Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
“Прозамен сөйлеңіздер!”

Askarov TulegenТөлеген Асқаров

"BizMedia" ІЖО" президенті

Жас тәжірибе жинаушы мамандар немесе студенттер әлеуметтік өмірде кәсіби жандандыруды неден бастауды сұраған кезде, мынандай жауап қайтарамын: "Естеріңде сақтаңдар, бұл өмірде сендер жас кездеріңнен бері өмір сүріп келесіңдер!"


Шындығында, бала алғаш рет дүнгіршекке ата-анасының ақшасына балмұздақ сатып алған кезден немесе тиынды "сақтағышқа" жинаған кезден бастап ол үздіксіз экономика қатысушысы болады, тәжірибе жүзінде рыногтық реттіліктің алғашқы сатысы қалыптаса бастайды. Шетелде кәмелеттік жастағылардың көпшілігі, бүгінде экономикалық өмірдің толысқан жастағы қатысушылары. Арнайы білімсіз олар рыногтық экономиканы аз деңгейде ғана меңгеретіндігін естеріне сақтауына тура келеді, ал іс жүзінде белгілі батыр Мольер сияқты бұған күдік келтірместен "әрбір күн прозамен" деп айтады.


Әрине, кәсіби-бизнес журналисті болу үшін жүйеленген қажетті білім алу - аздық етеді, бұл жұмысқа кәсіби дағдылану тиіс. Білімнен бастайық. Экономика жөнінде тұтас мақала жазу үшін арнайы пәндер, соның ішінде, техникалық және бүгінде мектеп қабырғасынан басталатын (макро, микро экономика) тек экономикалық теорияны ғана емес, бизнес және қаржы туралы негізгі түсініктерді білуі керек. Мәселен, автомобильді өндіріс жөнінде жазу үшін электронды өндіріс және химялық жаңа үлгіде метталургиядан хабары болуы керек. Банктік тематиканы алып қарайтын болсақ, қазіргі жаңа технологиялар және іс-қағаздарда жұмыс істеу жөнінде білімді қажет етеді. Егерде кімде-кім еңбектің белгілі бір саладағы нәтижесіне қол жеткізгісі келсе, құралдармен таныстығын үзбеу керек, онда мұнай түрі "бренттен", "юралстың", газ конденсатының төмендеген газдан қандай айырмашылықтары бары түсіндіріледі.


Сол сияқты құбылысты экономикалық тұрғыдан оқытудың аналитикалық негізі болып табылатын, егер мәселе берілген уақыт қорытындысы жөнінде немесе орташа ауқымды топтар мен индекстерді анықтауға арналған болса статистикамен танысудан қашпау керек. Индукция мен дидукция қосылысы - салыстыру, ол аналитикалық зерттеудің әдістері болып табылады.


Енді дағдылар жайында. Журналистиканы ғылым ретінде анықтау күрделі болғандықтан, ол іс жүзінде кәсіп (қарапайым кәсіп емес) болып табылады. Біріншіден, бизнес-журналист болып жұмыс істеу үшін осы кәсіптің дағдыларын меңгеру керек. Бұл жерде басты мән беретін жайт, егер мақала макроэкономикалық тенденция немесе атомдық индустрияның күрделі технологиялары туралы жазылар болса, онда журналист бұл сұрақтарға эксперт ретінде қатыспайды, ақпарат көзі мен оқырмандар (көрермен мен оқырмандар) арасында делдал ретінде қызмет атқарады. Ол мамандардың күрделі тілде жазылған ақпараттарын өзінің оқырмандарына түсінікті және қызықты түрде жеткізуі керек. Мұндай жұмыс жасауға қалыптасу үшін экономика, бизнес, қаржы жөніндегі біліммен шектелмей, журналистикаға тән тәртіпті: ақпарат жинау, оны өндеу, ақпарат беруді жақсы меңгеру керек. Сонымен қатар журналист ойының жақсы жақтарын басқара отырып, мақаланы анық, сауатты, қызықты етіп жазуға дағдылануы тиіс. Шындығында, оқырмандар журналисттерден экономика саласындағы терең түсінік-танымдарды ғана емес, керісінше, экономикалық оқиғалар жөнінде көпшілікке түсінікті, қызықты ақпараттар күтеді.


Сондықтан енді ғана іскер журналистика майданына дайындалып жүргендерге мына өсиетті тыңдағаннан соң, студенттермен жұмыс жасауда қолданылатын жай мәтіндермен өзін тексеруге кеңес беремін. Бірінші тапсырма - бүгінгі күні мемлекет экономикасы нені қарастыратындығы жөнінде көпшілікке түсінікті, қызықты әңгімелеу. Екінші тапсырма - қандайда бір стратегиялық мәліметті алып, одан көпшілікті қызықтыратын ақпаратты таңдап, оны түсініп, мақала жазу. Үшінші тест - күнделікті бетпе-бет келетін бизнес жөнінде мәлімет дайындау, себебі дүкеннен нан сатып алуда немесе Интернетке кірерде Сіз онымен айналысасыз, оның қызметтерін пайдаланасыз. Соңғы төртінші жаттығуды өзіңіздің қаржы әріптесіңізге арнаңыз. Олар банктегі операционист немесе жалақы мен жәрдемақыны бөлетін бухгалтер, тіпті ата-анаңыз да болуы мүмкін.


Көп жазу керек емес - кез-келген мәтін жаттығуларына мәтіннің бір беті де жеткілікті. Мақаланы аяқтағаннан кейін өзіңіз жазған мәліметтерді оқып шығыңыз, қателерін тексеріп, мәтінді редакциялаңыз. Енді нағыз маңызды сәт - өзіңіздің жазған мақалаңызды алғашқы оқырмандарға (олар ата-анаңыз, редакциядағы құрдасыңыз, тіпті ЖОО-ғы оқытушыңыз болуы мүмкін) таныстырыңыз. Олардың ескертулерін тындағаннан кейін, мақалалаңызды іскерлік тақырыбын қозғайтын мақалаға айналдырыңыз, өзіңіздің аты-жөніңізді жазып, іскер тақырып жөніндегі ақпараттарыңызды Іскер журналисттер орталығы "BizMedia" қоғамдық қорына, яғни, бізге жіберіңіз. Біздің қордың сайтында "Дебют" атты арнайы бөлім бар.


Төлеген АСҚАРОВ,

"BizMedia" ІЖО" президенті, "Республика Деловое Обозрение" газетінің қаржы жөніндегі шолушысы

12 декабря 2008 | Просмотров: 2 532 | Мастер класс | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді