|
|

| Бакудегі “Артық емес ақшалар” хабарына арналған түсірілімдер |
|
Мамырдың 3-6 аралығында "Іскер Журналистика Орталығының" президенті Т. Асқаров "Артық емес ақшалар" хабарының шығармашылық топ құрамымен Баку қаласында болып қайтты. Хабардың демеушісі Сорос-Қазақстан Фонды. Түсірілім барысында Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Серік Прімбетовпен, Норвенияның Әзербайжандағы елшісі Йон Рамбергпен, Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай фондының атқарушы директоры Шахмар Мовсумовпен, академик, Әзербайжан Парламенті экономикалық саясатының тұрғылықты Комиссиясының төрағасы, Халықаралық экономистер Одағының вице-министрі Зияд Самадзадемен, Revenue Watch Institute Кавказ және Орталық Азия бойынша аймақтық координатор Галиб Ефендиевпен, экономикалық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Азер Мехтиевпен, Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясының экс-басқарушысы, кәсіпкерліктің және нарықтық экономиканың дамуына қолдау көрсету Фондының басқармасы, экономикалық және саяси зерттеулер Орталығының президенті, ЕІТІ бастамасымен құрылған НПО Коалициясының негіздеушісі және мүшесі Сабит Багировпен кездесулер өткізілді.











Спикерлермен сұхбат барысында не талқыланғанын "Артық емес ақшалар" хабарынан "Астана" арнасында көре және "Республика Деловое обозрение" газетінен оқи аласыздар!

|
|
Материалы по теме:
|
|
Әйгілі тақырыптар
|