Microsoft компаниясы серіктестерімен "Бағдарламалық қамтамасыз етуді өндірушілердің авторлық құқығын сақтау туралы декларацияға" қол қойды.
2010м ж., 23 ақпаны. Алматы қ.- бүгін Қазақстан баспасөз клубында IT-сала көшбасшыларымен "Бағдарламалық қамтамасыз етуді өндірушілердің авторлық құқығын сақтау туралы декларацияға" қол қою рәсіміне арналған баспасөз мәжілісі өтті. Құжат болашақта Қазақстанның ақпараттық технология нарығының сапалы дамуына кедергі келтіретін бөгеттерді жоюдың негізін салуға бастайды.
Баспасөз мәжілісі шеңберінде қол қойғандар - Майкрософт Қазақстанның Бас директоры Гюнтер Дам, "Alser" компаниясының Бас директоры Вадим Винниченко, "Логиком" компаниясының Вице-президенті Максим Фесенко, "Алси" компаниясының Бас директоры Талғат Баймағамбетов.
Декларация IT-нарықтың авторлық құқық бағытындағы ортақ ережесін белгілейді және бұл саланың басқа да қатысушыларын өздеріне қосылуға шақырып, осылайша "аймағымызда өркениетті нарықтық қатынастардың дамуына" мүмкіндік туғызады. Жалпы алғанда, бұл -клиентке жеке түрде және компьютерлік техникаға орнатылған күйде сатылатын бағдарламалық қамтамасыз етулердің барлық лицензиялық келісімдермен қамтамасыз ету міндетін ДК (дербес компьютер) тасымалдаушылар өз мойынына алады деген сөз. Бұдан бөлек, декларация клиенттердің құлағына жеткізілуге тиісті мынадай міндеттемелерді қарастырады: Бағдарламалық қамтамасыз етулердің заңсыз көшірмелерін пайдалану - клиенттің ақпараттық жүйесінің тиімділігін, сенімділігін және қауіпсіздігін жояды, сондай-ақ, заң бойынша жауапкершілікке тартылуға апарып соғады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қарақшылық - саладағы адал бәсекелестікке кедергі келтіру және айналымды азайту арқылы IT-индустрияның жолын кесіп, дамуына күшті кедергі келтіріп отырған фактор болып қалып отыр. Экономикалық өсімге, іскеріліктің заңды түрлерінің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және бюджетке салық табыстары түсіп, инфрақұрылымды дамытудың әрі қарай қаржыландырылуына, тағы басқаларына кедергі келтіру арқылы қарақшылық өзінің кері әсерін бір мезетте бірнеше салаға тигізіп тұр.
IDC (International Data Corporation, 2008 жыл) мәліметтері бойынша Қазақстандағы қарақшылық деңгейі 81%-ды құрайды. Халықаралық жетекші консалтингтік фирмалардың зерттеулерінің нәтижесіне жүгінсек - алдағы 4 жыл ішінде қарақшылықты 10%-ға азайту республикаға қосымша 1100 жаңа жұмыс орнын ашуға, салықтан қосамша 22 млн. доллар табыс түсіруге және еліміздің экономикалық өсіміне 300 млн. доллардан астам табыстың құйылуына мүмкіндік береді екен.
"Қазір дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстан экономикалық өсімнің жеделдетілген ырғағына қол жеткізуге ұмтылуда. Елде жетекші және бәсекеге қабілетті өнеркәсіпті құруды мақсат еткен Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бар. Соған сәйкес 2014 жылдың өзінде-ақ АКТ-ының еліміздің ІЖӨ-дегі үлесі 5%-ды құрауы керек. Бұл көрсеткіштерге жету үшін IT-саланың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға бар күшті салу қажет екені анық көрініп тұр. Ал, интелектуалдық меншікті құрметтеу мен авторлық құқықты сақтау қолға алынбайынша бұл саланың дамуы мүмкін емес", - дейді Майкрософт Қазақстанның Бас директоры Гюнтер Дам.
"Бүгінгі күні сервис-орталыққа келіп түсетін өтініштердің 90%-ы бағдарламалық қамтамасыз етуге қатысты болып отыр. Өтініштердің басым бөлігі зияндаушы бағдарламалардың пайда болуы мен мәліметтердің жойылып кетуіне байланысты. Оқиғалардың барлығына дерлік себеп болып отырғаны - лицензиясыз бағдарламалық қамтамасыз етулер. Олар өзімен бірге Windows-тың жаңартылуын жүктеуді кідірту мен қабылдамау проблемасын ала келіп, бұл өз кезегінде жүйедегі ақаулардың көбеюіне және зияндағыш бағдарламалардың жүктелуіне әкеліп соқтыруда", - дейді "Алси" компаниясының Бас директоры Талғат Баймағамбетов.
Нәтижесінде декларация республикада барлығы 128 IT-компанияны біріктіреді. Осындай шара таяу уақытта Астана, Өскемен, Ақтөбе, Қарағанды, Орал, Павлодар, Атырау, Қостанай және Шымкент қалаларында өтеді.
Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы