"ӘсемАй", "Fruit Ai", "Drive Tea" брендтерін ұсынатын "Dream Technology KZ" компаниялар тобы республикалық іскер БАҚ арнап баспасөз мәслихатын өткізіп, оның барысында 2008 жылы атқарылған шаралар қорытындыланып, Компанияның алдыңғы бес жыл ішінде даму стратегиясы туралы жария етілді.
Мұхтар Қошқаров, "Dream Technology KZ" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және "ӘсемАй СарыАғаш" сауда маркасының негізін қалаушы: "Су адам өміріндегі басты қорлардың бірі болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірнеше мәрте атап айтқандай, біздің елде су тапшы болғанымен халық арасында суды пайдалану мәдениті қалыптаспаған. Осыған орай біздің компания халықтың су жөніндегі сауатсыздығын жоюға бағытталған "Су мәдениеті" кеңауқымды жобасын осы салада жүзеге асыруды және бұл шараға барлық құзырлы тұлғаларды тартуды көздеп отыр", деді.
Алматы