Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Қаржылық қолдау
Оба кезіндегі маркетинг

Askarova LolaЛола Асқарова

Маркетинг және стратегия боынша кеңесші

Ең күрделі болып табылған және Ұлы Дағдарыспен салыстыруға болатын 2008-2009 жылдары қарқынды дамып жатқан дағдарыс, қаржы секторында қызмет ететін маркетолог мамандығы үшін, маркетолог (советтік кезеңнен кейінгі елдерде, соның ішінде Қазақстанда да) жас мамандық болғандықтан, олардың кәсіби мансаптарындағы бірінші дағдарыс. Олардың бюджеттері азайтылып, жұмыс берушілері өздерін банкрот деп жариялап немесе штаттарын қысқартуда, ең сенімді қаржы институттардың өзі айналасындағы қаптаған бәсекешілерден, үміттерін үзген несие берушілер мен инвесторлардың қысымынан әлсіздеп жатыр.

8 мамыр 2009 | Көрілгендер: 586 | Мастер класс | Толығынан оқу
Сұхбат жасау – бұл өнер!

Irina GalkinaИрина Галкина

"KIT" іскер журналының бас редакторы


Журналистика шеберлігінің қысқаша курсы

(жалпы қабылданған теорияға сәйкес келмеуі мүмкін)


Бұл жанрдың ұсынылмаған негізгі шарттарының бірі - әңгімелушілер деңгейінің бірдей болмауы. Егер сіз сұхбат алатын адам "пәлеқор" болса, онымен әңгімелесу (сұхбат жасау) оңды нәтиже бермейді, сонымен қатар одан көпшіліктің назарын аударарлықтай қызықты ақпарат ала алмайсың. Сондықтан біз сұхбат жүргізетіндер - өмірде белгілі бір табысқа жеткен, жоғарғы мәртебеге ие, қоғамда өз орны бар адамдар. Көпшіліктің назарын аударарлықтай қызықты сұхбат жасау үшін ол адам туралы көп мәлімет білу керек (ол адам жайында не білетініңді, не естегеніңді, не оқығаныңды еске түсіру керек). Ол адамға қатысты Интернеттегі барлық ақпаратты жинап алу сіздің міндетіңіз болып табылады.

4 ақпан 2009 | Көрілгендер: 540 | Мастер класс | Толығынан оқу
Несие картасы - бұл үнемдеу амалы ма?

Askarova LolaЛола Асқарова - маркетинг және стратегия бойынша кеңес беруші

Сен маған өз несие картаң жөнінде айтшы, сонда мен сенің қандай адам екеніндігің жайында көп нәрсе айта аламын. Сізде несие картасы бар ма? Оны Сіз қалай пайдалаңасыз? Егер Сіз оны жай ғана несие ретінде пайдалансаңыз, онда несие картасын белгіленген жүйе бойынша қолданбайтыныңыз байқалады.

Мәлімет бойынша барлық несие карталары үш мақсатта қолданылады: 1. қолайлылығы; 2. қосымша несиелеу мүмкіндінің бар болуы; 3. артықшылықтары; Несие карталарының қолайлылығы мынада: оны тауар мен көрсетілген қызметтің қолма-қол ақша төлемі ретінде пайдалануға болады, бұл басқа төлемдермен салыстырғанда, Сіздің әмияныңызды жеңілдетіді және маңызды несие карталары Сізді карта бойынша алаяқтық әркеттерден, тоңау мен сатып алынған заттардың ақау болуынан қорғайды, сонымен қатар несие карталары жеңілдіктер алуға, бонустар (үстеме) жинауға көптеген мүмкіндіктер береді.

3 ақпан 2009 | Көрілгендер: 471 | Мастер класс | Толығынан оқу
“Прозамен сөйлеңіздер!”

Askarov TulegenТөлеген Асқаров

"BizMedia" ІЖО" президенті

Жас тәжірибе жинаушы мамандар немесе студенттер әлеуметтік өмірде кәсіби жандандыруды неден бастауды сұраған кезде, мынандай жауап қайтарамын: "Естеріңде сақтаңдар, бұл өмірде сендер жас кездеріңнен бері өмір сүріп келесіңдер!"

Шындығында, бала алғаш рет дүнгіршекке ата-анасының ақшасына балмұздақ сатып алған кезден немесе тиынды "сақтағышқа" жинаған кезден бастап ол үздіксіз экономика қатысушысы болады, тәжірибе жүзінде рыногтық реттіліктің алғашқы сатысы қалыптаса бастайды. Шетелде кәмелеттік жастағылардың көпшілігі, бүгінде экономикалық өмірдің толысқан жастағы қатысушылары. Арнайы білімсіз олар рыногтық экономиканы аз деңгейде ғана меңгеретіндігін естеріне сақтауына тура келеді, ал іс жүзінде белгілі батыр Мольер сияқты бұған күдік келтірместен "әрбір күн прозамен" деп айтады.

12 желтоқсан 2008 | Көрілгендер: 416 | Мастер класс | Толығынан оқу
“Аналитика мен журналистика үйлесімді...”

Tatyana KudryavtsevaТатьяна Кудрявцева

сегіз жылдық еңбек өтілі бар журналист

Аналитикалық журналистика төңірегіндегі сұрақтарға қайшы пікірлер бұрыннан бар. Көпшіліктің пікірі бойынша, журналист жалпы маңызды құбылыс бойынша өзіндік қорытынды шығармайды, тек қана ол деректерді жүйелеп беріп отырады. Ал басқалары жалпы дамудың теориялық және практикалық проблемаларымен байланысты сөз болған пікір болу керектігін ерекше баса айтады.

Аналитикалық журналистикадағы қоғам дамуының тиімді жолдарын таңдау: себебін анықтау, әртүрлі әлеуметтік күштердің әрекеті, пиғылы, қызығушылығы желісіне құрылған жағдайлардың өзгеруі мен оқиғаның даму шарттары, тенденциялардың дамуындағы қазіргі қарама-қайшылықтардың көрінуі, дұрыстығы, әртүрлі ой-пікірлерде тұрақтануы мүмкін.

22 қараша 2008 | Көрілгендер: 466 | Мастер класс | Толығынан оқу

Әйгілі тақырыптар