Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
ҚАЗАҚМЫС ПЛС МЕН “САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА” АҚ ЕКІБАСТҰЗДЫҢ ГРЭС-1 СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ҚАТЫСУ ҮЛЕСІН 50 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН

Қазақмыс Тобы ("Қазақмыс ПЛС") Екібастұздың ГРЭС-1 станциясына бірлесіп иелік етуге қатысты "Самұрық-Қазына" АҚ-мен жаңаша келісімге қол жеткізгендігін хабарлап отыр. Жасалған келісімге сәйкес Қазақмыс Тобы "Самұрық-Қазына" АҚ-на ЕГРЭС-1 жарғылық капиталында бұрын хабарлаған 25 пайыздық қатысу үлесінің орнына 50 пайызын сатып отыр. Тиісінше, мәміленің сомасы 339 млн.АҚШ долларынан 681 млн.АҚШ долларына дейін артады. Бұл мәміле реттеуші органдардың тарапынан және Қазақмыс Тобы акционерлер жиналысымен келісілуге және мақұлдануға жатқызылады. Ол 2009 жылдың соңына дейін аяқталатын болады.Тараптар бірлескен Қадағалаушы кеңес құру туралы, сондай-ақ Қазақмыс Тобы мен "Самұрық-Қазына" арасындағы операциялық басқарудың алмасуы туралы келісті. Бастапқы бес жылда электр станциясын Қазақмыс Тобының менеджерлері басқаратын болады.

13 қазан күні Қазақмыс Тобы ЕГРЭС-1 станциясындағы қатысу үлесін "Самұрық-Қазына" АҚ-на сататыны туралы хабарлаған болатын. Келіссөздер барысында үлестің шамасы 50 пайызға дейін арттырылды. Бұл келісім 2008 жылғы 7 қазанда ресми қол қойылған "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-мен стратегиялық серіктестікті дамыту жөніндегі меморандумға сәйкес жасалып отыр.

Қазақмыс Тобының Бас атқарушы директоры Олег Новачук былай деп түсініктеді: "Самұрық-Қазына" АҚ-ң тең құқықты қатысушы ретінде ЕГРЭС-1 акционерлерінің құрамына қосылуы Қазақстан энергетикасын дамытудағы біздің стратегиялық серіктестігіміздегі ірі қадам болып табылады. Топты, бірлесіп иелік ету "Самұрық-Қазына" АҚ тең иегері болып табылатын "Богатырь" көмір кенішінен отын жеткізіп тұруға ұзақмерзімді кепілдік беретіндігі қанағаттандырып отыр. Тағы бір маңызды тұсы, осы мәміленің нәтижесінде үстінен артығымен түскен қаражат Топтың мүддесіне қарай пайдаланылуы мүмкін".

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы

11 желтоқсан 2009 | Просмотров: 460 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар