Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
ҚАЗАҚМЫС ПЛС

ҚАЗАҚМЫС ПЛС "САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" АҚ-на ЕКІБАСТҰЗ ГРЭС-1-дың 25 ПАЙЫЗДЫҚ ҚАТЫСУ ҮЛЕСІН САТАТЫНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ.

Қазақмыс ПЛС ("Қазақмыс" немесе "Топ") Екібастұз ГРЭС-1-дегі өзіне тиесілі 25 пайыздық қатысу үлесін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на 339 млн. АҚШ долларына сатқандығын хабарлап отыр. Бұл мәміленің сомасы Екібастұз электр станциясының 1356 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі жалпы бағамдық құнына негізделіп белгіленді.

Екібастұз Қазақстан Республикасындағы ең ірі деген электр станциясы болып табылады және алдағы 5 жылдың ішінде қазіргі уақыттағы 2250 МВт қуаттылығын дейін едәуір артыру бойынша зор мүмкіндігі бар. Электр энергиясының тапшылығы артып келе жатқандығын сезініп отырған нарықта Екібастұз ГРЭС-1 Қазақстан үшін өзінің электр энергиясына деген алдағы қажеттігін қанағаттандырудағы ең шешуші роль атқарады.

Мәміленің сомасы 2008 жылдың мамыр айында Екібастұз электр станциясын сатып алған мезетте Топтың төлеген бағамы негізге алынып белгіленді, сондай-ақ Қазақмыс Тобының электр станциясына қосымша капитал салымдарын ескеріп отырады. Мәміле, Екібастұз ГРЭС-1 қатысты 2008 жылдың қазан айында қол қойылған Қазақмыс Тобы мен Самұрық-Энерго арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы меморандумының жалғасы болып табылады ("Самұрық-Энерго" АҚ "Самұрық-Қазына" АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады).

Мәміле тиісті реттеуші органдардың тарапынан келісуге және мақұлдауға жатады әрі 2009 жылдың соңына қарай аяқталатын болады. Қазақмыс электр станциясын басқаруды өзінде сақтап қалып отыр.

Қазақмыстың Бас атқарушы директоры Олег Новачук:

"Самұрық-Қазына - біз үшін Қазақстанның стратегиялық активі саналатын Екібастұз ГРЭС-1 бірігіп иеленуде мінсіз серіктес болып отыр, және біз қарым-қатынастарымызды ресми бекітуге қуанышты екендігімізді білдіреміз. Бұл келісім Екібастұз ГРЭС-1 үшін одан әрі дамудың перспективаларын ашады. Әдетте біз электр станциясының көмірге деген қажеттігінің шамамен 80 пайызымен қамсыздандырып отырған "Богатырь" көмір кенішімен электр станциясымен арадағы тығыз қарым-қатынастар орнатуға біздің серіктестігіміз мүмкіндік туғызатынына үміттенеміз. Біз Қазақстан энергетикасын дамыту пайдасына қарай "Самұрық-Қазына" АҚ-мен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз", - деп мәлімдеді.

ҚАЗАҚМЫС ТОБЫ ІРІ НЕСИЕЛІК БАҒДАРДЫ ТАРТУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІП ОТЫРҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАЙДЫ

Баспасөздегі жарияланымдарға байланысты Қазақмыс ПЛС (Қазақмыс тобы) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ мен Қытай Даму Банкінің Топқа 2 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде корпоративтік несиелік бағдар ұсыну жайындағы келіссөздер сатысында екендігін хабарлайды. Қаржыландыруды Бозшакөл мыс-руда кен орнының игерілуін қоса алғанда бірқатар ірі жобаларды дамытуға қолданылады деп болжамданады.

Қазақмыс Тобы кейініректе ақпарат пайда болуымен баспасөзді хабардар ететін болады.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы

15 қазан 2009 | Просмотров: 627 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар