Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Сұхбат жасау – бұл өнер!

Irina GalkinaИрина Галкина

"KIT" іскер журналының бас редакторы


Журналистика шеберлігінің қысқаша курсы

(жалпы қабылданған теорияға сәйкес келмеуі мүмкін)


Бұл жанрдың ұсынылмаған негізгі шарттарының бірі - әңгімелушілер деңгейінің бірдей болмауы. Егер сіз сұхбат алатын адам "пәлеқор" болса, онымен әңгімелесу (сұхбат жасау) оңды нәтиже бермейді, сонымен қатар одан көпшіліктің назарын аударарлықтай қызықты ақпарат ала алмайсың. Сондықтан біз сұхбат жүргізетіндер - өмірде белгілі бір табысқа жеткен, жоғарғы мәртебеге ие, қоғамда өз орны бар адамдар. Көпшіліктің назарын аударарлықтай қызықты сұхбат жасау үшін ол адам туралы көп мәлімет білу керек (ол адам жайында не білетініңді, не естегеніңді, не оқығаныңды еске түсіру керек). Ол адамға қатысты Интернеттегі барлық ақпаратты жинап алу сіздің міндетіңіз болып табылады. Сұхбат барысында өзіңізді еркін, сенімді ұстаңыз. Сіз сұхбат берушіні саналы, "жолы болғыш", жалпы бір "керемет" етіп көрсететін сұрақтар дайындау міндетті емес. Ештене емес, екі ұшты ойлы сұрақтарды да дайындаңыз. Тосын сұрақтар да қоя біліңіз. Сұхбат берушіңізді қойылатын өткір сұрақтармен алдын-ала таныстырудың еш қажеті жоқ. Сіздің сұхбатыңыз сұхбат берушінің бір кісілік монологіне айналмауы тиіс. Оның айтайын деген ойын аңғарыңыз, қарама-қарсы сұрақтар қойыңыз, сұрақтардың өз орнымен қойылуына үлкен мән беріңіз, сонда ғана сұхбат қалаған деңгейде ашық, анығырақ болады.


Есте сақтаңыз: тіпті жай ғана әңгіменің өзі қалаған деңгейдегі керемет сұхбатқа айналуы мүмкін.
Бұл үшін сіз әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп, сұхбат барысында сол әдіс-тәсілдерді пайдалануыңыз абзал. Баспа бетінде жарияланған сұхбаттардың кейбірін Сіз қызығып оқисыз, ал кейбірінің тек абзацтарын оқумен ғана шектелесіз. Мұндай авторлар қателігін жасамаңыз. Қорыта айтқанда, сұхбат ойға жеңіл, нақты, әрі мазмұнды, әр түрлі мәселелерді қозғайтын болуы керек. Осы жағдайда біз сұхбат мазмұны мен формасына үлкен мән береміз. Қорытынды бөлімінен біз компания қандай жетістіктерге жетті, алда қандай өзгерістер (компания туралы емес, адам жөнінде тәжірибе жүзінде дәл осылай жазуымыз керек) күтіп тұр т.с.с. көптеген ақпараттар аламыз. Сұхбаттың қорытынды бөлімі - барлық ақпараттардың өзегі болып табылады. Сұхбатта нақты бір ой болуы керек, сондықтан барлығы соның аясында құрылуы керек, бұдан Сіз еш ұтылмайсыз.


Сұхбатты жазар алдында әңгімелесушіңізбен белгілі бір тақырыпта ой қозғап отырмын деп сезініңіз. Сіздің әңгімеңіз белгілі бір логикадан ауытқыды (егер мұндай жағдай болған кезде оны дайын мәтінде көрсетпеудің алдын алу керек) дегенге мен күманданамын, ой шашыраңқы емес, бір-біріне жалғасымды. Міне, мәтін дәл осылай құралады, бірақ та оқырмандарды естен шығармаңыз. Олар сіздің сұхбат берушіңіз туралы хабардар емес, Сіз бен сұхбат берушіңіз арасындағы болған әңгімеден ой қорытады. Сіздің еңбегіңізді оқитын оқырмандар үшін мәтін көпшілікке түсінікті болуы керек. Сұхбат барысында Сіз бен әңгімелесушіңіз қандай ойда болды, осы сұхбат астарында не жатыр т.с.с. сұрақтар жауабын оқырман шешуге міндетті емес.


Көп жағдайда сұхбат кезінде сұхбат беруші өзінің айтайын деген нақты ойын дәл, тура жеткізе алмайды. Сұхбатты қағаз бетіне түсірер алдында сұхбат берушінің ойын дұрыс анықтап, оны өз тарапыңыздан көркемдеп, байыту керек. Ойды нақты көркем етіп жеткізу әңгімелесу кезінен гөрі жазу барысында жүзеге асады. Сұхбат мәтіні бекітіледі, бұл егер сіз сұхбат кезінде қателік жіберсеңіз, оны түзетуге өте қолайлы. Ол сіздің қателігіңізді түзетеді.

Егер сұхбат идеясы дұрыс құрылса, сұхбат беруші Сізге дән риза болады, себебі бұл сұхбатта ол келелі сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамда өз орны бар жеке тұлға ретінде көрінген. Дәл осындай мүмкіндік туып, сұхбатқа тағы да шақырған кезде ол міндетті түрде келісері сөзсіз.


Қазіргі күнге дейін өз мәнін жоймаған фразалар мен пікірталас (пікірсайыс) сияқты әдіс (бірде, Сіздің әңгімелесушіңіз бұл туралы не ойлайтыны сізді қызықтырады, ал кейде онымен таласасыз) қолданылса, тосын және қолайсыз сұрақтар қойылса сұхбат қызықты, тартымды болады. Арнайы тақырыптағы кез-келген сұхбат көз бояушылық болуы мүмкін.


Ішкі өңдеу редакторлық жөндеуден қарағанда әлдеқайда маңызды.
Өзіңіздің жазғаныңызға әрдайым сын көзбен қараңыз. Өз шеберлігіңізді жетілдіруге ешқашан да ерінбеңіз. Егер мәтін дұрыс құрастырылмаған, айтылар ой аз, көпшілікті қызықтырарлықтай болмаса, онда қайта құрастырып жазудың себептерін іздестіру керек. Қысқасы, ақпарат сіздің тегіңізге жазылған. Сондықтан Сіз өз атыңызды баршаға мәлім етесіз, не мүлдем өшіресіз (тіпті ең мықты мамандандырылған редакторлық жөндеу Сіздің еңбегіңізге көріктілік бере алмайды). Журналистика саласында ең негізгісі - өзін-өзі жетілдіру. Ал бұған ұмтылысы жоқ адам міндетті түрде шетте қалады.


Көбірек оқыңыз!
Сіздің әріптестеріңіздің шығармашылық деңгейінің жоғарлауы - бұл Сіздің де үлесіңіз (олармен бір жерде жұмыс жасау міндетті емес). Құмарлана оқыңыз. Мәтіннің не себепті бір жүйеге түспегендігін, шұбалаңқылығын, журналист өзінің мәтінің не жөнінде және қалай құрайтынын талдаңыз.

Міне, осы да жеткілікті сияқты. Сіздерге сәттілік және мол табыс тілеймін!

4 февраля 2009 | Просмотров: 10 407 | Мастер класс | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді