Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
“Маркетолог журналист болғанда”

Lola AskarovaЛола Асқарова

маркетинг және стратегия бойынша консультация беруші


Қаржының әртүрлі құрылым бағыттарында жұмыс істейтін маркетологтар (маркетинг-менеджерлер, маркетинг бойынша мамандар, өнімді тарату бойынша менеджерлер) БАҚ-ры PR департаменті немесе баспасөз-қызметі істеуіне байланысты журналистермен тікелей бетпе-бет келуі өте сирек, соған қоса БАҚ-да қаржы құрылымындағы өзіндік әрекеттері жұмыс тәртібіне сай қойылған. Сондай-ақ ерте ме кеш пе маркетологтар PR секілді құралдармен тікелей бетпе-бет келетін кездер де болып тұрады. Мәселен, жаңа өнімді шығару немесе қолдану мүмкіндігі жоспарлану ықтимал: маркетолог компаниясы өнімнің артықшылықтары жөнінде кең көлемде мақала жазу, БАҚ-ры редакциясына мәліметтерді тарату, банк қызметкерлерінен алынған сұхбатты дайындау және жариялау, сондай-ақ журналистерді жаңа өніммен, оны күнделікті өмірде қолдану қолдану туралы таныстыру, қарсыластармен бәсекеге түсе білу. Қаржы құрылымы өзінің тепе-теңдігін сақтап қалғысы келгенімен, оның бәрін жалған пікірлер бекерге шығарады, мұндай жағдай PR анти-кризисіне апарып соғуы мүмкін.

Мұндай қаржылық құрылымда әртүрлі бағытта қамтамасыз ету мүмкіндіктері бар болса, PR департаменті немесе баспасөз-қызметі бұл тапсырмаларды өздеріне міндеттейді. Сонымен қатар, шығарылған жаңа өнім туралы пресс-релиз дайындау немесе компанияның өнімі жайында кең көлемде мақала жазу секілді қызмет түрлері өнімді біршама жақсы білетін маман ретінде - маркетологқа жүктеледі.

Пресс-релиз бұл өте ыңғайлы - баспасөз-қызметінің немесе PR мамандары мұндай жұмыстарды шын көңілмен қолға алады, пресс-релиздер оларға жаңа ұғым емес, оны жазу үшін типтік шаблон қолдануға да болады, ал мақаламен барынша күрделірек.

Біріншіден, БАҚ-ры мақаланы тегін жариялайды ма, соны шешіп алу керек. Батыста олай болуы әбден мүмкін. Жергілікті банктен бай қазақстандықтарға арналған жаңа кредит карталарының шығуы Financial Times-тен басталған және батыстағы БАҚ-да бұл жаңалық тез таралған. Financial Times редакциясы бұл жаңалыққа таңғалғаны соншалық, осы жағдай оларды бей-жай қалдырмады, айтар болсақ, басында бәрі ақысыз болуы. Бірақ Financial Times қазақстандық БАҚ-ры емес. Менің іс-тәжірибе жұмыстарымда Қазақстан рыногында мұндай жағдайлар кездеспейді. Бізде, тіпті, қызықты ақпараттар үшін де төлем төлеу қажет. Егер мәлімет шынымен де ақысыз болса, ол не жарамсыз немесе өте құнды болып есептеледі. Елімізде маркетологтардың PR-ді шектеулі қолданылуы осыған байланысты болуы мүмкін. Мақаланың ақысын анықтаған соң, маркетолог өзінің ақылы мақаласын қайда жариялау туралы шешімді қабылдауы керек. "Дұрыс" маркетологтар әртүрлі БАҚ-ның эффективтілігін өлшемейді, тағы сол сияқты басылымдардың тиражын санайды, олардың оқу залдарын қарайды, мәселен, бұл баспа мемлекеттік пе, әлде жергілікті ме, орыс тілді ме немесе қазақ тілді ме, жалпы бағытта ма, әлде арнайы бағыттандырылған ба, БАҚ-ның профильдерімен салыстыра қарайды, нәтижесінде орынды, әсерлі шешім қабылдауға тырысады. "Дұрыс" маркетолог көріністер саны мен аудиториядағы адамдарды, оқылған мақалаларды, төленген теңге немесе доллар - бәрін жақсы түсінеді.

Бұл бізге оңай емес. Қазақстандық басылымдардың шынайы тираждары анық емес. Соңында көзді жұмып қарауға тура келеді. Сондықтан Қазақстанның Қаржы құрылымының маркетологы осы немесе басқа БАҚ-да:


а) баспаның қаржы құрылымымен байланысын;

ә) баспасөз-қызметінің жорғары бағалауы;

б) жарнамалық агенттіктің кепілдемелері, егер олар жарнамалық және маркетинг-компаниялардың аталған қаржы құрылымын басқарумен айналысуын ескере отырып жариялайды.


Келесі тапсырма - маркетолог БАҚ-да таңдаулы журналистерге немесе жеке баспасөз-қызметі, жарнама агенттігіне мақала жазуды тапсыруы керек. Бұл маркетологты қатты ойландыратын іс. Мақала өнімнің сатылуына септігін тигізуі керек, онда тұтынушының тіліне түсінікті өнімнің ерекшелігі туралы айтылады, сонымен қатар ол тұтынушыны міндетті түрде қызықтыруы керек. Менің іс-тәжірибем бойынша Қазақстанда қаржы қызметінің сан қырын меңгерген мамандар жұмыс істейтін жарнама агенттігін табу - мүмкін болмайтын жағдай. Бүгінгі таңда халықтың көзі ашық, бірақ әзірге әлемді сандар қоршап тұр, қаржылық айла-әдістер, заң терминдері. Баспасөз әдетте жұмысбасты, болмаса қаржы өнімінің жалпы аз ғана бөлшектерімен таныс. Мақала - ақылы, төлемақы мақаланың жазылуына байланысты болғандықтан, таңдау журналисттің өз үлесінде. Өкінішке орай, шыңдық осыған жанасады: осы жағдайдың өзінде тәжірибе жүзінде барлық мақаланы маркетологтың өзіне, әлде өзгеге жаздыруға тура келеді.

Қаржы өнімдері туралы мақала жазу үрдісінде журналистермен жұмыс барысында маркетологтарға туындайтын қиындықтар, рыногтағы кредит карточкаларын мысал ретінде қарастырамыз.


1) Қазақстандық журналистер карточка өнімдері туралы көп мәлімет біле бермейді, анығында не туралы жазғандарын да түсіне бермейді. Көпшілігі овердрафт немесе жедел чардж-карталарынан қандай айырмашылықтары барын, өсімсіз бағамда қандай қызметтер атқаратындығын және әртүрлі банктерде карточкалық өнім ретінде өзара қалай салыстырылатындығын түсіне бермейді. Бүгінгі күні қанша журналист жедел кредит карточкаларын пайдаланып отырғаны бізге, әрине, қызық.


2) Қазақстандық журналистер заң шығарушылардың лексикасына негізделген банк терминологиясын сирек меңгерген. Журналисттердің қаншасы рыногтағы карточкалар жөнінде заңдылық тұрғысынан картаны "пайдаланушы" шын айтады, ал "иесі" жоқ деген сұрақтарға жауап бере алатын мақала жазды? Бұл тәжірибе жүзінде мақаланы маркетологтардың міндетті түрде жүйелеп, баспаға шығар алдында заңгерге көрсетіп алуына әкеліп соғады.


3) Біздің журналистер мақала жазар алдында өнім, тіпті банк жөнінде ақпаратты өте аз меңгерген. Өнімсіз атаулары, брендттер дұрыс жазылмайды.


4) Қазақстандық журналистер қаржы өнімдері туралы қарымды жазбайды. Сонымен қатар тұтынушылардың тіліне түсінікті етіп аудармастан, қарапайым түрде өнім ерекшеліктерін көрсетеді, олар өнім жөнінде көп мәлімет біле бермейді. Нәтижесінде өнімнің сатылуына кері әсерін тигізетін мақала болып шығады.


5) Біздің журналистер рыногтағы қаржы қызметтері туралы көп мағлұмат біле бермейді. Бәрінің, тіпті, сіздің өніміңізді бәсекелесіңізбен салыстыра алмайды, сондықтан сіздің оған оның зерттеу нәтижесі туралы немесе барлығы жайында толық түсінік беруіңізге тура келеді.


6) Біздің журналистер өнім жөнінде қалай жақсы мақала жазу туралы кеңес бере алмайды, сондықтан маркетологтың барлығын өзі жүйелеуіне тура келеді. Сонымен қатар, бұл жұмыс төлемі жасалған мақала үшін қосымша еңбек. Бұл маркетологтың эксперттік көзқарасын, өзгелерден кеңес сұрау құқынан айырады. Сондықтан маркетолог ресейлік мақалаларды немесе батыс баспасөздерін негізге алуы немесе барлығын өзі жазуға міндетті.


7) Соңында ең негізгісі - біздің журналистердің жазған мақалаларынан өнім сатылмайды, ал мен мақала жазған кезде ылғи да негіз ретінде ресей баспасының American Express жол чектері туралы жазылған мақаласын аламын. Мақала шынайы, қызықты, жақсы жазылған, PR бойынша сату мүмкін. Осылай тек қана Ресейлік PR-лер немесе жарнамашылар ғана жазуы мүмкін, қаражат жоғары болса, оларға берер едім.


Жоғарыда келтірілген ақпараттар мен деректер автордың кәсіби тәжірибесіне негізделген. Егер сізге қаржының әртүрлі саласындағы өнімдер жөнінде әсерлі, қызықты , шынайы мақала жазатын журналистер белгілі болса, BizMedia арқылы маған олардың байланыс телефондарын, нақты мәліметтер жіберулеріңізді сұраймын. Рахмет!

20 ноября 2008 | Просмотров: 4 103 | Мастер класс | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді