GE Transportation компаниясы бүгін Астанада локомотивтер жинайтын жаңа зауыттың ашылуы туралы жариялады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен көршілес аймақтардың теміржолдарына қызмет көрсететін Evolution сериясындағы локомотивтерді өндіру бойынша зауыттың ашылу шарасына қатысты.
"Бүгін Қазақстан Республикасы үшін де, GE компаниясы үшін де тарихи маңызды күн, өйткені ол стратегиялық әріптестіктің экономикалық өсуге ықпалдасатындығын көрсетеді, деді Лорензо Симонелли, GE Transportation Президенті және Бас директоры ашылу салтанаты кезіндегі алғы сөзінде. "Қазақстан Темір Жолы компаниясы мен GE Transportation өзара тығыз байланыста және мақсаты - қазір және болашақта тиімді, сенімді теміржол инфрақұрылымын құру арқылы Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына ықпалдасу".