"Коммерсант" газетінің бас редакторы бұрын аталған газеттің орынбасары қызметін атқарған Азер Мурсалиев тағайындалды. Бұл жайында "Ленте.Ру" баспа үйінің бас директоры Демьян Кудрявцев хабарлайды.
"Коммерсанттың" бұрынғы бас редакторы Андрей Васильев редактор бастығы қызметінде қалды. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауы бойынша Мурсалиевті бас редактор қызметіне тағайындау шешімі редакторлар кеңесінде қабылданды. "Бұл сызбада ешқандай жаңалық жоқ. Осы тектес конфигурация біздің баспа үйімізде 2005 жылы болған" деді журналист А.Васисильев. Демьян Кудрявцев сөзіне назар аударсақ, ауыстыру себебі Василевтің, яғни баспа үйінің бас редакторының алдында осы жылы ойланарлықтай бірнеше тапсырма тұр.
Василев "Коммерсант" баспа үйінде 1990 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. 1996 жылы ол телеарнада, 1998 жылы баспа үйіне қайта оралып, "Коммерсант" газетінде бас редактор қызметін атқарды. 2005 жылы маусым айында ол қызметінен босатылады, 2006 жылы Киев газетінің редакциясын басқарды. 2006 жылдың қыркүйек айында ол аталған газеттің ("Коммерсант") бас редакторы болып тағайындалды. А.Мурсалиев 2005 жылы газеттің ішкі саясат бөлімін басқарды.
Lenta.ru