Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
ҚАЗАҚМЫС ҚАЗАҚСТАНДА “БЕЛАЗ” ЖАСАП ШЫҒАРУ ЖӨНІНДЕГІ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРУ ЖОЛЫНДА

Қазақмыс Тобы (Қазақмыс ПЛС) Белоруссияның автомобиль зауытымен бірлесіп Қазақстанда карьерлік және арнаулы техника шығару жөнінде жаңа кәсіпорын ашуға ниетті. Жаңа техника Қарағанды құйма-машина жасау зауытының базасында жасалатын болады. "ҚазБелАЗ" БК" ЖШС-н құру жөніндегі жобада Қазақмыстың үлестік қатысуы 51 пайызды құрайтын болады, Белоруссиялық автомобиль зауытының үлесі 29 пайызды, ал ҚР ресми дилері "АСТАНАБЕЛАЗСЕРВИС К" ЖШС үлесі 20 пайызды құрайтын болады. Жобаның жалпы инвестициялық шығындары 70 млн.астам АҚШ долларын құрайды.

Бастапқы кезеңінде бірлескен кәсіпорын қызметін ауыр жүк машиналарына капиталдық жөндеу жасаудан бастайды. Одан соң "БелАЗ", "МоАЗ" маркасымен жаңа техника шығаруға әрі карьерлік және арнаулы техникаларға қосалқы бөлшектер жасауға көшетін болады. Топ, осы жоба Қарағанды облысында жоғары білікті жұмыс орындарын ашып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағытын құрады деп және кен-рудалық компанияларға арналған техниканың құнын төмендетуге мүмкіндік береді деп сенеді.

"БелАЗ және МоАЗ сияқты карьерлік-көліктік кешендерді жинастыру өндірісін құру Қазақстанның машина жасау өндірісін өркендетуде үлкен де елеулі қадам болып табылып отыр. Батыста өндірілетін техникалармен бәсекелесе алатын БелАЗ техникасын көптеген қазақстандық кен-рудалық компаниялар қолданады. ҚҚМЗ базасындағы карьерлік жүк машиналары мен қосалқы бөлшектерін өндіру, сонымен қатар, маңыздысы, біздің еліміздің аумағында сервистік қызмет көрсету қаражаттың үнемделуіне апарады, жұмыс орындары нарығын әртараптандыру біздің экономикамызды табиғи ресурстарды пайдаланудан дайын өнімдер жасап шығаруға қарай жетелейтін жаңа серпін береді", - деді "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС басқарма Төрағасы Эдуард Огай мырза.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы

3 желтоқсан 2009 | Просмотров: 564 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар