Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ҚАРЖЫ ТОК-ШОУЫ ФОРМАТЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОҚЫТУ ТЕЛЕЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

2009 жылдың 14 мамырында "Хабар" телеарнасында "Ваш выход" атты алғашқы әлеуметтік-қаржы ток-шоуы көрсетілімін бастайды. Жоба Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарлмасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі тарапынан жүзеге асырылады.

Телевизиялық жобаның мақсаты - адамдарға өз қаражатын қайда және қалай дұрыс жұмсау керектігі туралы ой салу, жеке қаражатты арттыру мен сақтаудың барлық мүмкіндіктерін көрсету, отбасылық бюджетті басқару дағдыларын дарыту.

Бағдарлама барысында қаржы қызметін тұтынушылар кезіктіретін түрлі оқиғалар, осы және басқа да проблемаларды шешу тәсілдері қарастырылады. Ток-шоуға қаржы нарығының алдыңғы қатарлы сарапшылары мен аналитиктері, заңгерлер мен психологтар, сондай-ақ танымал әртістер қатысады. Бағдарламаның әрқайсысы бірнеше кезеңнен тұрмақ: кейіпкер проблемасын баяндау, қатысушылар мен сарапшылар пікірін тыңдау, жалпылай талқыға салу, қортынды шешімдер мен ұсыныстар. Хабардың ең ерекше тұсы - сахнада көрініс алған оқиғаны бейнелейтін атақты қазақстандық суретшілердің шығармашылық суырыпсалмалылығы.

Ток-шоу аптасына бір рет, яғни, бейсенбі күні сағат 22.00-де қазақ тіліндегі субтитрімен орыс тілінде шығады.

Аталған жоба халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасын жүзеге асырудағы кезекті шара болып табылады. Бағдарлама шеңберінде жасалған жұмыс барысында "Капитал әліппесі", "Умная игра" ток-шоу ойыны, "Ақшаң болса", "Бизнес шолу" телебағдарламаларындағы оқыту айдарлары әзірленген болатын. Мұның барлығы көрермен тарапынан жағымды пікір қалыптастырғандығын атап өткен жөн.

Дерекнама: Қазақстандық Баспасөз клубы

12 мамыр 2009 | Просмотров: 386 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар