Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Глоссарий

Тіркелген тұлға

Бағалы қағаздарды иеленушілер тізілімі жүйесінде немесе атаулы иеленуді есепке алу жүйесінде беттік шоты бар тұлға. *түсіндірме: тіркелген тұлға бағалы қағаздарды иеленуші бола алмайды.

 

Тіркеуші

Бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушысы, ол акционерлердің (үлескерлердің, ЖШС қатысушыларының) тізілімдер жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асырады.

 

ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ

Тікелей инвестиция-өндіріске және өнімнің нақты түрін өткізуге тікелей салынатын, акциялардың бақылау пакетіне иелік жасауды қамтамасыз ететін инвестициялар.

 

Табыс

Өндірістік, коммерциялық, делдалдық және басқа да қызметтен алынған ақша немесе материалдық құндылықтар; ұлттық табыс - бүкіл елдің шаруашылығының ауқымында жаңадан жасалған құн; таза табыс - өнімді сатып өткізу бағалары бойынша оның құны мен толық өзіндік құнының арасындағы айырма.

 

Талап ету құқығы

Міндеттемелік құқықтық қатынастар жағдайында пайда болады. Несиегердің борышкерден өзінің міндеттемелерін орындауын талап етуге құқығы бар дегенді білдіреді. Талап ету құқығы несиегерге тиесілі. Несиегердің талап ету құқығы мен борышкердің борышы міндеттемелік құқықтық қатынастың мазмұнын құрайды. Секьюритизация барысында талапты шегініп беру қолданылады, яғни, несиегер ауыстырылады. Секьюритизация кезінде талап ету құқығы, бұл - оригинатордың қызметінің барысында туындайтын оригинатордың борышкерлерге ақшалай талаптары.

 

Тапшылық

Залал, шотқа қарағанда қолма-қол ақшаның жетіспеуі. Бюджетте - шығыстардың кірістерден асып кетуі.

 

ТИКЕР

Тикер - 1) биржадағы соңғы мәміленің бағамын тіркейтін әрі оларды ақпарат таблосында жүгіртпе жолдар түрінде беретін электрондық жүйе; 2) ағымдағы қаржы ақпаратын қағаз таспада жедел беретін телеграфтық аппарат.

 

ТРАНСФЕР-АГЕНТ

Трансфер-агент - өз клиенттері арасында құжаттарды қабылдау және тапсыру қызметін ұсынатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы. Трансфер-агент қызметі: -тапсыру үшін алынған құжаттарды тіркеу және есепке алу - клиенттерге тапсырылған құжаттарды тіркеу және есепке алу - өз қызметінде қолданатын электрондық база мәліметтерінің бүтіндігін қамтамасыз ету - трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру барысында қолданатын электрондық жүйенің жұмыс қабілеттілігін ұстау - басқа да функцияларды жүзеге асыру.

 

Трейдер (trader)

Саудагер, маклер. Қысқа мерзімдік пайда алу үшін өз есебінен бағалы қағаздар сатып алатын және сататын тұлға, сондай-ақ фирма мен оның клиенттері үшін бағалы қағаздар сатып алу және сату бойынша тапсырмаларын орындайтын брокерлік фирмалардың қызметшілері.

 

Тренд (trend)

Беталыс, қозғалыс; жалпы бағыт (қозғалыстың); өзгеріс. 1) көрсеткіш қозғалысының кез келген бағыты; 2) нарықтың дамуының немесе бағаның (бағамның) қозғалысының ұзақ мерзімді беталысы.

 

Туынды бағалы қағаздар

Басқа бағалы қағаздар арқылы бейнеленген кезде құнға ие болатын бағалы қағаздар.

 

Тәуекелдік (risk)

Бұл терминнің қолданылу саласына қарай әр түрлі мағынасы болады. Сөздіктің тақырыптамасына екі тәуекелдік санаты - сақтандыру және банк тәуекелдігі жатады. 1) сақтандыру тәуекелдігі. Бұл салада тәуекелдік терминінің өз кезегінде үш мағынасы бар: 1а) орын алу жағдайына сақтандыру жүргізілетін ықтимал оқиға немесе оқиғалардың жиынтығы. Мүліктік сақтандыруда мүліктің өрттен, топан судан, зілзаладан және басқа нәубеттерден ықтимал опат болуы немесе бүлінуі. Жекеше сақтандыруда ондай оқиға, мысалы, еңбек қабілетінен айырылуға әкеліп соғатын жазатайым оқиға болуы мүмкін. Сақтандыру тәуекелдігін сақтандыру оқиғасынан айыра білу керек - соңғысы - іс жүзінде төлем жасау қажеттілігіне себе болатын оқиғаның нақты орын алуы, ал сақтандыру тәуекелдігі сақтандыру өтемақысын (сақтандыру сомасын) төлеудің ықтимал мүмкіндігін білдіреді. Кейде сақтандыру тәуекелдігі деп қандай оқиғадан сақтандыру жүргізілсе, сол оқиғаның орын алу қатерінің дәрежесін түсінеміз. 1б) сақтандыру оқиғасы орын алған кездегі қолайсыз экономикалық салдарларды үлестіру. Әдетте сақтандыру ұйымы "сақтандырушының тәуекелдігін" құрайтын ықтимал нұқсанның белгілі бір бөлігін өтеуді өзіне қабылдайды, нұқсанның өтелмейтін бөлігі "сақтандырушының тәуекелдігі" болып қалады. Бұл тәуекелдіктердің арақатынасы сақтандыру сомасынан және сақтандыру қамтамасыздығы жүйесінен туындайды; 1в) халықаралық іс-тәжірибеде сақтандыру тәуекелдігі сақтандыру нысанын білдіруі мүмкін; 2) банк тәуекелдігі - банк операцияларының ерекшелігінен туындайтын ысыраптар қаупі. Банк тәуекелдіктері төмендегідей түрлерге бөлінеді - несие, валюта, пайыздық тәуекелдік, теңдестірілмеген өтелімдік тәуекелдігі және банктің теріс пайдалану тәуекелдігі. Банк тәуекелдіктеріне табиғи нәубеттер тәуекелдігі, саяси тәуекелдік және басшылықтың біліктілігі, банктің қызметін ұйымдастыру және т.б. секілді субъективті факторлар өте елеулі ықпал етуі мүмкін.

 

Тәуекелдіктерді біріктіру

Пайда алу туралы нық сенім болмаған кезде, екі немесе одан артық тәуекелді жобаларды біріктіру. Осындай жобалар бойынша күтілетін пайданың біріккен сомасы әр жеке жоба бойынша күтілетін сомадан әлдеқайда ықтимал. Осындай тәсім бойынша нарықта бір бірінен тәуелсіз айналымда жүрген әр түрлі акцияларды иеленетін сақтандыру компаниялары, бағалы қағаздар қоржынын иеленушілер, үлеспұлдық инвестициялық қорлар жұмыс істейді. Тәуекелдіктерді біріктіру - ұсақ ұйымдармен салыстырғандағы ірі ұйымдардың артықшылықтарының бірі.

 

Төрелік (arbitration)

Дауларды екі тараптың да көңілінен шығатын делдалдың шешуіне шығару жолымен дауларды шешу жүйесі. Төреші ретінде жеке тұлға немесе комитет әрекет ете алады, оның құрамына көбінесе екі тараптың өкілдері мен тәуелсіз төрағалық етуші тұлға кіреді. Төрелік тәртібімен көбінесе сауда ісіндегі немесе еңбек даулары реттеледі, себебі мұндай төрелік әдетте істі сотта қарастырумен немесе ереуіл жасаумен (industrial action) салыстырғанда тезірек іске асырылады және арзанға түседі. Заң бойынша немесе шартқа сәйкес тараптар істі қарастыру нәтижелеріне келісу туралы міндеттеме қабылдаған жағдайда, төрелік соттың шешімі олар үшін міндетті болып табылады. Егер тіпті шығарылған шешім міндетті болып табылмаса да, тараптар істі сотта немесе ереуіл арқылы қарастыруға байланысты ысыраптан, шығыстар мен тәуекелден қашып, көбінесе осы шешімге бағынады.

Әйгілі тақырыптар
  • Қазақстанда қаңтар-қазанда мұнай өндіру 6,2% артқан
  • Алматы маңында күн және жел электр стансалары іске қосылды
  • Алматы мәслихаты метро стансасының құрылысына қосымша 1 млрд теңге бөлетін болды
  • Тимур Құлыбаев мемлекеттік компаниялар санын 2 есе қысқартуды ұсынды
  • Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады
  • Ұлттық валютаны пайдалануға ынталандыру процесін бастау керек - ҰБ
  • Нұрсұлтан Назарбаев гонг соқты, Биржа сауда-саттығы басталды
  • 10 айда Қазақстан арқылы 411,5 мың контейнер жүк тасымалданды
  • Банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады - Данияр Ақышев
  • АХҚО құқықтық конференция өткізіп жатыр