2010 жыл 2 маусым, Мәскеу қ. "ВымпелКом" ААҚ-ның компания тобы "МОБИ.Деньги" қызметінің жаңа мүмкіндіктерінің арқасында трансшекті төлемдердің арналарының кеңейгенін хабарлады. Енді ресейлік "Билайн" абоненттері өз мобильді телефондарынан Қазақстандағы, сондай-ақ, ТМД және Грузия елдеріне "Билайн" абоненттерінің жеке шоттарына қаражат "аудара алады".
Ресейлік "Билайн" абонентіне төлем жасау үшін өз мобильді телефонынан 3116 қысқа нөміріне қаражат қабылдайтын адамның телефон нөмірі мен операция сомасы жазылған SMS-пәрменді жіберсе немесе www.money.beeline.ru сайтындағы сәйкес форманы толтырса жеткілікті. Қабылдаушы-абоненттің жеке шотына операцияны рәсімдеу кезіндегі көрсеткен қаражат аударылады. Операцияның қосымша төлемі қаражат аударушыдан алынады. Қызмет тұрақты түрде 1000 рубльден 15000 рубльге дейінгі қаражатты тұрақты түрде аударып тұруға мүмкіндік береді.
"Билайн" Тату отбасылары тұрақты өсуде. Көптеген туысқандар мен достары әр елде тұрады, бірақ, бір-бірімен жиі хабарласады, көмектеседі. Мысалы, соңғы жарты жылда ай сайынғы шетелге аударылатын қаражат көлемі 68% өсті. Трансшекті арналардың кеңейгеніне қарай біздің клиенттеріміз ТМД елдеріндегі "Билайн" абоненттеріне өз үйлерінен шықпай-ақ, жай ғана SMS жіберіп, қаражат аудара алады", - деп "ВымпелКом" ААҚ-ның ТМД-дағы жалпы нарықтық сауда бастығы Дмитрий Григорьев айтып кетті.
"Үлкен, көпұлтты "Билайн" отбасы абоненттеріміздің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Біз Beeline-ның қазақстандық пайдаланушылары осы артықшылықты Ресейдегі жақындары мен туысқандарынан өз мобильді телефондарының теңгеріміне қаражатты қабылдай отырып бірнеше рет бағалай алатынына ризамыз", - деп "КаР-Тел" ЖШС-ның қоғаммен байланыс қызмет жетекшісі Павел Родин түсінік береді.
Жоба "МОБИ.Деньги" ЖАҚ пен АКБ "Интеркоопбанк" (ААҚ) АКБ-ның серіктестігімен жүзеге асырылды.
Дерекнама: "КаР-Тел" ЖШС-і