Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
Еуразиялық сауда жүйесі астық фьючерсінің ашылуын жариялайды

"Еуразиялық сауда жүйесі" Тауар биржасы" АҚ бүгін Алматыда өзінің жаңа Мерзімдік сауда-саттық секциясының тұсаукесер рәсімін өткізді. Оған ЕСЖ АҚ Басқармасының Төрағасы Құрмет Оразаев, "РСЖ" БАҚ Басқармасының Төрағасы Роман Горюнов және Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттейтін ҚР Агенттігінің Төрағасы Аркен Арыстанов, сонымен қатар іскери БАҚ өкілдері қатысты.

ЕСЖ-дегі мерзімдік сауда-саттық секцияның алғашқы құралы мерзімі 3 айға дейінгі 3-ші және 4-ші кластық бидай жеткізудің фьючерстік келісім-шарттары болмақ. Осы сияқты фьючерстік келісімшарттар Қазақстандағы астық рыногының қатысушыларына бидай бағасын белгілеп, бағалардың ауытқуынан сақтануға, ал мемлекеттік институттарға - осы рынокты реттеу үшін дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүгін БАҚ өкілдері биржаның сауда жүйесіндегі мерзімдік сауда-саттық ойынына қатысып, ЕСЖ-нің трейдерлері рөлінде сезінуге мүмкіндік алды. Аталмыш шара ЕСЖ, РСЖ және АӨҚО жетекшілерінің бірігіп өткізген баспасөз мәслихатымен аяқталды, олар секцияның ашылуы туралы және оны болашақта әрі қарай дамыту жоспарлары жайында әңгімеледі.

Дерекнама: ЕСЖ

29 қыркүйек 2009 | Просмотров: 584 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар