Қазақстанда ITmk3 үшінші буын болат құю технологиясы бойынша жұмыс істейтін әлемдегі екінші металлургиялық зауыт пайда болады. Аталмыш жобаны Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев "3GIST" үшінші буын металлургиялық және болат технологиясы қауымдастығының негізін қалаушылармен кездесуі кезінде қолдады.
4 шілде 2009 ж. Астана қ. - Жапония, АҚШ, Украинаның бизнесмендер делегациясы Президент мырзаны Қазақстанда салынатын ITmk3 металлургиялық зауыт жобасын жүзеге асырудағы жоспарларымен таныстыру үшін Астанаға келді.
Делегаттар Президентке ITmk3 революциялық технологиясы мен оның басымдылықтары туралы, сонымен қатар бұл технологияның арқасында темір рудасы концентратынан шойын алу технологиясын одан әрі жетілдіре түсетіндігі жайында баяндады. Аталмыш технологияның арқасында өндіріс барынша тиімді болып, қуат көзі үнемделіп, қоршаған ортаға тигізетін экологиялық әсері азаяды.
Бұл технологияның халықаралық ортада дамыта түсу үшін жоба авторлары мен жасаушылары "Шойын мен болат өндіру бойынша Үшінші буынның технологиясы қауымдастығын" (3GIST = Third Generation of Iron & Steel Technologies) құруды жоспарлауда, ол Жапонияның Токио қаласында тіркеледі. Қауымдастық металлургиялық және болат құю өндірісінде жаңа технологияларды енгізуге ықпалдасады.
Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы