалық бағамдары сол күнгі ең жоғары, ең төмен және орташа бағасы көрсетіле отырып, баға белгілеу бюллетенінде жарияланады.

 

Опцион (1)

Шарттың (келісімшарттың) тараптарының біріне берілген, міндеттемені орындаудың тәсілін, түрін, көлемін әдісін таңдау құқығы немесе шартпен ескерілген жағдайларда міндеттемені орындаудан бас тарту құқығы.

 

Опцион (2)

Биржалық сатып алу-сату мәмілесінде тараптардың біріне баламалы шарттардың арасынан таңдау жасау құқығын беретін келісім. Сыйлықақының мөлшері бағалар мен бағамның ауытқу тәуекелін есепке ала отырып айқындалады.

 

Опцион (3)

Акцияларды көрсетілген баға бойынша шектеулі уақыт кезеңінің шегінде сатып алу (алдын ала сыйлықақысы бар мәмілелер жасау) немесе сату құқығы. Сатып алушы опцион сатылған кезде акцияның бағасы пайда алу үшін жеткілікті сомаға артады (сыйлықақы) немесе кемиді (кері сыйлықақы) деп үміттенеді. Егер акцияның бағасы орнықты күйде қалса немесе кері бағытта жылжитын болса, онда опцион үшін төленген баға түгелдей жоғалатын болады. Опциондар саудасы сондай-ақ биржалық индекстер, фьючерстік мәмілелер мен борыштық құжаттар бойынша да болады.

 

Опцион (4)

Халықаралық құқықта - тұлғаның азаматтықты таңдауы - оптация терминін қараңыз.

 

Опцион (5)

Авторлық құқықта - бір мемлекеттің авторының шығармаларын басқа мемлекетте басып шығару туралы шарттың алдын ала талабы - баспа мәселені зерделеп, шешу үшін шығарманы алады да, түпкілікті мерзімді атауды міндетіне алады, бұл мерзім өткенше авторлық құқықтың иесі шығарманы сол тілде жариялау туралы басқа баспамен шарт жасаса алмайды. Опцион туралы келісімде қандай да бір төлемдер көзделмейді. (Сондай-ақ кеме иесінің өз таңдауы бойынша фрахтты жүктің салмағы немесе көлемі бойынша есептеп шығару құқығын қараңыз).

 

Опцион (option)

Жалпы мағынасы - "таңдау", бірақ бұл ұғымның мәні қолданылу саласына байланысты өзгеріп отырады.

 

Оригинатор

Секьюритизация барысында талап ету құқығын шегініп беруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы мемлекет.

 

Орналастыру бағасы

Акцияларды бағалы қағаздардың бастапқы нарығында орналастыру кезінде айқындалатын акцияның бағасы. Түсіндірме: орналастыру бағасын акционерлік қоғамның директорлар кеңесі белгілейді.

 

ОРТАЛЫҚ ДЕПОЗИТАРИЙ

Орталық депозитарий - бағалы қағаздарды тіркеу, сақтауға қатысты қызмет түрін көрсететін арнайы коммерциялық емес ұйым.

 

Өздігінен реттелетін ұйым

Бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатысушылар бағалы қағаздар нарығындағы өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатында қауымдастық (одақ) нысанында құрған заңды тұлға. Түсіндірме: іс жүзінде өздігінен реттелетін ұйымды кәсіпқой қатысушылар өздерінің мүдделерін қорғау мақсатында құрады.

 

Өнеркәсіптік кірістік облигация

Өнеркәсіпті дамыту жобаларын қаржыландыру үшін АҚШ-тың муниципалдық органдары шығаратын облигациялар. Олардың кейбір түрлеріне салық салынбайды.

 

Өтелімдік (liquidity)

1. Активтердің оңай болжанатын баға бойынша ақшаға оңай әрі жылдам айналатын сипаты. Құрылыс қоғамдары сияқты банктік емес қаржы фирмаларында ақша мен депозиттердің өздерінен басқа, қазынашылық вексельдер сияқты қысқа мерзімді бағалы қағаздар осы сияқты активтердің негізгі түрлері болып табылады. Өтелімдікті өтелімсіздіктен айыра білу керек. Кейбір активтер, мысалы банктік клиенттерге берілетін қамтамасыз етілмеген несиелер өтелімсіз болып табылады, себебі оларды оңай сатуға болатын нарықтар жоқ. Басқа активтер өтелімсіз болып табылады, себебі оларды сатуға болатынына қарамастан, әсіресе тез сату қажет болған жағдайда, олардың бағасын болжау қиын. Мұның компаниялардың акцияларына немесе үйлеріне қатысы бар. 2. Өтелімді активтерді иелену. Онсыз компанияда міндеттемелерді өтеуге байланысты қиындықтар болуы мүмкін, ол өзі өзінің төлем қабілетіне сенімді болуы мүмкін болса да, бұл көзқарасты несие мекемелері бөліспеуі мүмкін. Оған өзін төлем қабілетті деп сезінуге мүмкіндік беретін ақпарат, мысалы, жаңа өнімдеріне деген сенімі құпия сипатта болуы, сондықтан несиегерлер үшін дәлелсіз болуы мүмкін.

 

Өтелімдік (liquidity)

1. Активтердің оңай болжанатын баға бойынша ақшаға оңай әрі жылдам айналатын сипаты. Құрылыс қоғамдары сияқты банктік емес қаржы фирмаларында ақша мен депозиттердің өздерінен басқа, қазынашылық вексельдер сияқты қысқа мерзімді бағалы қағаздар осы сияқты активтердің негізгі түрлері болып табылады. Өтелімдікті өтелімсіздіктен айыра білу керек. Кейбір активтер, мысалы банктік клиенттерге берілетін қамтамасыз етілмеген несиелер өтелімсіз болып табылады, себебі оларды оңай сатуға болатын нарықтар жоқ. Басқа активтер өтелімсіз болып табылады, себебі оларды сатуға болатынына қарамастан, әсіресе тез сату қажет болған жағдайда, олардың бағасын болжау қиын. Мұның компаниялардың акцияларына немесе үйлеріне қатысы бар. 2. Өтелімді активтерді иелену. Онсыз компанияда міндеттемелерді өтеуге байланысты қиындықтар болуы мүмкін, ол өзі өзінің төлем қабілетіне сенімді болуы мүмкін болса да, бұл көзқарасты несие мекемелері бөліспеуі мүмкін. Оған өзін төлем қабілетті деп сезінуге мүмкіндік беретін ақпарат, мысалы, жаңа өнімдеріне деген сенімі құпия сипатта болуы, сондықтан несиегерлер үшін дәлелсіз болуы мүмкін.

 

Өтемақы (indemnity, compensation)

Жоғалғанның немесе шегініп берілгеннің орнын толтыру; өзара талаптарды есепке жатқызу жолымен міндеттемені толық немесе ішанара тоқтату тәсілі. Азаматтық құқықта міндеттемелерді тоқтату тәсілдерінің бірі. Борышкердің өз міндеттемесін бұзуымен байланысты, атап айтқанда, оны заттай орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда (мысалы, борышкер несиегерге табыстауға тиісті заттың опат болуының салдарынан); уәкілетті тұлға міндеттеме артылған тұлғаның кесірінен міндеттің орындалуына мүддесін жоғалтқан жағдайда (мысалы, маусымдық тауарларды жеткізуді ұзақ уақытқа кідіртудің салдарынан); міндеттің бұзылуынан туындаған мүліктік ысыраптың орнын ақшалай толтыру бойынша заңмен көзделген басқа да жағдайларда (мысалы, залалдардың орнын толтыру туралы талаптың қанағаттандырылуын жоққа шығаратын тұрақсыздық айыппұлын төлеу). Өтемақылық төлемдердің мысалы ретінде жеке жалдау шартын үзген кездегі кеңшілік жасау ақысын келтіруге болады.

 

Өтеуі бар опцион

Сатып алу құқығы бар негізгі бағалы қағаздардағы тең, бірақ қарама-қарсы позициямен өтелетін опцион позициясы.

 

ПАЙ

Пай - шығарылымы құжаттық емес үлгідегі атаулы эмиссиялық бағалы қағаз. Мына жағдайларды дәлелдейді: пайлық инвестициялық қорда өз меншік иелерінің үлесін пайлық инвестициялық қор активтері жұмысын тоқтатқан сәтте сатқаннан түсетін қаражатты алу құқығын пайлық инвестициялық қор қызметінің ерекшеліктеріне қатысты өзге де құқықтарды.

 

ПАЙЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОР

Пайлық инвестициялық қор - дүние жүзіне аса әйгілі ұжымдық инвестициялау механизмі. Оның көмегімен көптеген инвесторлар қаражаты арнайы құрылған қорға біріктіріледі және оның көбеюі мақсатында сенім басқармасындағы басқарушы компания мамандарына тапсырылады. Басқарушы компания мамандары қор қаражатын қордың инвестициялық декларациясына сәйкес нарықтың түрлі сегменттеріне салады және оларды инвесторлар мүддесіне сай басқарады.

 

Пайыздық тәуекелдік

Нарықтағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне байланысты инвесторлар мен эмитенттер көтеруі мүмкін ысыраптар тәуекелдігі. Қор нарығында жұмыс істей отырып, қаржы нарығының несиелік, валюталық және басқа секторларының ықпалын сезінбеу мүмкін емес, олар қаржылық активтерге құйылған қаражат бойынша жалпы өсімді айқындайды.

 

ПОРТФЕЛЬ ДИВЕРСИФИКАЦИЯСЫ

Портфель диверсификациясы - бір немесе бірнеше бағалы қағаздар құнының төмендеуі барысында қатаң шығындардан құтылу мақсатында өте көп бағалы қағаздардан инвестициялық портфельді құру.

 

ПОРТФЕЛЬДІК ИНВЕСТИЦИЯ

Портфельдік инвестиция-бағалы қағаздардың портфель түрінде құрылған бағалы қағаздарға инвестициялау. Портфельдік инвестициялар пайда табу мақсатында бағалы қағаздарға иелік ету. Алайда ол инвестор тарапынан аталған бағалы қағаздарды шығарған мекемені басқару немесе бақылауды қарастырмайды. Капитал қайтарымы жөніндегі тәуекелділік делдалға қарайды.

 

Проспект

Бағалы қағаздар шығаруға және оларды айналымға шығаруға рұқсат алу мақсатында уәкілетті органға ұсынылатын құжат. Құрамында эмитент және бағалы қағаздардың өздері туралы толық, шынайы әрі нақты ақпарат болуға тиіс.

 

Пруденциалдық норматив

Бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушыларының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге арналған экономикалық талаптар. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

 

Пруденциалдық нормативтер

Уәкілетті орган белгілейтін және арызгер мен лицензиат ұстануға тиісті нормалардың қаржылық көрсеткіштері.

Әйгілі тақырыптар
  • Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
  • Ұлттық банк Qazaq Banki мен Эксимбанкті операцияларды жүргізу лицензиясынан айырды
  • 13 қыркүйек 2018
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде қалдырды
  • Елімізде электр энергиясын өндіруде интеллектуалды технологиялар енгізіледі
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы
  • Астанаға әлемдік деңгейдегі бизнес сарапшылар келед
  • Бауыржан Байбек: Жыл соңына дейін Алматының қоғамдық көліктері 80% жаңарады
  • Қазақстан Президенті Түркістан қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
  • Қазақстандық экспорттың құны жыл басынан бері 9,5 пайызға қымбаттады - ҚР ҰЭМ