Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібінің 110 жылдығын тойлау қарсаңында Равиль Шырдабаевтің "Мұнай: кеше, бүгін, ертең" атты кітабы жарыққа шығады. Осы ғылыми-танымал басылым мұнай туралы ғаламдық, әлемдік ауқымда біздің еліміздегі көмірсутек ресурстарын өнеркәсіптік өндірудің ғасырлық тарихын қамтитын қазақстандық автормен жазылған энциклопедиялық сипаттағы бірінші зерттеу жұмысы болып табылады.
Қазіргі заманда мұнайдың рөлін асыра бағалау мүмкін емес - әлемдік экономика және саясат "қара алтынға" тікелей тәуелді. Америка зерттеушісі Дэниэл Йергин біздің өркениетті "көмірсутекті" деп атаған еді. Оған қоса мұнай біздің еліміздің маңызды табиғи ресурсы болып табылады. Равиль Шырдабаев өз кітабында мұнай тарихына кеңінен тоқталады, кітапта мұнайдың туындау теориясы, ежелгі заманда оны өндіру туралы деректер, мұнай сөзінің этимологиясынан Қазақстанның мұнай өнеркәсібі туралы толық мағлұматтар берілген. Бейнелі және түсінікті тілмен жазылған кітап мұнаймен кәсіби айналысатын мамандар үшін, сонымен қатар мұнай туралы көп мағлұмат алғысы келетін оқырмандар үшін баға жетпес көмекші болатыны сөзсіз.
"Біз көмірсутек энергетикасы дәуірінде өмір сүреміз және оның лайықты өкілдері болу үшін оның бастамасы қай жақтан шығып жатқанын, мұнайды неліктен "қара алтын" және "қазіргі заманның қаны" деп атайтынын білген жөн" - осылайша автор осы кітапты жазуға түрткі болған себептерді атап өтеді. Бұл кітапты жазу бірнеше жылдарға созылды және оған берілген алғашқы пікірлер "Мұнай: кеше, бүгін, ертең" кітабы назар аударуға тұрарлық еңбек екенін көрсетіп отыр. "Мұнай: кеше, бүгін, ертең" толық аяқталған ғылыми зерттеу жұмысын танытады және осы проблемаға арналған үздік әлемдік басылымдардың арасында сөзсіз өзінің лайықты орнын табады" - деп, Ресей Федерациясының бұрынғы премьер-министрі Виктор Черномырдин осы кітап туралы өз ойын осылайша білдірді.
Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы