Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Несие картасы - бұл үнемдеу амалы ма?

Askarova LolaЛола Асқарова - маркетинг және стратегия бойынша кеңес беруші

Сен маған өз несие картаң жөнінде айтшы, сонда мен сенің қандай адам екеніндігің жайында көп нәрсе айта аламын. Сізде несие картасы бар ма? Оны Сіз қалай пайдалаңасыз? Егер Сіз оны жай ғана несие ретінде пайдалансаңыз, онда несие картасын белгіленген жүйе бойынша қолданбайтыныңыз байқалады.

Мәлімет бойынша барлық несие карталары үш мақсатта қолданылады: 1. қолайлылығы; 2. қосымша несиелеу мүмкіндінің бар болуы; 3. артықшылықтары; Несие карталарының қолайлылығы мынада: оны тауар мен көрсетілген қызметтің қолма-қол ақша төлемі ретінде пайдалануға болады, бұл басқа төлемдермен салыстырғанда, Сіздің әмияныңызды жеңілдетіді және маңызды несие карталары Сізді карта бойынша алаяқтық әркеттерден, тоңау мен сатып алынған заттардың ақау болуынан қорғайды, сонымен қатар несие карталары жеңілдіктер алуға, бонустар (үстеме) жинауға көптеген мүмкіндіктер береді.
Қосымша несиелеу мүмкіндігі бұл картаны жай несиелеуден ерекшелеп тұрады, соған байланысты несие карталарын револьверлік деп атайды. Сіздің пайдаланған картаңызға орай, банк Сізге карта артықшылықтарын ұсынады: әр түрлі сақтандыру бағдарламалары, жеңілдіктер мен бонустар, ұсыныстар. Мұның өзі жеке бір картаның құнын толтырады.
Әрине, несие карталарының мұндай артықшылықтары біз үшін үлкен мәртебе. Несие карталары әлемінде бұл нақтыланған түсінік емес. Кез-келген адам несие карталарын ала алмайды. Ол үшін несие тарихы жөнінде оңды көзқараста болып, белгіленген жүйеге сәйкес қомақты табыс иегері болуыңыз қажет. Егер Сіз кез-келген бір ірі банктен несие картасын тек қана қолма-қол ақша қызметі үшін ғана пайдалансаңыз, бұл соңғы үлгідегі "Мерседес" автокөлігін үй бұрышындағы дүкенге нанға барумен бірдей.

Екіден беріңіз!
Әлемде дағдарыс, қандай несие карталары деп ойлайтын боларсыз? Негізінен қарыз - бұл жақсылықтың белгісі емес. Не де болса өз қаражатыңмен өмір сүруге ұмтылуын қажет. Несиені жөнсіз алып, өз уақытында төлемін дұрыс қайтармау жақсылыққа алып келмейді. Бұған жоғары деңгейде тәуекел ететін батыс борышкерлері (subprime lenders) көзімізді жеткізді. Сіз қаражат бойынша қызмет көрсетілмейтін несие картасының иегерісіз, өз несие тарихыңызды жойғыңыз келмейді. Мұндай жағдайда егер банк Сіздің картаңызды жоймаса (дағдарыс кезеңінде көптеген банктер қауіптенген карта иеленушілерінің несие картасын жойып жібереді), міндетті түрде картаңызды жабыңыз.
Адамдардың көпшілігі - несие картасы мүмкіндіктеріне сене бермейді. Шыңдығыңда несие карталары мен оның келісім-шарттары баршаға түсініксіз. Соған байланысты картаны иеленушілер оны мән беріп оқымайды. Бұл, әрине, дұрыс емес. Күтпеген жағдайлар мен өкінулер, міне, осыдан шығады. Біздің банктердің батыс банктерінен басты айырмашылығы олар көрсетілетін қаржылық көмек жайы мен ақпараттық талдау, өз мақсатына қажетті өнімді дұрыс таңдау мәселелері жөнінде көп ойланбайды. Бұл жөнінде дұрыс білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Несие карталары тек қана жамандық алып келеді деп ойламау керек, себебі оның қалай қызмет ететіне баршаға мәлім. Бағымызға орай, Қазақстанда несие карталарын иеленушілердің саны артып келеді, олар несие карталарын белгіленген жүйе бойынша пайдаланады. Олардың басқа несие картасын иеленушілерден ерекшеленетін екі жағы бар, ол: ақпараттандыру мен жоспарлау.
Нарықтағы несие карталарына қорытынды жасау, шарттарына сәйкес салыстыру, қаржы жөнінде өзіндік білім беру, карта бойынша қызмет көрсету шарттарымен таныстыру, банктың соңғы ұсыныстары жөнінде мәлімет беру - міне, осының бәрі ақпараттандыруға жатады. Карта Сізге не үшін қажет? Оның қандай артықшылықтары бар? Өз қаражатыңды басқару мен үнемдеудің қандай жолдары бар? Міне, осындай мәселелерді жоспарлау қарастырады.
Несие карталарын қаржыландыру құралы мен үнемдеудің амалы ретінде пайдаланудың бірнеше стратегиялары бар. Қазір кез-келген банкте электронды банкинг қызметі бар. Бюджеттегі өз шығыныңды жоспарлап бақылау, қолма қол ақша жұмсаудан анағұрлым жеңіл. Барлық ай шығындарын несие карталары бойынша өтеуге болады, ал келесі ай жалақасын сақтандыру сияқты басқа мақсатта жұмсауға әбден мүмкін. Бүгінгі күні нарықта 2-айлық пайызсыз несие карталары бар, яғни карта бойынша төлемді транзакация жасаған сәттен бастап, екі айға кемітуге болады. Мұндай жағдайда карта бойынша үлкен сатылымды алғашқы айдың басында, ал төлемді келесі айдың соңына қалдыру керек. Депозиттеріңіз бар, бірақ Сізге дереу ақша керек болса, депозитті жауып, пайыздан айырылмастан бұрын, шығынды өтеу үшін несие карталарын пайдалануға болады, Сіз депозиттің 1-2 айдағы пайызын ұтып аласыз.
Мұның түрлері өте көп. Несие картасын дұрыс пайдалана білсең, ол - пайдалы құрал. Несие картасын пайыздық өлшемі мен пайызсыз кезеңнің ұзақтығына және артықшылықтарына қарап таңдау керек. Егерде Банк Сізге дисконттық немесе одан да жоғары үстемесі бар (бонус) бағдарламаларын ұсынса, бұл үнемдеудің құралы болып есептелінеді. Осы тектес маңызды несие карталарын иеленушілерге қосымша сақтау мүмкіндігі сияқты әртүрлі ұсыныстар беріледі. Қысқасы, артықшылығы (сақтандыру бағдарламалары) бар несие карталарын жеке дара сатып алудан оны аштыру жеңіл әрі арзан. Біріншіден, біз несие карталары қандай мақсатта пайда болғандығын анықтап алуымыз керек. Дағдарыс кезінде банктер несилендіру көлемін қысқартып жатыр. Банк клиенттерді несиелендіру шартын өзгертуге тырысуына байланысты, карта иеленушілер үшін несие картасының өзіндік қызметі барған сайын маңызды болып келеді. Сол себепті егер Сізде несие картасы болса, немесе оны Сізге ұсынса, оның мәңін түсінбей жатып, бас тартпаңыз. Біріншіден, бұл қандай карта, оның қандай артықшылықтары бар, ол Сізге пайдалы ма, міне, осыларды дұрыс анықтап алуымыз керек. Сонымен қатар, егер оны дұрыс пайдаланса, дағдарыс кезеңінде ыңғайлы қаржы құралы ретінде өз мүмкіндіктерін көрсетеді.
Бірнеше карта иеленушілері үшін дағдарыс - бұл өз несие картаңның артықшылықтары мен нарық жайында көп ақпарат алу мүмкіндігі. Сонымен бірге бүгінде нарықта жақсы ұсынысы бар несие-карта өнімдерін кездестіруге бола ма? Қазіргі жағдайда мұндай қызметті тек қана маңызды банктер ғана көрсете алады. Картамен қоса Банкті де ауыстырудың мәні қандай мәні бар? Осы жайында көп ойлануымыз керек.

Ұтымды карта
Карта қызмет көрсету шарттары бойынша ғана әртүрлі емес. Картаның мәнін мен мақсатын оған тәуелді төлемдер жүйесі анықтайды. Карта иеленушілердің картаны пайдалануына қарай төлемдер жүйесі оларды үлкен екі топқа бөледі: транзакторлар мен револьверлер. Транзакторлар - бұлар өз уақытымен карта бойынша барлық қарызын өтейтін адамдар. Шындығында, бұл адамарға несие уақытша ғана қажет, олар несие картасын қолайлы және артықшылықтары болғаны үшін қолданса, револьверлер бірінші орында несие картасын, несие төлеу мүмкіндіктері мен қарызды белгіленген пайызда бірте-бірте өтеу үшін қолданады.

Visa және Mastercard карталарын иеленушілер - револьверлер, бұл олардың көптігі мен бизнес үлгісіндегі төлем жүйесімен түсіндіріледі. Салыстыру мақсатындағы біздің нарықтан өткен American Express төлем жүйесі бизнес үлгісінің өз ерекшеліктері бар. American Express төлем жүйесінің басқалардан басты айырмашылығы - бұл карталар сый түрінде несие карталарында ғана мамандандырылады (American Express төлем жүйесін иеленушілерде мықты несие тарихы болу керек, сонымен қатар бұл карталар ешқашан арзан болмайды). Екіншіден, American Express төлем жүйесін бір немесе бірнеше банктер (Қазақстанда ҚазКом) ғана шығара алады. Расында да, American Express картасын иеленушілердің үштен төрті транзакторлар, бизнестегі акцент карта иеленушілердің шығынынан жасалады (American Express картасын иеленушілер, басқалардан қарағанда, 2-4 есе артық төлейді).
Тұтынушылар үшін таңдаудың көп болғаны, әрине, жақсы. Сондықтан бірнеше апта бұрын маған несие картасын аштыру жөнінде келген шақыру қағазы қайда? Қаржы қызметін пайдаланушы ретінде несие картасы маған қандай мүмкіндіктер береді, осы несие картасы менің қаражатымды тиімді басқара ала ма, алдымен, осыны шешіп алу керек. Несие құралы үнемдеу үшін қажет пе? Ия, расында, солай болуы да мүмкін.

3 февраля 2009 | Просмотров: 3 211 | Мастер класс | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді