Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
ҚМЭБИ студенттері “ЭксонМобил Қазақстан” компаниясынан сыйлыққа жаңа медиа-орталық алады

Алматы, Қазақстан - Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау институтында (ҚМЭБИ) "ЭксонМобил медиа-орталығы" деп аталатын мультимедиа өнімдері өндірісіне арналған жаңа заманауи үлгідегі орталық ашылды.


"Журналистика және БАҚ Кафедрасының студенттерінде өз оқу базасының конвергенттік журналистика мен сандық коммуникациядан кәсіби дағдыларын алу үшін жаңа жабдықтармен жабдықталған үш жаңа оқу аудитория түрінде көптен бері күтілген қеңейту мүмкіндігі пайда болады", - деп мәлімдеді Журналистика және БАҚ кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы д-р Кен Харвей.
"Жаңа медиа орталық болашақ журналистерге, PR-мамандарға және медиа-менеджерлерге радио-теле хабарларын тарату, сонымен қатар фотожурналистика салаларындағы өз дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті д-р Харвей. - "Жаңа сандық жабдық студенттердің Интернет-жарияланымдарын әзірлеуіне, бейне фильмдер шығаруына, операторлық өнер мен монтаждау шеберлігін ұштауына, дыбыстармен жұмыс істеп, креативті аудиовизуалдық жарнама жасауына көмектеседі".
Құны 37 000 АҚШ доллары тұратын жаңа жабдық ҚМЭБИ-дің халықаралық аккредитациясына ие болуға деген талпынысын қаржылық қолдауымен тұрақты түрде қамтамасыз етіп келе жатқан "ЭксонМобил Қазақстан" (ЭксонМобил) компаниясының қаражаты есебінен алынды.

"ЭксонМобил білімге салынған инвестициялар қоғамның барлық мүшелеріне терең де ұзақмерзімді пайдасын тигізеді, және әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылады деп сенеді," - 27 қазан күні медиа-орталықтың салтанатты ашылу рәсімінде "ЭксонМобил" компаниясының әлеуметпен байланыстар жөніндегі кеңесшісі Гүлнар Нұғман атап өтті. - "ҚМЭБИ-дегі "ЭксонМобил Медиа-орталығы" студенттердің Қазақстан қоғамына қосар үлесі мол болуы үшін олардың журналистика және медиа саласындағы дағдыларын жетілдіруге мүмкіншілік туғызады".
Д-р Харвейдің сөзіне қарағанда, орталық кәсіби білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, Журналистика және БАҚ Кафедрасы Кеңес беру кеңесінің бастамасы бойынша мұнда Халықаралық Баспасөз-Клубының мәжілістері өтіп, онда студенттер сабақтан кейін жергілікті және шетелдік журналистермен жұмыс істеп, пікір алмасуларына болады.

Сонымен қатар жаңа медиа-орталық ҚМЭБИ-дің "ЭксонМобил" компаниясымен ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді.

"Мен ҚМЭБИ-ге көрсеткен қолдауы үшін "ЭксонМобил" компаниясына өзімнің аса зор құрметімді білдіремін", - деп мәлімдеді ҚМЭБИ Президенті д-р Чан Йан Бэнг. - "Бұл біздің студенттеріміздің пайдасына қызмет ететін ҚМЭБИ-дің материалдық-техникалық базасына қосылған өте маңызды үлес болып табылады".

Жаңа медиа орталық Орталық Азияның барлық елдерінен практик-журналистерді даярлаудағы халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен, Азиялық-Тынық мұхиттық Телерадио Хабарларын Таратуды Дамыту Институтының қолдауымен 2010 жылы ақпан айында мұнда экологиялық мәселелерді жарыққа шығаруға арналған Орталық Азия тележурналистерінің семинары өткізілмек.

Орталықтың ашылуымен байланысты журналистиканы оқытудың жаңа әдістерін енгізу - журналистика кафедрасы ЮНЕСКО-мен бірлесіп жұмыс істейтін, жаңа даму қарқынын алатын бағыттың бірі. "ЭксонМобил медиа-орталығында" аймақтық университеттерден келген журналистика мамандығының оқытушыларына арнап семинарлар мен тренингтер өткізілетін болады.

Дерекнама: ҚМЭБИ

27 қазан 2009 | Просмотров: 662 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар