Бақытжан Жұмалиева
тәуелсіз журналист
Әркашанда есте ұстайтын басты кеңес: үстірт ештене істеуге болмайды. Ең алдымен, сіз мақала жазуды бастар алдында дайындық жұмысын жүргізіп алуыңыз кажет. Компания мен оның басшылары түралы барынша көп білуге тырысу керек. Алдын ала сұрақтар дайындалады, және бұл бірсарынды жауап берілмейтіндей күрделі болып кұрылуы тиіс.
Сонымен, журналистке компания бизнесінің тарихың, оның құрылған уақыты мен даму кезенің білу кажет. Оның тыныс-тіршілігі, дәлірек айтсақ, сол нарықтағы олар орны анықталады. Акциялар кімдердің арасында бөлінген және басшылардың стратегиялық шешімдері қабылдауға қатысы қандай.
Қоғамға қажеттілік тұрғысынан бизнестің мақсаты. Келісім шарт немесе жоба туралы қабылданған шешімнін түпкі нәтижесі қандай болады және бұл нақтылы компанияға және тұтастай алғанда елге не береді (бюджетке кірістер, жұмыс орыңдары, әлеуметтік инфракұрылым).
Ұсынылатын өнімнің немесе жобаның артықшылығы неде, баға коюға және/немесе сапаға және/немесе шикізатты жеткізудің ұзақтылығына қатысы оны бәсекеден тыс оқшаулайтың айрықша ерекшеліктері.
Енді жекеден жалпыға қарай өтеміз:
- Нарықтың қолданыстағы мүмкіндігі, өсім;
- Ішкі және/немесе халықаралық;
- Бөлу желілері;
- Болжанатың өсім;
- Нарықтың шамаланған үлесі (бекітілген бағалау бойынша).
Әрі қарай - қаржыландырудың маңызды мәселесі: қайнарқөздер, кімнің кепілдік етуімен, қайтару мерзімдері. Салықтарды төлегеннен және жобаны пайдалануға бергеннен кейін табысты және таза пайданы алдын ала болжау. Алдағы түсетін пайданың көлемін жобалау.
Компанияның әлемдегі (елдегі, өнірдегі) орны мен рөлі. Жылдық айналым және қызметкерлердің саны. Балама жобамен немесе компаниялармен салыстыру.
Екінші бөлік бұдан да күрделі болуы мүмкін. Мұнда сандарға талдау жасалады. Ағымдағы жыл өткен жылмен салыстырылады, ал оған қатарынан бірнеше жыл алынса тіпті жақсы болады. Жарайды, егер журналист "тақырыпты" игерсе, онда ол өзінің дербес мәліметтер базасың еншілейді және оған талдау жасайды әрі салыстырады. Пайда төмендеді ме? Неге? Қызмет түрін өзгерту керек пе? Неге? Активті сатып алу ма? Не үшін? Тұрақты түрде балама жүргізу.
Егер журналист зерделеу мен талдауды үйреніп алса, онда бизнес мақаласын жазуда онша қиындық болмайды.