Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Қаржылық қолдау
Қазақстанда халықты қор нарығына тарту жөнінде кең ауқымды акция басталды

Бүгін Қазақстан баспасөз-клубында қор нарығына жеке инвесторларды тарту жөніндегі кең ауқымды акцияның басталуына орай баспасөз мәслихаты өтті. Шара 1 қыркүйектен бастап ҚР халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі тарапынан ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты - жеке инвесторлар арасында бағалы қағаздар нарығын (БҚН) таныту және олардың БҚН-ға қатысуын белсенді ету, сонымен қатар қазақстандық қор нарығына инвестиция салу мүмкіндігі туралы құлақдар ету.
"Бүгінде Қазақстан экономикасында бағалы қағаздар нарығы маңызды бағыттардың біріне айналуда. Атап айтқанда мемлекет жеке инвестициялау саласына ерекше көңіл қояды. Осылайша осы бағыттағы басты міндет - қор нарығында жеке инвесторлар санатын қалыптастыру. Осы акцияның көмегімен біз бағалы қағаздар нарығына инвестиция салу мүмкіндіктері туралы барынша толық ақпаратты халыққа жеткізіп, басымдылықтарын көрсетіп, БҚН-на белсенді қатысуға шақыру мақсатын жүзеге асыруды көздеп отырмыз" - деді АӨҚО ҚРА төрағасының орынбасары Дархан Нұрпейісов.
Акция шеңберінде жоспарланған іс-шараларды жариялау мақсатында барлық БАҚ өкілдері ат салыспақ: телевизия, радио, баспасөз және интернет басылымдары, сыртқы жарнама, сондай-ақ білім беру семинарлары өткізіледі. Алматы қаласында орналасқан Ақпараттық-оқыту орталықтарында әр сенбі сайын "Жеке инвесторлар күні" өз жұмысын бастайды. Онда кез-келген азамат брокерден ақыл-кеңестер алуына, келісімшарттар жасауына болады. Осы аралықта сонымен қатар "Жеке инвесторлар клубы" қызмет көрсетеді. Бұл - жаңа жоба, оның міндеті инвестициялық қызметті таныту және дамыту болып табылады. Клуб инвестиция, перспективасы бар бизнес, отбасының сенімді болашағы сияқты экономикалық түсініктер қызықтыратын адамдардың басын біріктіреді.
БҚН-на жеке инвесторларды тарту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде сонымен қатар "Investfunds - Expo - 2009" атты қаржы құралдарының кең көлемді көрмесін өткізу жоспарлануда. Бұл жобаның басты мақсаты - халықты бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру, қор нарығы қатысушыларымен таныстыру, қазақстандық компаниялар акцияларын сатып алу процедурасын тәжірибе жүзінде түсіндіру.

1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында өтетін акция барысында бірқатар брокерлік компаниялар АӨҚО ҚРА-мен келісе отырып, жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін алынатын комиссия көлемін нөлге дейін азайтып, тегін қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, ЖОО мен қала мектептерінде лекциялар ұйымдастырылып, жеке инвестициялау мәселелері бойынша ақпараттық брошюралар шығарылады.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы

10 қыркүйек 2009 | Просмотров: 513 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар