Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Глоссарий

Уәкілетті орган

Бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

 

Ұсынушыға арналған облигация

Иесінің аты-жөні эмитенттің кітабында тіркелмеген облигация. Атаулы облигациядан өзгеше, әдетте бұл облигацияның купоны болады, ол облигацияны иеленушінің тиісті мерзім келгенде пайыздарды алуға деген құқығын куәландырады.

 

Үлеспұл

Құжатсыз нысанда шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаз, ол өзінің меншік иесінің үлеспұлдық инвестициялық қордағы үлесін, үлеспұлдық инвестициялық қор тіршілігін тоқтатқан кезде оның активтерін сатып өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ осы заңмен айқындалған, үлеспұлдық инвестициялық қорлардың қызметінің ерекшеліктеріне байланысты басқа да құқықтарды растайды.

 

Үлеспұлдық қор

Ұсақ инвесторларға инвестициялық қоржынды әртараптандырудан пайда алуға мүмкіндік береді. Үлеспұлдық қорлар үлеспұлдарды инвесторларға сатады да, алынған қаражатты басқарушы компания басқаратын және қамқоршы ретіндегі банкке тиесілі бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру үшін пайдаланады. Үлеспұлдық қордың акциялар пакеті бағалы қағаздардың кең ауқымын қамтуы мүмкін, немесе керісінше, белгілі бір секторға немесе елге шоғырландырылуы мүмкін. Олар табыстың және капиталдың өсуінің әр түрлі қиысымдарына қол жеткізуді мақсат етуі мүмкін. Бұл орайда инвесторлар кәсіпқой менеджментке және жоғары транзакциялық шығыстары жоқ әртараптандырылған қоржанға үміт арта алады. Олар көбірек үлеспұлдар сатып ала алады немесе өздерінің үлеспұлдар жарияланған баға бойынша кез келген уақытта кері сата алады.

 

Үлестес тұлға

Тура және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге, соның ішінде келісім бойынша, соның ішінде ауызша келісім немесе басқа мәміле бойынша ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (берілген өкілеттіктерінің шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда).

 

Фьючерстік операциялар

Биржалардағы мерзімдік мәмілелер, шикізат тауарларын, алтынды, валютаны, қаржы-несие құралдарын мәміле жасау сәтінде тұрақты баға бойынша операцияны белгілі бір уақыт аралығынан (2-3 жылға дейін) кейін орындау арқылы сатып алу-сату болып табылады.

 

ФЬЮЧЕРСТІК ӨЗАРА ШАРТ

Фьючерстік өзара шарт - бүгінгі күні белгіленген, яғни мәмілені жасаған сәттегі баға бойынша, бірақ операцияның өзін болашақта, белгілі бір уақыт аралығынан кейін орындалатын сатып алу-сату жөніндегі келісімдер.

 

Хеджерлеу (hedging - ысыраптардан сақтандыру)

Инвестициялардың белгілі бір жекелеген түрлері бойынша тәуекелдікті төмендетуге бағытталған процесс немесе операциялар жиынтығы. Нарықта тауарлардың, бағалы қағаздардың, өсім мөлшерлемелерінің бағаларының өзгерістері едәуір жиі байқалады, сондықтан нарықтың қатысушылары конъюнктураның қолайсыз дамуының салдарынан ысырап шегу тәуекелдігіне ұшырайды. Бұл тәуекелдік оларды келешектегі ахуалды болжауға және өз әрекеттерін сақтандыруға мәжбүрлейді. Сақтандыру немесе хеджерлеу инвесторлар, қандай да бір активті өндірушілер немесе тұтынушылар үшін нарықтағы бағалардың қолайсыз ауытқуларын бейтараптандыру болып табылады. Хеджерлеудің мақсаты бағаның өзгеру тәуекелдігін бір тұлғадан екіншісіне көшіру болып табылады. Бірінші тұлға хеджер, екіншісі - алыпсатар деп аталады. Бұлай бөлу әлбетте, шартты, өйткені келісімшарттың тараптары екі хеджер бола алады, онда біреуі бір ғана тауарға бағаның көтерілу тәуекелдігінен, екіншісі - бағаның төмендеуінен сақтанады. Өте маңызды бір мезет - хеджерлеу ысыраптардан қорғай алады, бірақ оның нарықтағы ахуалдың қолайлы дамуын пайдалану мүмкіндігін шектейді. Көбірек табысты тек көп тәуекелдікті арта отырып қана алуға болады. Алайда көптеген инвесторлар тәуекелдікті түгелдей немесе белгілі бір дәрежеде жоққа шығаруға ұмтылады. Сонымен қатар, өндірістік процесспен байланысы бар тұлғалар ең алдымен өздерінің болашақ шығыстары мен табыстарын жоспарлауға мүдделі, сондықтан өздерінің қаржылық жағдайының келешек мүмкіндіктерінің айқын болуы үшін ықтимал қосымша табыстан бас тартуға дайын. Неғұрлым кең тараған хеджерлеу тәсілдері. Егер компанияда тауарлардың немесе бағалы қағаздардың қорлары болса, онда бұл компанияда баға түсетін жағдайда залал шегу тәуекелдігі болады. Хеджерлеуді бұл жағдайда тауарды мерзімдік сату туралы, яғни, тауарды келешекте белгілі бір күні өзара келісілген баға бойынша жеткізу туралы мәміле жасасу арқылы немесе фьючерстер нарығында сату арқылы жүзеге асыруға болады. Егер тауар біркелкі болса, онда хеджерлеу арқылы тәуекелдікті түгелдей жоққа шығаруға болады. Қорларды иелену тәуекелдігін хеджерлеудің баламалы әдісі пут опцион (put option) сатып алу болып табылады, ол оны иеленушіге келісімшарт бағасы бойынша сатуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бірақ міндет артпайды. Дәл осылай өзінің келешекте белгілі бір күні тауар жеткізуді жүзеге асыруға міндетті екенін білетін компания өзін тауардың бағасы өте биік болатын уақыттың келіп жету тәуекелдігінен қорғауды қалауы мүмкін. Ол аталған тәуекелдікті мерзімдік немесе фьючерстік келісімшарт сатып алу арқылы немесе оған келісімшарт бойынша сатып алуды жүзеге асыруға құқық беретін, бірақ міндеттеме жүктемейтін колл опцион сатып алу арқылы хеджерлей алады. Ондай мәмілелердің ең тамашасы егер болжамдар іске аспаса және тәуекелдік ықтималдығы ақталмаса, ескерілген тұрақсыздық айыбын төлеп, олардан бас тарту мүмкіндігі болып табылады. Кейде бұл келісімшартты орындауға қарағанда пайдалы болады.

 

Шаруашылық жүргізуші субъект

Өзінің атынан шаруашылық қызметті жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.

 

Іскерлік этика (business ethics)

Компания өзінің қызметінде ұстанатын бейресми ережелердің, яғни, заңнамалық тәртіпте белгіленбеген ережелердің жиынтығы. Іскерлік этикаға жұмыскерлермен, клиенттермен, сатып алушылармен, жеткізушілермен, серіктестермен, бәсекелестермен және тағы басқалармен қарым-қатынастағы адалдық кіреді.

 

ІРІ АКЦИОНЕР

Ірі акционер - Акционерлік қоғамның жалпы саны 10 не одан да жоғары дауыс беру акцияларына ие, өзара кеілісімшарт жасасу негізінде қызмет атқаратын акционер немесе бірнеше акционерлер.

 

Экономика секторы

Негізгі қызмет түрі мен ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны бойынша біріккен институционалдық бірліктер тобын қамтитын экономиканың бөлімшесі.

 

Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру

Бағалы қағаздардың шығарылымы тіркелгеннен кейін дереу бағалы қағаздардың инвесторларға бастапқы сатылуы.

 

Эмитент

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

Әйгілі тақырыптар
  • Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ары қарай дамуының бес негізгі бағытын атады
  • Астанада ТМД және Балтық елдерінің ХV облигациялық конгресі өтеді 2018 жылғы
  • Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір.....
  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
  • Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір
  • Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
  • Түрік лирасының құлдырауы Қазақстанның экономикасына қалай әсер етеді
  • Қазақстан бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде 38-орынды иеленді
  • Мемлекет басшысы CNPC корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньмен кездесті
  • Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9% дейін төмендетті 2018 жылғы 4 маусым