Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
American Express және Қазкоммерцбанк American Express®-тің Blue атты жаңа несие карточкасын іске қосу туралы мәлімдеді

2010 ж., 15 маусым, Алматы - Қазкоммерцбанк American Express-тің әріптесі ретінде American Express-тің Blue атты жаңа несие карточкаларын шығару және оны Қазақстан нарығында алға жылжытуға кірісті. Бұл жөнінде Алматыда өткен жаңа өнімнің таныстырылымында мәлім болды.

American Express-тің Blue несие карточкасы қаржы қажеттіліктеріне ғана емес, сондай-ақ өмір стиліне сәйкес келетін карточка өніміне қызығушылық танытатын қазақстандық тұтынушылар кең буынының қажеттіліктерін ескере отырып жасалып отыр. Blue карталары жоғары деңгейлі қаржы еркіндігін қамтамасыз ете отырып, осы карточканың иелеріне қазақстандық нарық үшін бірегей болып табылатын келесі артықшылықтарды ұсынады: CASHBACK - барлық транзакциялар сомасының 1%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерін картаға қайтару, Go! ниеттестіктің бонустық бағдарламасы, футуристік дизайн, пайыссыз жеңілдік айы, сақтандыру бағдарламасы, Homebank интернет-банкингі және т.б.

Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасында Blue несие картасы іске қосылған алғашқы ел болмақ. Озық бағдарламалық өнімдердің және IT-инфрақұрылымының дамуы, эквайринг желісі секілді ақпараттық технологиялардың жоғары даму деңгейі жаңа картаның эмитенті ретінде Қазкоммерцбанкті таңдаудың негізгі өлшемі болып табылды.

"Қазақстан экономикасы жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарынан кейін енді ғана қалыпқа келуде. Сондықтан, жаңа карта өз қаражатын жарата білетін әрі санай білетін орташа қазақстандық үшін уақытында ұсынылған өнім болып табылады, - дейді Қазкоммерцбанктің Басқарушы директоры Ермек Шамұратов. - Жаңа несие картасы өзінің дизайнінен бастап, оның иесіне ұсынылатын пайдаға дейін барлық жағынан инновациялық өнім болып табылады".

American Express Blue футуристік дизайнға ие: голографиялық қондырмасы бар мөлдір пластик. Blue карталарының тазалығы мен мөлдірлігі нарықта қолжетімді несие карталарының арасында өзіндік нақышымен ерекшеленуге мүмкіндік береді. Қазіргі күні American Express компаниясы мөлдір таза карталарды өндіру үрдісімен байланысты бірқатар патенттердің иесі болып табылады.

"Қазкоммерцбанкпен бірге біз AmEx компаниясының әлемдегі белді өнімдерінің бірі болып табылатын Blue жаңа несие карталарының сатылымын бастаймыз. Бұл карта - ең талап етілетін карталардың бірі, оны толық сеніммен бестселлер деп атауға болады", - деп мәлімдеді American Express бизнесін дамыту бойынша вице-президенті Алекс Фербер.

Қазкоммерцбанк Қазақстан Республикасында American Express төлем карточкаларының айрықша эмитенті болып табылады. Қазкоммерцбанк шығаратын American Express карталары арқылы әлемнің 200-ден астам елдерінің бөлшектік желілерінде қызмет көрсетіліп, ал оның иелері көптеген әйгілі дүкендерде, мейрамханаларда, қонақ үйлерінде және өзге де сауда мен қызмет көрсететін кәсіпорындарда осы картаны қолдана алады.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы

16 маусым 2010 | Просмотров: 328 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар