Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Глоссарий

РЕПО операциясы кері

Екі бөлімнен тұратын қаржы операциясы, - бірінші бөлімінде (кері РЕПО операциясының ашылуы) Ұлттық Банк (сатып алушы) бағалы қағаздарды Контрагенттен (сатушыдан) екінші бөліміндегі (кері РЕПО операциясының жабылуы) қатысушылардың - Контрагенттің осы немесе ауыстыруға жарамды басқа бағалы қағаздарды құнын төлеп сатып алу туралы, ал Ұлттық Банктің оларды тараптар келіскен мерзімде ақшаға Ұлттық Банкке кері қайтаруы туралы міндеттемесімен бірге сатады.

 

РЕПО операциясы қайтарымды

Екі бөлімнен тұратын қаржы операциясы, - бірінші бөлімінде (РЕПО операциясының ашылуы) Ұлттық Банк (сатушы) бағалы қағаздарды Контрагентке (сатып алушыға) екінші бөліміндегі (РЕПО операциясының жабылуы) қатысушылардың - Ұлттық Банктің осы немесе ауыстыруға жарамды басқа бағалы қағаздарды құнын төлеп сатып алу туралы, ал сатып алушының оларды тараптар келіскен мерзімде ақшаға Ұлттық Банкке кері қайтару туралы міндеттемесімен бірге сатады, бұл орайда Контрагентке РЕПО жабу мерзімін тек мәміле жасалғаннан кейін үш жұмыс күні өткеннен кейін ғана азайту құқығы беріледі, сонымен бірге мезгілде ол Ұлттық банкпен келісе отырып, сыйақы мөлшерлемесін (өсімді) өзгертеді.

 

РЕПО операциясы қайтарымсыз

Екі бөлімнен тұратын қаржы операциясы, - бірінші бөлімінде (РЕПО операциясының ашылуы) Ұлттық Банк (сатушы) бағалы қағаздарды Контрагентке (сатып алушыға) екінші бөліміндегі (РЕПО операциясының жабылуы) қатысушылардың - Ұлттық Банктің осы немесе ауыстыруға жарамды басқа бағалы қағаздарды құнын төлеп сатып алу туралы, ал сатып алушының оларды тараптар келіскен мерзімде ақшаға Ұлттық Банкке кері қайтару туралы міндеттемесімен бірге сатады.

 

САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМЫ

Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде "өмiрдi сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға.

 

Салық (tax)

Орталық немесе жергілікті үкімет жеке тұлғалар мен компаниялардан мәжбүрлі түрде алатын төлемдер. Түрлі елдерде салықтар әр түрлі болады Олардың ішіндегі ең кең тарағандары мыналар. Тікелей салық (direct tax) жекелеген тұлғаның немесе компанияның табысының немесе капиталының мөлшерінің негізінде алынады; «тікелей» деген сөз аталған салықтың нақты ауыртпалығы оны төлейтін осы тұлғаға немесе фирмаға түседі де, басқа ешкімге ауыстырылып салына алмайды. Жанама салық (indirect tax) тауарды немесе көрсетілетін қызметті сатқан кезде алынады; «жанама» деген сөз аталған салықтың нақты ауыртпалығы оны төлейтін қандай да бір тұлғаға немесе фирмаға түспейтінін, және тұтынушыға немесе жеткізушіге ауыстырылып салына алады. Салықтық ауыртпалықтың (incidence of taxes) іс жүзіндегі үлестірілуі туралы осы түсінік әрқашан да дұрыс бола бермейді. Табыс салығы (income tax) табыстан алынады - қосымша құн салығы (value added tax (VAT)) аталған өндіруші жасаған құнға салынады, ал шығыс салығы (expenditure tax) сақталуға бағытталған қаражатты шегергендегі табысқа салынуы мүмкін болар еді. Мүлік салығы (wealth tax) мүліктің құнынан алынады. Капиталдың нарықтық құнының іске асырылған өсіміне салынатын салық (capital gain tax) активтердің құнының артуынан алынады. Тауарларға «құны бойынша» салынатын салық (ad valorem tax) олардың құнының белгілі бір пайызы ретінде алынады. Мөлшерлес (пропорционалды) салық (proportional tax) салық төлеушінің табысының өсуіне мөлшерлес түрде көбейеді. Үдемелі (прогрессивті) салық (progressive tax) кезінде табыстың салыққа кететін үлесі табыс деңгейі өскен сайын көбейе береді; кемімелі (регрессивті) салық (regressive tax) кезінде табыстың салық төлеуге кететін үлесі табыс деңгейі өскен сайын азайа береді.

 

Салық салынатын табыс (taxable income)

Табыстың тікелей салық салынуға түсетін бөлігі. Салық салынатын табыс ақшалай түсімдердің жалпы сомасынан бірнеше позиция бойынша өзгешеленеді. Кейбір түсімдердің капиталдық сипаты бар деп саналады; мұндай жағдайда олар капиталдың нарықтық құнының іске асырылған өсіміне салық салынуға (capital gains taxes) жатады және оларға табыс салығы салынбайды. Салық салынатын табысқа шартты-есептелген табыс (imputed income), мысалы, жалға берілмейтін тұрғын үйдің меншік иесіне ұйғарылатын жал ақысы (Ұлыбританияда пайдаланылмайды) кіруі мүмкін. Салық салу мақсаттарына арналған жалпы табыс түрлі шегерім сомалардың - барлық салық төлеушілерге арналған дербес жеңілдіктердің немесе жекелеген санаттарға, мысалы, асыраудағы адамдарға берілетін жеңілдіктердің, қайырымдылық мақсаттарға арналған құрмалдықтардың немесе зейнетақылық аударымдардың көмегімен азайтылуы мүмкін.

 

Салық салынғанға дейінгі табыс

Бұл тікелей салықтар шегерілгенге дейін алынған табыс; салықтар шегерілгеннен кейінгі табыс - бұл тікелей салықтар шегерілгеннен кейін қалатын қаражат. Салықтық есеп жүргізу - бұл салық органдар үшін қолайлы пішінде жасалған есептемелерді дайындау мен тексеруге, сондай-ақ салықтар бойынша міндеттемелерді барынша азайту үшін өз істеріңді қалай жүгізу керек екені турасында ұсыныстамаларды әзірлеуге бағытталған қызмет. Салық ауыртпалығын үлестіруді түптің түбінде салық төлеудің нағыз ауыртпалығын көтеретін тұлға қарастырады. Салықтық жеңілдіктер (tax allowances) - бұл қызметтің белгілі бір түрлеріне арналған шегерімдер (мысалы, зейнетақылық жарналар), олардан жеке адамдар мен фирмалар өздерінің салық салынатын табыстарын есептеген кезде үміттене алады. Салық төлеуден жалтару (tax evasion) - бұл заң бойынша төленуге тиісті салықтардың төленбеуі; салықтардан «қашу» (tax avoidance) - бұл қандай да бір істі салықтарды төлеу бойынша заңды міндеттемелерден қашып құтылатындай етіп жүргізу. Салықтық шығыстар (tax expenditure) - бұл белгілі бір қызметті көтермелеу үшін салықтық жеңілдіктер берудің салдарынан мемлекеттік табыстың ысырап болуы. Инфляциялық салық (inflation tax) - ақша иеленушілердің қолындағы ақшаның және өсімдері мен негізгі төлемдері ақшалай түрде бекітілген үкіметтік бағалы қағаздардың нақты сатып алушылық қабілетінің төмендеуі (бағалардың өсуінің салдарынан).

 

Салық төлеуден жалтару (tax evasion)

Заң бойынша төлеуге жататын салықтарды, мысалы, жалған салық мағлұмдамасын тапсыру немесе оны мүлдем тапсырмау арқылы төлемеу. Сондықтан, салық төлеуден жалтару - заңсыз әрекет; ол әлдебір әрекеттерді салықтар төлеуге заңды негізде жатпайтындай түрде жүзеге асыруды білдіретін салықтан "қашудан" бөлек. Теорияда салық төлеуден жалтару мен салықтан "қашу" арасында түбегейлі айырмашылық болғанымен, іс жүзінде көптеген жағдайда операциялардың әрбір спецификалық жиынында қандай бухгалтерлік өткізбелер қолданылатынын айқындау үшін, салық салу жөніндегі бухгалтерлердің қымбат тұратын кәсіби кеңестері қажет болады.

 

Салықтар төлеуден "қашу" (tax avoidance)

Заңды түрде салық төлемеу үшін белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыру. Сондықтан, салықтан "қашу" - әбден заңды әрекет әрі ол салық төлеуден жалтарудан (tax evasion) бөлек, онысы заң бойынша төлеу қажет салықтар төлеуден, мысал үшін, жалған салық мағлұмдамаларын жасау арқылы жалтару тәсілдерін іздестіруді білдіреді. Теорияда салықтан "қашудың" мәнін біршама нақты белгілеуге болғанымен де, практикада көптеген жағдайда трансакциялардың әрбір спецификалық жиынында қандай бухгалтерлік өткізбелер қолданылатынын айқындау үшін, салық салу саласындағы кәсіпқойлардың қымбат тұратын ұсыныстамалары қажет болады.

 

Салықтық жеңілдіктер (tax allowance)

Жеке тұлғаның немесе компанияның салық салынатын табысын азайту үшін салық туралы заңнамамен жалпы табыстан шегеруге рұқсат етілген шегерімдер. Бұл әділдік тұрғысынан (equity) орын алуы мүмкін, себебі жеңілдіктерді көздейтін баптар бойынша, мысалы, кепілхат бойынша төлемақыларға кететін шығындар дәл сондай жалпы табысы бар, бірақ осы сияқты міндеттемелері жоқ салық төлеушілермен салыстырғанда төлем қабілетін азайтады. Салықтық жеңілдіктер қызметтің белгілі бір түрлерін көтермелеу үшін берілуі мүмкін, мысалы, фирмаларға инвестициялық қызметті ынталандыру үшін салықтық шегерімдер беріледі, ал жеке тұлғалар мен компанияларға қайырымдылық құрмалдықтардың кейбір түрлеріне қатысты салықтық жеңілдік берілуі мүмкін. Әрбір салықтық шегерім салықтық базаны (tax base) азайтады, бұл жиынтықты салық түсімдерінің осы деңгейіне жету үшін қажетті салықтық мөлшерлемелердің ұлғаюына әкеледі. Ал бұл өз кезегінде адамдарды өз салықтарына қосымша шегерімдер беруді талап етуге ынталандырады.

 

Сатушының опционы

Нью-Йорктың қор биржасындағы ерекше мәміле, ол сатушыға акцияларды немесе облигацияларды алдын ала келісілген кезеңнің ішінде (әдетте 2 - 60 жұмыс күні ішінде) кез келген уақытта жеткізу құқығын береді.

 

Сауда залының трейдері

Бағалы қағаздар сатып алу-сатуға тапсырыстарды тікелей орындайтын брокерлік фирманың жұмыскері.

 

Сақтандыру (insurance)

Тәуекелдікті төмендету және қайта бөлу үшін келісімшарттарды пайдалану. Сақтандыру келісімшартында сақтандырушы сақтандырылған тұлғадан тұрақты төлемақы немесе сыйлықақы алады және оның есесіне өзіне белгілі бір оқиғалар орын алған жағдайда төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттеме қабылдайды. Өмірді сақтандыру кезінде оған байланысты сақтандыру жүргізілетін оқиға сақтандырылған тұлғаның қайтыс болғаны немесе оның әлдебір ескерілген жасқа жетуі болып табылады. Өрттен және ұрлықтан сақтандыру кезінде оған байланысты сақтандыру жүргізілетін оқиға сақтандырылған тұлғаның меншігіне нұқсан болып табылады. Дерттерден сақтандыру кезінде оған байланысты сақтандыру жүргізілетін оқиға нашар денсаулықтың нәтижесінде медициналық қызмет көрсету мен денсаулық сақтауға жұмсалған шығындары немесе табыстан айырылу болып табылады. Кез келген сақтандыру келісімшартында сақтандырылушы бір пәлені екіншісіне айырбастайды. Сақтандыру жоқ болғанда, көп нұқсан шегу мүмкіндігі артады. Егер оқиға орын алмаса, және керісінше жағдайда, егер ескерілген сома жеткіліксіз болып шықса, сақтандыру арқылы адам сақтандыру сыйлықақысы мөлшеріндегі шағын зиянды көтереді. Сақтандырылушы сыйлықақы алу үшін өзіне жаңа тәуекелдік қабылдай отырып, қарама-қарсы айырбас жүргізеді. Сақтандырылушылардың өзіне сондай тәуекелдікті қабылдауға ұмтылуының себебі төмендегідей. Сақтандырылушыларға өздеріне тәуекелдіктерді қабылдауға түрткі болатын фактор - егер олар бір ғана жалпы түрдегі айтарлықтай дәрежеде тәуелсіз тәуекелдіктерінің бірқатарын қабылдаса, онда олардың табыстарының мөлшерлес дисперсиясы олар өздеріне қабылдаған дербес тәуекелдіктердің орташа шамасымен салыстырғанда аз болады. Демек, сақтандыру жалпы тәуекелдікті азайтады, сондай-ақ тәуекелдікті тәуекелдіктерге қатысты біршама артықшылығы бар тұлғаларға көшіреді.

 

Сақтандыру компаниясы (insurance company)

Қызметі сақтандыру қызметтерін көрсету болып табылатын компания. Олардың қатарына өмірді, автомобильдерді сақтандыру, өрттен, дерттерден және т.с.с. сақтандыру кіруі мүмкін. Сақтандыру сыйлықақылары талаптар пайда болғанға дейін төленетіндіктен, ал өмірді сақтандыру полистері жағдайында жиналған қаражат ондаған жылдар бойы жинақталатындықтан, ондай компаниялардың қолында ірі активтер болады. Бұл оларды қаржы нарығының елеулі қатысушыларына айналдырады. Сөйтіп, сақтандыру компаниялары бағалы қағаздар нарығындағы ірі институционалдық инвесторлар болып табылады. Сақтандыру компанияларының активтері мемлекеттік бағалы қағаздарға, акцияларға, ипотекалық облигацияларға және басқаларына инвестицияланады.

 

СВОП

Екі тараптың белгілі бір уақыт кезеңінде белгілі бір шарттарда қаржылық құралдар алмасу бойынша келісімін куәландыратын туынды бағалы қағаз. Атауының өзі ағылшынның swap сөзінен алынған, аудармасы айырбастау дегенді білдіреді.

 

Секьюритизация мәмілесі

Сондай мақсаттарда арнайы құрылатын заңды тұлға несиегерлерден талап ету құқығын сатып алатын және содан кейін ол сатып алған пайдадан шегінген талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген облигациялар шығаруды жүзеге асыратын мәміле.

 

Секьютиризация

Облигациялар шығару арқылы ақшалай талаптың шегініп берілуін қаржыландыру. *Түсіндірме: басқаша айтқанда, секьюритизация - талап ету құқығын бағалы қағаздар етіп өзгерту.

 

Синдикат

Бірлестікте бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдарын немесе сатылмаған шығарылымдардың үлкен блоктарын сатып алуға және орналастыруға кепілдік беретін инвестициялық банкирлер тобы. Монополиялық бірлестік нысаны, оның қатысушылары картельдегі секілді, өндірістік және құқықтық тәуелсіздігін сақтап қалады, бірақ дербес коммерциялық қызмет - тауарлар өткізу мүмкіндігінен айырылады, ал кейде шикізат сатып алуды да бірлесіп құрылатын (әдетте сауда серіктестіктері түрінде) бюролар мен агенттіктер іске асырады.

 

Спрэд

Бұл сатып алу бағасы мен ұсыныс бағасының арасындағы айырма.

Әйгілі тақырыптар
  • Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
  • Ұлттық банк Qazaq Banki мен Эксимбанкті операцияларды жүргізу лицензиясынан айырды
  • 13 қыркүйек 2018
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде қалдырды
  • Елімізде электр энергиясын өндіруде интеллектуалды технологиялар енгізіледі
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы
  • Астанаға әлемдік деңгейдегі бизнес сарапшылар келед
  • Бауыржан Байбек: Жыл соңына дейін Алматының қоғамдық көліктері 80% жаңарады
  • Қазақстан Президенті Түркістан қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
  • Қазақстандық экспорттың құны жыл басынан бері 9,5 пайызға қымбаттады - ҚР ҰЭМ