Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
Beeline абоненттерінің 8-ші наурыз күнгі қоңырау шалулары жаңа жыл түніндегіден де асып түсті

10 наурыз 2010 ж., Алматы қ. "КаР-Тел" ЖШС-і (Қазақстандағы Beeline бренді)

8
наурыз Халықаралық әйелдер күні желінің іркіліссіз жұмыс істегені жөнінде хабарлайды. Осы мерекелік күн дауыстық трафик пен SMS санының бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткішімен ерекшеленді.

Жылда Халықаралық әйелдер күні ұялы байланыс желісіне салмақтың күрт артуы байқалады. Басқа да мерекелік күндердегі сияқты трафик қоңыраулар мен құттықтаулары бар SMS-хабарламалар есебінен бірнеше есеге ұлғайды. Биылғы жылы 8 наурыз күні жіберілген SMS-хабарламалар саны 14 миллионға жуық болды, яғни бұл - күнделікті орташа көрсеткіштерден 4 есеге артық. Ал жасалған қоңыраулар саны 2010 жылдың алғашқы түнінің дауыстық трафигінен де асып түсті. 8 наурызда, жалпы алғанда, 48 миллион қоңырау шалынды, ол жаңажылдык көрсеткіштен 8 пайызға артық. Beeline желісі де салмақтың бұлайша күрт түсіуне сыр бермеді, ешбір іркілістер тіркелген жоқ.

"Биылғы жылдың 8 наурызында біздің абоненттердің белсендігі басқа мерекелік күндерімен салыстырғанда едәуір жоғары болды. Әдетте маңыздылығы бойынша Халықаралық әйелдер күні тек Жаңа жылды қарсы алу мерекесінен ғана төмен болатын, Бірақ, биыл жағдай біршама өзгерді", - дейді Beeline-нің Қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Павел Родин.

Дерекнама: "КаР-Тел" ЖШС-і

11 наурыз 2010 | Просмотров: 183 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар