Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Мемлекеттің үлесі бар қазақстандық банктер ипотекалық несиелеудің бірыңғай стандарттарын қабылдады

Алматы, 26 сәуір 2010 ж. - Бүгін мемлекеттің үлесі бар үш қазақстандық банк - "БТА Банкі" АҚ, "Альянс Банкі" АҚ, "Темірбанк" АҚ және "БТА Ипотека" Ипотекалық ұйымы" АҚ - ипотекалық несиелеу нарығында жұмыс жүргізудің бірыңғай стандарттарын қабылдауға келіскені туралы хабарлады. Осы стандарттарды жасау қажеттілігі Қазақстанның ипотекалық несиелеу нарығындағы бірқатар объективті мәселелерімен айқындалды. Олардың бастылары - несие алушылардың төлеу қабілеттілігінің төмендігі және қазақстандық банктердің несиелік портфелдері сапасының ары қарайғы нашарлауы.

Бұл негативті тенденцияларды жеңу мақсатында және қазіргі проблемаларды шешу үшін бірыңғай кешенді тәсілді қолдану қажеттігін түсіне отырып, мемлекеттік үлесі бар қазақстандық банктер несие алушылардың кең тобына арналған жүйелі шешімдердің үш пакетін жасап шығарды.

Бірінші пакет әлеуметтік жағынан қорғалмаған, ипотекаға сатып алған жалғыз тұрғын үйі бар несие алушыларға арналған. Несие алушылардың бұл тобына ипотекалық заемды қайта құрылымдау механизмі ұсынылатын болады. Бұған ағымдағы ай сайынғы төлемнің 10%-ға уақытша азаюы және екі жылдық жеңілдік мерзімі кіреді.

Екінші пакетке ипотекаға сатып алынған тұрғын үйді жалға беру механизмі енгізілген. Бұл пакет, объективті себептермен, ағымдағы ай сайынғы төлемдердің 50 пайызынан астам сомасын төлей алмайтын несие алушылар тобына ұсынылады. Осы механизмді іске асыру несие алушылардан тұрғын үйді ағымдағы нарық бағасымен сатып алып, ары қарай 2 жыл бойы жалға беруді көздейді. Осылай несие алушылардың бұл тобы тиімді шарттарда өз үйінде ары қарай тұра беру мүмкіндігін алады, ал ай сайынғы жалдау төлемі қазіргі несие өтемдерінің 50%-нан аспайды. Екі жыл өткеннен кейін несие алушы үйді қайта сатып алу құқығына ие болады. Ал тұрғын үй бағасы клиенттің банк алдындағы қалған берешегіне теңеледі.

Үшінші пакет үстемақы мөлшерлемесін азайту мүмкіндігі мен несиелеу мерзімі 3 жылға ұзартуды қарастырады. Әрбір жағдай бойынша шешім жеке қабылданады.

Мемлекеттік үлесі бар қазақстандық банктер ипотекалық несиелеу нарығында проблемаларды шешудің осындай кешенді тәсілді пайдалану тиімді және лайықты болатынына кәміл сенеді.

Бұл шаралар ипотекалық несиелер бойынша бар берешекті шығынға жазуды білдірмейді, бұл ипотека нарығындағы жағдайды оңалтуға және қазақстандық несие алушыларының қарыз ауыртпалығын жеңілдетуге бағытталады.

Қазақстандық ипотекалық несиелеу нарығындағы проблемалар әлемдік қаржы дағдарысының қазақстандық экономикаға ықпалы ретінде 2007 жылдың күзінде басталды. Ипотекалық несиелеу көлемінің, бір жағынан, өтімділік дефицитімен, ал екіншіден қазақстандық банктердің несие саясатын қатаңдатуы, сондай-ақ халықтың кіріс деңгейінің төмендеу себептерінен қысқарды. Салдарында Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында коллапсқа әкелді.

Ипотекалық нарықтағы дағдарыс белгілеріне нақты қарсылық ретінде ипотекалық заемдарды қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы болды. Ол 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ және бірқатар қазақстандық банктер арқылы жүзеге асырылды. Бұл мақсаттарға мемлекет 120 млрд. теңге бөліп, бұлар еліміздің 8 коммерциялық банкі арасында бөлінді.

Осы бағдарлама аясында 15,3 мыңға жуық несие қайта қаржыланып, олардың үстемақы мөлшерлемелері 4,5 пайызға азайды (несие алушылардың стандарты тобы үшін 12%-ға дейін, және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмағандары үшін 7,5%-ға дейін). Бұл бағдарламаны жүзеге асыру арқылы несие алушылардың қарыздық жүктемесі, орташа есеппен, 17 пайызға жеңілдеді. Сонымен бірге, бағдарламаға қатысқан банктер қайтарылатын қаражат есебінен 15 жыл ішінде жаңа несие беру мүмкіндігін алды. Сондай-ақ, 2009 жылдың нәтижелері бойынша Альянс Банкі, БТА Банкі, БТА Ипотека және Темірбанк 13 мыңға жуық төлемдер бойынша мерзімді ұзартып, ал кешірілген өсімпұл сомасы 32,5 млрд. теңге құрады. 2009 жылдың соңындағы жағдай бойынша, аталған қаржылық институттардың ипотекалық несиелер мен жылжымайтын мүлік кепілдігіне берген несиелердің көлемі 507,7 млрд. теңге болса, бұлардың саны 141,6 мыңды құрайды.

Дерекнама: БТА Банкi

28 апреля 2010 | Просмотров: 1 743 | Жаңалықтар / Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • ҚР Ұлттық банкі басшысы қаржы секторын қайта жаңғыртуға қатысты жоспарымен бөлісті