Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
“Евразиялық банк” АҚ Баспасөз-клубының бірінші мәжілісі

Eurasia

2011 жылдың 17 маусымында Бутаковка шатқалындағы "Алтын-Тай" ат жарысы кешенінде "Евразиялық банк" АҚ Баспасөз-клубының бірінші мәжілісі өтті.

Мәжіліс бағдарламасы "Несие портфелінің сапасы: қатерлер мен мүмкіндіктер" тақырыбындағы дөңгелек үстелмен ашылды, онда отандық және әлемдік тәжірибеде несие портфелін бағалау белгілері, несие қатерлерін басқару және скорринг-жүйелер, "Евразиялық банкінің" несие активтерінің сапасын жақсарту бойынша технологияларды дамытудағы тәжірибесі, 2011 жылда Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің несие портфелінің сапасы бойынша болжамдары талқыланды. Дөңгелек үстелде спикерлер ретінде "Евразиялық банк" АҚ басқармасының төрағасы Майкл ЭГГЛТОН және "Евразиялық банк" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Роман МАШЧЫК сөз сөйледі, сонымен қатар БАҰ өкілдерін келе жатқан Журналистер Күнімен құттықтады.

Содан кейн журналистер үшін "Алтын-Тай" АЖК ат спорты бойынша мастер-класс берілді, ал қалағандарының барлығы ат үстінде серуендей алды. Бағдарлама Орта Азияның IV Чемпионаты аясында өткен ат спорты бойынша халықаралық жарыстарды тамашалаумен аяқталды.

"Еразиялық банк" АҚ Баспасөз-клубының мәжілісіне "BizMedia" Іскер Журналистика Орталығы" ҚҚ Медиа-Клубының мүшелері қатысты.

"Еразиялық банк" АҚ Баспасөз-клубының атқарушы директоры Инна Дубровина, банк маркетингінің PR Департаменті басқармасының бастығы.

Отырыс шеңберінде Банктің Баспасөз клубы мүшелерімен бастамасымен "Несие портфелінің сапасы: тәуекелдер мен мүмкіндіктер" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Eurasia

Дөңгелек үстел барысында интерактивті тілдесу тәртібінде несие портфелін бағалау критерийлері, несие тәуекелдерін басқару технологиялары және бүгінгі таңдағы скорринг-жүйелер сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар 2011 жылы Қазақстанның екінші деңгейлі банктері несие портфелдерінің сапасын жақсарту болашағы туралы пікір алмасты.

Eurasia

Eurasia

Дөңгелек үстел жұмысын "Еуразиялық банк" АҚ-ның Басқарма Төрағасы Майкл Эгглтон бастады. Ол өзінің кіріспе сөзбасында несие портфелдерінің сапасы туралы мәселе Қазақстанның банк жүйесі үшін де, сондай-ақ жалпы әлемдік банк жүйесі үшін де ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда қазақстандық банктер Ұлттық Банктің жетекшілігімен несие портфелдерін зиянды активтерден тазалау мәселесін шешумен белсенді түрде айналысуда. Банк саласының Қазақстанның экономикалық дамуына тиімді қатысуы аталған проблеманың қаншалықты табысты шешілетіндігіне тікелей байланысты.

Майкл Эгглтонның айтуынша, Еуразиялық банк жалпы алғанда 2010 жылы өз несие портфелін проблемалық заемдардан тазартып, оның сапасын лайықты деңгейге көтере білді.

Бұл ретте Банк аталған мәселелерді шешуде Банктің ғана емес, сонымен бірге Клиенттердің де мүдделерін ескереді және болашақта да сол ұстанымды көздейді.

Одан соң Еуразиялық банк Басқармасы Төрағасының орынбасары Роман Машчык дөңгелек үстелге қатысушылардың өтініші бойынша қатысушыларды Банктің несие тәуекелдерін басқару тәжірибесі туралы хабардар етті.

Машчык мырзаның пікірінше, қазақстандық банктер несие тәуекелдерін бағалаудың халықаралық стандарттарын кеңінен пайдаланған жағдайда табысқа жету мүмкіндіктері бар.

Мысалы, Еуразиялық банкте корпоративтік клиенттерге несие берген кезде компанияның ақша ағындары мен мүмкіндіктерін олардың таралуы бойынша жете талдауға негізделген ішкі корпоративтік рейтингтер қолданылады.

Жеке тұлғаларға несие беру барысында барлық шешімдер дерлік автоматты тәртіпте, скорринг жүйесінің бағалауы негізінде қабылданады.

Скорринг жүйелері жұмысының мәні - клиенттің әлеуметтік, отбасылық және демографиялық сипаттамаларын талдау негізінде оның төлем қабілеттілігін статистикалық бағалау, сонымен қатар оның қаржылық жағдайы мен несиелік тарихы. Бұл ретте Банк пен Заемшының нақты өзара қарым-қатынас дерегіне сүйене отырып, клиенттердің скорринг-карталарын ұдайы талдап және түзетіп отыру қажет.

Сонымен, ішкі корпоративтік рейтингтер жүйесі мен баламалық скорринг механизмдерінің болуы несие тәуекелдерін тиімді басқару шарттарының бірі болып табылады.

Кездесуге қатысушылар қоғамда кеңінен талқыланып жүрген елдің қаржы саласын сауықтыру бағдарламасы туралы да сөз қозғады.

Банк Баспасөз клубы мүшелері көпшілігінің ойынша аталған бағдарлама Қазақстанның банк жүйесінің дағдарыстан кейінгі дамуы үшін басты мәнге ие. Бұл жағдайда бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты концептуалды, сондай-ақ техникалық мәселелерді де жете зерделеу аса маңызды.

Аталған мәселе бойынша пікірталас барысында Майкл Эгглтон кездесуге қатысушыларды банктік несие портфелдерін зиянды активтерден тазалаудың халықаралық тәжірибесі туралы таныстырып өтті.

Дөңгелек үстел соңында М. Эгглтон мен Р. Машчык отырысқа қатысушылардың банктік қызметтің түрлі салаларына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Eurasia

Түстен кейін "Алтын Тай" атты спорт кешенінің қызметкерлері Баспасөз клубының мүшелері үшін таза ауада спорт аттарына мініп қыдыру шарасын ұйымдастырды.

Eurasia

Одан соң отырысқа қатысушылар ат алаңының трибуналарына атты спорт бойынша Орталық Азия IV Чемпионатының шеңберінде өткізілген ат үйрету жарысын тамашалауға шақырылды.

Eurasia

Eurasia

Eurasia

Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және басқа да елдерден келген спортшылар асыл тұқымды (ағылшын), ақалтеке, араб мініскер жылқыларында өз шеберліктерін паш етті. Барлық көрермендер адам мен асыл тұқымды арғымақтардың үйлесімі мен сұлулығын сүйсіне тамашалады.

Еуразиялық банк Баспасөз клубының бірінші отырысын қорытындылай келе, Майкл Эгглтон ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мейрам - Журналистер күнімен құттықтап, мықты денсаулық пен кәсіби жетістіктердің шыңына жете беруге тілек білдірді.

Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді