Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 21-ші пленарлық отырысы өтті

Қостанайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 21-ші пленарлық отырысы өтті.
Кеңес отырысы "Әлемдік қаржы нарығындағы ауыспалы жағдайда Қазақстан экономикасының одан әрі дамуы үшін қаржыландырудың балама көздерін тарту" тақырыбына арналды.
ҚР Индустрия және сауда министрі Ә.Исекешев Кеңестің жаңа мүшелерін - "Ройял Датч Шелл" концернінің бас атқарушы директоры Питер Возерді, "РУСАЛ" БК-ның бас директоры Олег Дерипасканы, "Мицубиси" корпорациясының атқарушы вице-президенті Тецуро Тераданы, "ТелиаСонера" компаниясының президенті Ларс Нибергті таныстырды. Қазақстан тарапынан Кеңес құрамына Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко мен ҚР Президентінің көмекшісі Қуандық Бишімбаев енді.

Дерекнама: ҚР Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/www/www_akorda_kz.nsf/news-open?OpenForm&idn=4&idno=D6CE9BA13CC94EBE062575D3006D0A3A&lang=kz

14 маусым 2009 | Просмотров: 642 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар