Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Жетекші ұялы байланыс операторы Kcell 2009 жылдағы өз дамуын қорытындылады

14 желтоқсан, 2009 ж., Алматы қ. Қазақстандағы көшбасшы GSM-оператор Kcell компаниясы бүгін 2009 жылдағы негізгі даму нәтижелерін хабарлады.

Бүгінгі таңда Kcell ұялы байланысты жаппай тұтынушылар арасында, сондай-ақ, корпоративтік сегментте де көшбасшы оператор ретінде танылып отыр. 2009 жылы компания қамту аймағын ұлғайтты, бүгінгі күні Kcell және Activ байланысы республикамыздың 2366 қаласы мен елді мекендерінде бар. Kcell байланысымен қамтылған 2000 аса тұрғыны бар елді мекендер саны өткен жылмен салыстырғанда 82% артты. Компанияның лицензиялық міндеттемелеріне сәйкес, жолдарды байланыспен қамту 99% құрады. 2009 жылы Қазақстанның барлық ірі қалаларында желілерді оңтайландыру жүргізілді. Компанияның қызмет етіп келе жатқан 10 жылында базалық стансалардың жалпы саны 3500 бірліктен асып түсті. Оның үстіне, жаңа технологияларды пайдалана отырып, 3G үшінші буын байланысына арнап Kcell желілері жаңартылды.

GSM Қазақстан/Kcell - дің басты құндылықтары - жаңашылдық, сенімділік, әлеуметтік жауапкершілік, жеделділік және жұмыс жасап жатқан компанияның елдің бір бөлігі болуға ұмтылушылығы Kcell брендінің жаңа бейнесінде көрініс тапқан. Ол компания дамуының жаңа кезеңін бейнелейді және ҚР ұялы байланыс нарығындағы Kcell-дің көшбасшы ұстанымын нығайту стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

Абоненттік қордың қалыпты өсуі байқалады, ол 2009 жылы 18% көбейді. Компанияның тарифтік саясатында да жағымды өзгерістер болды: желі ішінде сөйлесу бағасының тиімділігі үшін, республикамыздың 5 облысына арнайы аймақтық тарифтер енгізілді, халықаралық қоңыраулар бағасы 60% астам төмендеді, енді абоненттер минутына бар жоғы 49 теңгеге 191 бағытқа қоңырау шала алады. ТМД және Балтия елдеріне халықаралық қоңыраулар бағасы арзандатылып, 29 теңгені құрады. Оның үстіне, қарашадан бастап "Сөйлесу еркіндігі -2" жаңа акциялық тарифтік ұсыныс енгізілді, қосылу үшін 19 теңге, тарифті күнделікті пайдаланғаны үшін 19 теңге төлеп, абонент 30 минут тегін сөйлесе алады. Компонияның роумингтік саясатында да жағымды өзгерістер болды. Kcell абоненттері үшін аванстық төлем шеңбері 6 мың теңгеге дейін төмендеді. Ал 20-дан астам танымал елдерде кіретін қоңыраулар бағасы минутына 50 теңгеге арзандады.

2009 жылы Kcell желісінде интернет-трафиктің белсенді өсуі байқалды, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге дейін көбейді, ал мәліметтер алмасу қызметін тұтынушылар қатары 38% артты. Бұл EDGE технологиясын жоғары деңгейде енгізудің арқасында (ҚР 18 қаласында), сондай ақ 1 Мб құны 2 теңгеге төмендетілген арнайы GPRS-пакеттер нәтижесінде мүмкін болды.

Kсell абоненттеріне қызмет көрсету сапасын арттыру стратегиясы аясында Шымкент қаласынан мемлекеттік тілде қызмет көрсететін екінші Call-орталық ашылды. Желтоқсанда Семейде абоненттік бөлім ашылады. Оның үстіне, абоненттік бөлімдерде клиенттерге қызмет көрсету сапасын бағалайтын смс - бағалау жобасы енгізілді. Статистикаға сүйенсек, абоненттік бөлімдерге келген 50% абонент оператор қызметінің сапасын бағалаған смс жолдаған.

10 жыл ішінде Kcell кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін белсенді ұстанып, білім, спорт саласын өркендетуге, сондай-ақ ұлттық мәдени мұраны жаңғыртуға қолдау көрсетіп келеді. 2009 жылы 50-ден астам жоба жүзеге асырылды, олардың қатарында, "Белсенді мектеп", "Спешиал Олимпикс" қозғалысына қолдау, Қазақстанның 4 қаласында Activ Жастар бастамалары банктері, Қазақстан тұтынушылары Ұлттық лигасымен тегін заңдылық кеңестердің ыстық желісі сынды аймақтық жобалар бар.

"Біз өткен жылдың нәтижелеріне өте ризамыз. Ауыр экономикалық ахуалда да нарықтағы озық ұстанымдарымызды нығайта түсетін дұрыс шешімдер қабылданды. Kcell компаниясы алдағы жылға да сеніммен қарайды және Қазақстанның телекоммуникация нарығын өркендету мақсатында кәсіпқой, клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету жұмыстарына нық ұстанымында қалады", - деп атап өтті, GSM Қазақстан/ Kcell компаниясының Бас атқарушы директоры Вейсел Арал.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы

14 декабря 2009 | Просмотров: 1 480 | Жаңалықтар / Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • ҚР Ұлттық банкі басшысы қаржы секторын қайта жаңғыртуға қатысты жоспарымен бөлісті